Хадис

Риядус-салихин, № 1702

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
310. Мешітте жанжалдасу немесе басқа да мақсатта дауыс көтеріп сөйлеу жағымсыз іс
Нөмірі
№ 1702 (қазақша басылым реті)
1702
Риядус-салихин, № 1702

عَنْ السائبِ بْنِ يزيد الصحابي قَالَ: كُنْتُ فِى الْمَسْجِدِ فَحَصَبَنِى رَجُلٌ، فَنَظَرْتُ فَإِذَا عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ فَقَالَ: اذْهَبْ فَأتِنِى بِهذَينِ، فَجِئْتُهُ بِهِمَا، فَقَالَ: مِنْ أيْنَ أَنْتُمَا؟ فَقَالَا: مِنْ أَهْلِ الطَّائِفِ، فَقَالَ: لَوْ كُنْتُمَا مِنْ أَهْلِ الْبَلَدِ، لأَوْجَعْتُكُمَا، تَرْفَعَانِ أصْوَاتَكُمَا فِى مَسْجِدِ رَسُولِ اللَّه ﷺ

Қазақша аудармасы

Сәиб ибн Язид (р.а.): «Бір күні мешітте отырғанымда, біреу маған қарай ұсақ тас лақтырды. Бұрылып қарасам, Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) екен. Ол маған: «Анау екеуін маған алып келші», – деп, екі адамды көрсетті. Мен әлгі екеуін оның алдына ертіп әкелдім. Сонда Омар (р.а.) олардан: «Қай жерден боласыңдар?» – деп сұрады. Олар: «Тайыф қаласынан», – деді. Сол кезде Омар (р.а.) екеуіне: «Егер жергілікті болғандарыңда Алла елшісінің ﷺ мешітінде дауыс көтергендерің үшін сазайларыңды берер едім», – деп айтты», – деген (Бұхари: 470).

Орысша аудармасы

Саиб ибн Язид (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды, когда я сидел в мечети, кто-то бросил в мою сторону маленький камешек. Обернувшись, я увидел Умара ибн аль-Хаттаба (да будет доволен им Аллах). Указав на двух мужчин, он сказал мне: “Приведи ко мне вон тех двоих”. Я привёл их к нему, и тогда Умар (да будет доволен им Аллах) спросил: “Откуда вы?” Они ответили: “Из города Таифа”. Тогда Умар сказал им: “Если бы вы были местными жителями, я непременно наказал бы вас за то, что вы повышали голоса в мечети Посланника Аллаха ﷺ”» (Аль-Бухари: 470).