Хадис

Риядус-салихин, № 250

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
31. Адамдардың арасын жарастыру
Нөмірі
№ 250 (қазақша басылым реті)
250
Риядус-салихин, № 250

عَنْ أمِّ كُلْثُوم بنت عُقْبَة بْنِ أَبِى مُعَيط، قَالَتْ: سمِعتُ رَسُول اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «لَيْسَ الْكَذَّابُ الَّذِى يُصْلِحُ بَيْنَ النَّاسِ فَيَنْمِى خَيرًا أَوْ يقُولُ خَيْرًا»

وَفِى رِوَايَة مسلم زيادة، قَالَتْ: وَلَمْ أسْمَعْهُ يُرْخِّصُ فِى شَيْءٍ مِمَّا يَقُولُهُ النَّاسُ إِلَّا فِى ثَلَاثٍ، تَعْنِى: الْحَرْبَ، وَالإِصْلَاحَ بَيْنَ النَّاسِ، وَحَدِيثَ الرَّجُلِ امْرَأَتَهُ، وَحَدِيثَ الْمَرْأَةِ زَوْجَهَا

Қазақша аудармасы

Үммі Кулсум бинт Уқба ибн Әбу Муғит (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Араз адамдарды жарастыру мақсатында жақсы сөзді жеткізген немесе айтқан адам өтірікші емес», – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари: 2692; Муслим: 6633; Ахмад: 27272).

Имам Муслимнің жеткізген хадисінде: «(Алла елшісінің) үш жағдайда: яғни, соғыста, (ренжісіп қалған) араз адамдарды жарастыруда және ер адамның әйеліне немесе әйелдің күйеуіне айтатын сөзінде1 болмаса, адамдардың (өтірік) айтуына рұқсат еткенін естімеппін», – деген қосымша сөз айтылған. (Муслим: 1546)

Орысша аудармасы

Умм Кульсум бинт Укба ибн Абу Мугит (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Я слышала, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Не является лжецом тот, кто ради примирения поссорившихся людей передаёт им добрые слова или сам говорит их”» (Аль-Бухари: 2692; Муслим: 6633; Ахмад: 27272).

В хадисе, переданном имамом Муслимом, добавлено: «Я не слышала, чтобы (Посланник Аллаха) разрешал людям (лгать), кроме как в трёх случаях: во время войны, при примирении (поссорившихся) людей и в словах, сказанных мужем жене или женой мужу1» (Муслим: 1546).

  1. 1Яғни, ерлі-зайыптылардың отбасын сақтау, арақатынастарын дұрыстау мақсатында бір-біріне: «мен үшін сенен асқан сүйікті жан жоқ» немесе «сенен асқан сұлу жан жоқ», «маған дәл сен сияқты жақсы жар табылмас» дегендей әсіре мақтау сөздерді айтуына болады.
  1. 1То есть ради сохранения семьи и улучшения отношений супругам разрешено преувеличенно хвалить друг друга, говоря, например: «Для меня нет никого любимее тебя», «Нет никого красивее тебя», «Мне не найти лучшего супруга, чем ты».