Хадис

Адамдардың арасын жарастыру

О примирении людей

Риядус-салихин, 31-тақырып · 4 хадис · № 249–252

Хадистер

«لَا خَيْرَ فِى كَثِيرٍ مِنْ نَجْوَاهُمْ إِلَّا مَنْ أَمَرَ بِصَدَقَةٍ أَوْ مَعْرُوفٍ أَوْ إِصْلاحٍ بَيْنَ النَّاسِ» «Олардың оңаша күңкілдескен құпия жиындарының көбінде қайыр жоқ. Алайда мұқтаждарға садақа беруді, ізгілікті, жақсылық жасауды және араздасқан адамдардың арасын жарастыруды бұйыратындардың оңаша кеңес құрғанының жөні бөлек…» («Ниса» сүресі, 114-аят).

«وَالصُّلْحُ خَيْرٌ» «…Өзара келісімге келіп жарасу – қайырлы іс…» («Нәса» сүресі, 128-аят).

«فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَصْلِحُوا ذَاتَ بَيْنِكُمْ» «…Аллаға қарсы келуден сақтаныңдар және арақатынастарыңды дұрыстаңдар…» («Әнфәл» сүресі, 1-аят).

«إِنَّمَا الْمُؤْمِنُونَ إِخْوَةٌ فَأَصْلِحُوا بَيْنَ أَخَوَيْكُمْ» «Расында, мүміндер – бір-біріне бауыр! Ендеше, бауырларыңның арасын жарастырыңдар…» («Хужурат» сүресі, 10-аят).

«Нет блага во многих их собраниях и тайных беседах, кроме лишь у тех из них, кто повелевает давать милостыню обездоленным, совершать благие дела или примирять поссорившихся людей» (сура «Ниса», 4:114).

«Ведь согласие – лучше» (сура «Ниса», 4:128).

«Посему остерегайтесь противиться воле Аллаха и улаживайте отношения между вами без промедления» (сура «Анфаль», 8:1).

«Воистину, верующие – друг другу братья. Посему примиряйте своих братьев» (сура «Худжурат», 49:10).

249
Риядус-салихин, № 249Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «كُلُّ سُلَامَى مِنَ النَّاسِ عَلَيْهِ صَدَقَةٌ، كُلَّ يَوْمٍ تَطْلُعُ فِيهِ الشَّمْسُ: تَعْدِلُ بَيْنَ الاثْنَينِ صَدَقَةٌ، وَتُعِينُ الرَّجُلَ فِى دَابَّتِهِ فَتَحْمِلُهُ عَلَيْهَا، أَوْ تَرْفَعُ لَهُ عَلَيْهَا مَتَاعَهُ صَدَقَةٌ، وَالكَلِمَةُ الطَّيِّبَةُ صَدَقَةٌ، وَبِكُلِّ خَطْوَةٍ تَمشِيهَا إِلَى الصَّلَاةِ صَدَقَةٌ، وَتُميطُ الْأَذى عَنِ الطَّرِيقِ صَدَقَةٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Күн шыққан әрбір күні адамға әр буыны үшін (шүкір ретінде) садақа беруі міндет болады. Екі адамның арасын түзеуің – садақа, кісіге көлігіне мінуге көмектесуің немесе бір затын көтеріп беруің – садақа, әрбір көркем сөз – садақа. Намазға ниеттеніп шыққандағы басқан әрбір қадамың – садақа және жолдан жайсыздық тудыратын затты алып тастауың да – садақа», – деп айтты», – деген (Бұхари: 2989; Муслим: 2335; Ахмад: 8183).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Каждый день с восходом солнца человек обязан давать садаку за каждый сустав своего тела (в знак благодарности). Примирить двоих – садака; помочь человеку сесть на его верховое животное или поднять его поклажу – садака; каждое доброе слово – садака; каждый шаг, сделанный тобой после выхода с намерением совершить намаз, – садака; убрать с дороги то, что причиняет неудобство, – тоже садака”» (Аль-Бухари: 2989; Муслим: 2335; Ахмад: 8183).

250
Риядус-салихин, № 250

عَنْ أمِّ كُلْثُوم بنت عُقْبَة بْنِ أَبِى مُعَيط، قَالَتْ: سمِعتُ رَسُول اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «لَيْسَ الْكَذَّابُ الَّذِى يُصْلِحُ بَيْنَ النَّاسِ فَيَنْمِى خَيرًا أَوْ يقُولُ خَيْرًا»

وَفِى رِوَايَة مسلم زيادة، قَالَتْ: وَلَمْ أسْمَعْهُ يُرْخِّصُ فِى شَيْءٍ مِمَّا يَقُولُهُ النَّاسُ إِلَّا فِى ثَلَاثٍ، تَعْنِى: الْحَرْبَ، وَالإِصْلَاحَ بَيْنَ النَّاسِ، وَحَدِيثَ الرَّجُلِ امْرَأَتَهُ، وَحَدِيثَ الْمَرْأَةِ زَوْجَهَا

Қазақша аудармасы

Үммі Кулсум бинт Уқба ибн Әбу Муғит (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Араз адамдарды жарастыру мақсатында жақсы сөзді жеткізген немесе айтқан адам өтірікші емес», – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари: 2692; Муслим: 6633; Ахмад: 27272).

Имам Муслимнің жеткізген хадисінде: «(Алла елшісінің) үш жағдайда: яғни, соғыста, (ренжісіп қалған) араз адамдарды жарастыруда және ер адамның әйеліне немесе әйелдің күйеуіне айтатын сөзінде1 болмаса, адамдардың (өтірік) айтуына рұқсат еткенін естімеппін», – деген қосымша сөз айтылған. (Муслим: 1546)

Орысша аудармасы

Умм Кульсум бинт Укба ибн Абу Мугит (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Я слышала, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Не является лжецом тот, кто ради примирения поссорившихся людей передаёт им добрые слова или сам говорит их”» (Аль-Бухари: 2692; Муслим: 6633; Ахмад: 27272).

В хадисе, переданном имамом Муслимом, добавлено: «Я не слышала, чтобы (Посланник Аллаха) разрешал людям (лгать), кроме как в трёх случаях: во время войны, при примирении (поссорившихся) людей и в словах, сказанных мужем жене или женой мужу1» (Муслим: 1546).

  1. 1Яғни, ерлі-зайыптылардың отбасын сақтау, арақатынастарын дұрыстау мақсатында бір-біріне: «мен үшін сенен асқан сүйікті жан жоқ» немесе «сенен асқан сұлу жан жоқ», «маған дәл сен сияқты жақсы жар табылмас» дегендей әсіре мақтау сөздерді айтуына болады.
  1. 1То есть ради сохранения семьи и улучшения отношений супругам разрешено преувеличенно хвалить друг друга, говоря, например: «Для меня нет никого любимее тебя», «Нет никого красивее тебя», «Мне не найти лучшего супруга, чем ты».
251
Риядус-салихин, № 251Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: سَمِعَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ صَوْتَ خُصُومٍ بِالبَابِ عَاليةً أصْوَاتُهُمَا، وَإِذَا أَحَدُهُمَا يَسْتَوْضِعُ الآخَر وَيَسْتَرْفِقُهُ فِى شَيْءٍ، وَهُوَ يَقُولُ: واللَّه لَا أفْعَلُ، فَخَرجَ عَلَيْهِمَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «أيْنَ الْمُتَأَلِّى عَلَى اللَّهِ لَا يَفْعَلُ الْمَعْرُوفَ؟»، فَقَالَ: أَنَا يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَلَهُ أَيُّ ذَلِكَ أحَبَّ

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ есік алдында жанжалдасып, бір-біріне қатты дауыс көтерген екі кісінің дауысын естіді. Әлгілердің бірі екіншісінен қарызының бір бөлігін кешіп, сәл де болса жанашырлық танытуын сұрап жатыр екен. Ал екіншісі болса: «Аллаға серт! Олай істемеймін!» – деп көнбей жатқан көрінеді. Сонда Алла елшісі шығып, ол екеуіне: «(Бауырына) жақсылық жасамаймын деп, Алланың атымен ант ішіп жатқан кім?» – деді. Сонда әлгі сахаба: «Мен ғой, уа, Расулалла! Жарайды, қалағаны болсын, (кештім)», – деп айтты», – деген (Бұхари: 2705; Муслим: 3983).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) передала: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ услышал у двери голоса двух людей, громко споривших друг с другом. Один из них просил другого простить ему часть долга и проявить хотя бы немного сострадания. Другой же отказывался, говоря: “Клянусь Аллахом, я этого не сделаю!” Тогда Посланник Аллаха ﷺ вышел к ним и спросил: “Кто это клянётся именем Аллаха, что не сделает добра (своему брату)?” Тот сподвижник ответил: “Это я, о Посланник Аллаха! Хорошо, пусть будет так, как он хочет (я простил ему долг)”» (Аль-Бухари: 2705; Муслим: 3983).

252
Риядус-салихин, № 252

عَنْ أَبِى الْعباس سهل بْنِ سَعد الساعِدِيّ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بَلَغَهُ أَنَّ بَنِى عَمرو بْنِ عَوْفٍ كَانَ بَيْنَهُمْ شَرٌّ، فَخَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُصْلِحُ بَينَهُمْ فِى أُنَاس مَعَهُ، فَحُبِسَ رَسُول اللَّهِ ﷺ وَحَانَتِ الصَّلَاة، فَجَاءَ بِلالٌ إِلَى أَبِى بَكْر، فَقَالَ: يَا أَبا بَكْر، إِنَّ رَسُول اللَّهِ ﷺ قَدْ حُبِسَ وَحَانَتِ الصَّلَاةُ فَهَلْ لَكَ أَنْ تَؤُمَّ النَّاس؟ قَالَ: نَعَمْ، إِنْ شِئْتَ، فَأقَامَ بِلالٌ الصَّلَاةَ، وتَقَدَّمَ أَبُو بَكْرٍ فَكَبَّرَ وَكَبَّرَ النَّاسُ، وَجَاءَ رَسُول اللَّهِ ﷺ يَمشي فِى الصُّفُوفِ حَتَّى قَامَ فِى الصَّفِّ، فَأَخَذَ النَّاسُ فِى التَّصْفيقِ، وَكَانَ أَبُو بكرٍ لَا يَلْتَفِتُ فِى الصَّلَاةِ، فَلَمَّا أَكْثَرَ النَّاسُ فِى التَّصْفيقِ الْتَفَتَ، فإِذَا رَسُول اللَّهِ ﷺ فَأَشَارَ إِلَيْه رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَرَفَعَ أَبُو بَكْر يَدَهُ فَحَمِدَ اللَّهَ، وَرَجَعَ الْقَهْقَرَى وَرَاءهُ حَتَّى قَامَ فِى الصَّفِّ، فَتَقَدَّمَ رَسُول اللَّهِ ﷺ فَصَلَّى للنَّاسِ، فَلَمَّا فَرَغَ أقْبَلَ عَلَى النَّاسِ، فَقَالَ: «أيُّهَا النَّاسُ، مَا لَكُمْ حِينَ نَابَكُمْ شَيْءٌ فِى الصَّلَاةِ أَخَذْتُمْ فِى التَّصفيق؟! إِنَّمَا التَّصفيق للنِّساء. مَنْ نَابَهُ شَيْءٌ فِى صَلَاتِهِ فَلْيَقُلْ: سُبْحَانَ اللَّه، فَإِنَّهُ لَا يَسْمَعُهُ أَحَدٌ حِينَ يقُولُ: سُبْحَانَ اللَّه، إِلَّا الْتَفَتَ. يَا أَبَا بَكْر: مَا مَنَعَكَ أَنْ تُصَلِّى بالنَّاسِ حِينَ أشَرْتُ إِلَيْكَ؟»، فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ: مَا كَانَ يَنْبَغي لابْنِ أَبِى قُحَافَةَ أَنْ يُصَلِّى بالنَّاسِ بَيْنَ يَدَيْ رَسُول اللَّهِ ﷺ

Қазақша аудармасы

Әбу Аббас Сәһл ибн Сағд әс-Сағидиден (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісіне ﷺ Амр ибн Ауф әулетінің ішінде жанжал шыққаны жайлы хабар жетеді. Алла елшісі олардың арасын жарастыру үшін бір топ адаммен жолға шығады. (Алла елшісі бастаған арағайындар келгенде ол жақтағы ел-жұрт оларды қонақ қылып күтеді, сол себепті), Алла елшісі сол жерде біраз уақыт кідіріп қалады. Содан екінті намазының уақыты кіреді, сонда Біләл Әбу Бәкірге (р.а.) келіп: «Уа, Әбу Бәкір! Алла елшісі кідіріп жатыр, намаз уақыты кірді, жамағатқа имам боласыз ба?» – дейді. Әбу Бәкір (р.а.): «Мақұл, қаласаң болайын», – дейді. Біләл (азан шақырып) артынша қамат түсіреді. Әбу Бәкір (р.а.) имамдыққа шығып, тәкбір алып намазды бастайды, адамдар да тәкбір алып оған ұяды. Сол кезде Алла елшісі де жетіп, бірінші сапқа келіп тұрады. Сонда жамағат (Әбу Бәкірге білдіру мақсатында) шапалақтай бастайды. Әбу Бәкір (р.а.) (намазда тұрғанда) ешқайда бұрылып қарамайтын еді. Артындағы жамағат шапалақтауды үдете түскен соң бұрылып қараса, Алла елшісі тұр екен. Алла елшісі оған: «Орныңда тұра бер!» – деп ишарат қылады. Алайда Әбу Бәкір (р.а.) екі қолын жоғары көтеріп, Аллаға мадақ айтып, артқа қарай шегініп, бірінші сапқа тұрады. Алла елшісі алға өтіп, жамағатқа намаз қылдырады. Намаз оқып болған соң жамағатқа бұрылып: «Уа, жарандар! Сендерге не болды, намазда шапалақ соғып кеткендерің не?! Расында, шапалақтау әйелдерге тән. Кімде-кім намазда жөнсіз бір нәрсе байқаса, «Субханаллаһ» деп айтсын, өйткені кез келген адам «Субханаллаһ» дегенді естігенде, оған міндетті түрде бұрылып қарайды», – дейді. Сосын Әбу Бәкірге (р.а.): «Өзіңе тапжылма деп белгі бергенімде, неге жамағатқа намаз қылдыра бермедің?» – дейді. Сонда Әбу Бәкір (р.а.): «Алла елшісінің алдында намаз оқу Әбу Қухафаның ұлына лайықты емес!» – деп жауап берген (Бұхари: 1234; Муслим: 949; Ахмад: 22807).

Орысша аудармасы

Абу Аббас Сахль ибн Саад ас-Саиди (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланнику Аллаха ﷺ сообщили о ссоре, возникшей среди рода Амра ибн Ауфа. Посланник Аллаха ﷺ вместе с группой людей отправился туда, чтобы примирить враждующие стороны. (Когда посредники во главе с Посланником Аллаха ﷺ прибыли туда, местные жители приняли их как гостей.) Поэтому Посланник Аллаха ﷺ задержался там на некоторое время.

Тем временем наступило время послеполуденной молитвы. Тогда Билял подошёл к Абу Бакру (да будет доволен им Аллах) и сказал: «О Абу Бакр! Посланник Аллаха ﷺ задерживается, а время молитвы уже наступило. Не станешь ли ты имамом для собравшихся?» Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) ответил: «Хорошо, если хочешь, стану». Билял (возвестив азан) затем произнёс икамат. Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) вышел вперёд, чтобы возглавить молитву, произнёс такбир и начал молиться; люди также произнесли такбир и последовали за ним.

В это время прибыл Посланник Аллаха ﷺ и встал в первом ряду. Тогда люди (чтобы дать знать Абу Бакру) начали хлопать в ладони. Абу Бакр (во время молитвы) никогда не оборачивался. Однако, когда стоявшие позади него стали хлопать ещё сильнее, он обернулся и увидел Посланника Аллаха ﷺ. Посланник Аллаха ﷺ жестом велел ему: «Оставайся на своём месте!» Однако Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) поднял обе руки, воздал хвалу Аллаху, отступил назад и встал в первом ряду. Посланник Аллаха ﷺ вышел вперёд и возглавил общую молитву.

Закончив молитву, он повернулся к собравшимся и сказал: «О люди! Что с вами произошло? Почему вы стали хлопать в ладони во время молитвы?! Поистине, хлопать в ладони подобает женщинам. Если кто-либо заметит во время молитвы нечто неладное, пусть скажет: “Субханаллах”, ведь любой человек, услышав слова “Субханаллах”, непременно обернётся». Затем он спросил Абу Бакра (да будет доволен им Аллах): «Когда я знаком велел тебе оставаться на месте, почему ты не продолжил возглавлять общую молитву?» Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) ответил: «Сыну Абу Кухафы не подобает совершать молитву впереди Посланника Аллаха ﷺ!» (Аль-Бухари: 1234; Муслим: 949; Ахмад: 22807).