Хадис

Риядус-салихин, № 248

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
30. Дәнекер болу жайында
Нөмірі
№ 248 (қазақша басылым реті)
248
Риядус-салихин, № 248Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاس فِى قِصَّةِ برِيرَةَ وَزَوْجِهَا، قَالَ: قَالَ لَهَا النَّبِيُّ ﷺ: «لَوْ رَاجَعْتِهِ؟» قَالَتْ: يَا رَسُولَ اللَّهِ تَأمُرُنِى؟ قَالَ: «إِنَّمَا أَشْفَع» قَالَتْ: لَا حَاجَةَ لِى فِيهِ

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) Бәрира есімді әйел мен күйеуі (Муғистің) қиссасын1 баяндап былай деген: «Пайғамбарымыз ﷺ Бәрираға: «Мүмкін (Муғиске) ораларсың?!» – деді. Бәрира: «Уа, Расулалла! Маған (күйеуіме оралуды) бұйырып тұрсыз ба?» – дегенде, Пайғамбарымыз: «Жоқ, тек араларыңда дәнекер болып тұрмын», – деді. Сонда Бәрира: «Олай болса, ол маған қажет емес», – деп айтты», – деген (Бұхари: 5273).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен ими обоими Аллах), рассказывая историю женщины по имени Барира и её мужа (Мугиса)1, сказал: «Пророк ﷺ спросил Бариру: “Может быть, ты вернёшься (к Мугису)?” Барира спросила: “О Посланник Аллаха! Вы приказываете мне (вернуться к мужу)?” Пророк ﷺ ответил: “Нет, я лишь выступаю посредником между вами”. Тогда Барира сказала: “В таком случае он мне не нужен”» (Аль-Бухари: 5273).

  1. 1Барира Айша анамыздың күңі болған, Айша анамыз оны құлдықтан азат еткенде, Пайғамбарымыз ﷺ оған әлі де құл болып жүрген күйеуі Муғиспен бірге ерлі-зайыпты боп қалуларын ұсынады, өйткені күйеуі Муғис оны қатты жақсы көретін еді, ал Барира болса күйеуін онша ұнатпайтын еді.
  1. 1Барира была рабыней Аиши, матери правоверных. Когда Аиша освободила её, Пророк ﷺ предложил ей сохранить брак с её мужем Мугисом, который всё ещё оставался рабом: он очень любил Бариру, тогда как она не испытывала к нему особой привязанности.