Хадис

Мешітте жанжалдасу немесе басқа да мақсатта дауыс көтеріп сөйлеу жағымсыз іс

О нежелательности повышать голос в мечети во время споров или по другим причинам

Риядус-салихин, 310-тақырып · 5 хадис · № 1698–1702

Хадистер

1698
Риядус-салихин, № 1698Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّهُ سمعَ رسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ سَمِعَ رَجُلًا يَنْشُدُ ضَالَّةً فِى الْمَسْجِدِ فَلْيَقُلْ: لَا رَدَّها اللَّهُ عَلَيْكَ، فَإِنَّ الْمَسَاجِدَ لَمْ تُبْنَ لِهذَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің ﷺ: «Кімде-кім мешітте жоғалған нәрсесін іздеп, сұрастырып жүрген адамның дауысын естісе, оған: «Алла саған соны қайтармасын!» деп айтсын. Өйткені мешіттер жоқ іздеу үшін салынбаған», – деп айтқанын естіген екен (Муслим: 1260, Ахмад: 8588).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) рассказывал, что слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если кто-нибудь услышит в мечети голос человека, который разыскивает пропавшую вещь и расспрашивает о ней, пусть скажет ему: “Да не вернёт тебе её Аллах!” Ведь мечети построены не для поисков пропавших вещей» (Муслим: 1260; Ахмад: 8588).

1699
Риядус-салихин, № 1699Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، قَالَ: «إِذَا رَأَيْتُمْ مَنْ يَبِيعُ أَوْ يَبْتَاعُ فِى الْمَسْجِدِ، فَقُولُوا: لَا أرْبَحَ اللَّهُ تِجَارَتَكَ، وَإِذَا رَأَيْتُمْ مَنْ يَنْشُدُ ضَالَّةً فَقُولُوا: لَا رَدَّهَا اللَّه عَلَيْكَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Егер мешіттің ішінде бір нәрсе сатып немесе сатып алып жүрген адамды көрсеңдер, оған: «Алла Тағала саудаңа береке бермесін» деп айтыңдар. Сондай-ақ мешіттің ішінде жан-жағына дауыстап сұрау салып, жоқ іздеп жүргенді көрсеңдер, оған: «Алла Тағала саған іздегеніңді сол күйі таптырмасын» деп, теріс бата беріңдер», – деп айтты», – делінген (Тирмизи: 1321, Ибн Хиббан: 1650).

Орысша аудармасы

Передаётся от Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если увидите в мечети человека, который что-либо продаёт или покупает, скажите ему: “Да не дарует Аллах Всевышний благодати твоей торговле!” Если же увидите того, кто громко расспрашивает окружающих, разыскивая в мечети пропавшую вещь, обратитесь к Аллаху с такой мольбой против него: “Да не даст тебе Аллах Всевышний найти то, что ты ищешь!”» (Ат-Тирмизи: 1321; Ибн Хиббан: 1650).

1700
Риядус-салихин, № 1700Риуаят етуші: Бурайда (р.а.)

عَنْ بُرِيَدَةَ أَنَّ رَجُلًا نَشَدَ فِى الْمَسْجِدِ فَقَالَ: مَنْ دَعَا إِلَى الْجَمَلِ الْأَحْمَرِ؟ فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا وَجَدْتَ؛ إِنَّمَا بُنِيَتِ الْمَسَاجِدُ لِمَا بُنِيَتْ لَهُ»

Қазақша аудармасы

Бурайда (р.а.): «Бірде бір кісі мешітте жоғалған түйесін сұрастырып: «Менің қызыл түйемді көрген, білген бар ма?» деп дауыстады. Сонда Алла елшісі ﷺ: «Таппай қал! Мешіттер тек қана (Алланы еске алу, құлшылық қылу, білім үйрену сынды) белгілі мақсатта салынған», – деп айтты», – деген (Муслим: 1262, Ахмад: 23044).

Орысша аудармасы

Бурайда (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды один человек, разыскивая в мечети своего пропавшего верблюда, громко спросил: “Кто-нибудь видел моего красного верблюда или знает, где он?” Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Да не найдёшь ты его! Мечети построены лишь для определённых целей (таких как поминание Аллаха, поклонение Ему и приобретение знаний)”» (Муслим: 1262; Ахмад: 23044).

1701
Риядус-салихин, № 1701Риуаят етуші: Амр ибн Шұғайыб әкесі арқылы атасынан

عَنْ عَمْرُو بْنِ شعيب، عَنْ أبيه، عَنْ جدِّهِ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَهَى عَن الشِّراءِ والبَيْعِ فِى الْمَسْجِدِ، وَأَنْ تُنْشَدَ فِيهِ ضَالَّةٌ؛ أَوْ يُنْشَدَ فِيهِ شِعْرٌ

Қазақша аудармасы

Амр ибн Шұғайб әкесінен, әкесі атасынан жеткізген хадисте «Алла елшісі ﷺ мешітте сауда-саттық жасаудан, жоқ іздеуден және жыр-дастан оқудан1 тыйған болатын», – деп айтылған (Әбу Дәуіт: 332, Ахмад: 6676).

Орысша аудармасы

В хадисе, который Амр ибн Шуайб передал со слов своего отца, а тот – со слов своего деда, говорится: «Посланник Аллаха ﷺ запрещал заниматься торговлей в мечети, разыскивать там пропавшее и декламировать стихи и поэмы1» (Абу Дауд: 332; Ахмад: 6676).

  1. 1Мұнда мазмұнында дін, шариғат, ілім болмаған өлең, жыр-дастандар меңзелген. Ал дінді, діни құндылықтарды жырлайтын жырларға тыйым салынбайды.
  1. 1Здесь имеются в виду стихи и поэмы, в содержании которых нет религии, шариата и знания. На произведения, воспевающие религию и религиозные ценности, этот запрет не распространяется.
1702
Риядус-салихин, № 1702

عَنْ السائبِ بْنِ يزيد الصحابي قَالَ: كُنْتُ فِى الْمَسْجِدِ فَحَصَبَنِى رَجُلٌ، فَنَظَرْتُ فَإِذَا عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ فَقَالَ: اذْهَبْ فَأتِنِى بِهذَينِ، فَجِئْتُهُ بِهِمَا، فَقَالَ: مِنْ أيْنَ أَنْتُمَا؟ فَقَالَا: مِنْ أَهْلِ الطَّائِفِ، فَقَالَ: لَوْ كُنْتُمَا مِنْ أَهْلِ الْبَلَدِ، لأَوْجَعْتُكُمَا، تَرْفَعَانِ أصْوَاتَكُمَا فِى مَسْجِدِ رَسُولِ اللَّه ﷺ

Қазақша аудармасы

Сәиб ибн Язид (р.а.): «Бір күні мешітте отырғанымда, біреу маған қарай ұсақ тас лақтырды. Бұрылып қарасам, Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) екен. Ол маған: «Анау екеуін маған алып келші», – деп, екі адамды көрсетті. Мен әлгі екеуін оның алдына ертіп әкелдім. Сонда Омар (р.а.) олардан: «Қай жерден боласыңдар?» – деп сұрады. Олар: «Тайыф қаласынан», – деді. Сол кезде Омар (р.а.) екеуіне: «Егер жергілікті болғандарыңда Алла елшісінің ﷺ мешітінде дауыс көтергендерің үшін сазайларыңды берер едім», – деп айтты», – деген (Бұхари: 470).

Орысша аудармасы

Саиб ибн Язид (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды, когда я сидел в мечети, кто-то бросил в мою сторону маленький камешек. Обернувшись, я увидел Умара ибн аль-Хаттаба (да будет доволен им Аллах). Указав на двух мужчин, он сказал мне: “Приведи ко мне вон тех двоих”. Я привёл их к нему, и тогда Умар (да будет доволен им Аллах) спросил: “Откуда вы?” Они ответили: “Из города Таифа”. Тогда Умар сказал им: “Если бы вы были местными жителями, я непременно наказал бы вас за то, что вы повышали голоса в мечети Посланника Аллаха ﷺ”» (Аль-Бухари: 470).