Хадис

Риядус-салихин, № 1706

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
311. Мешітке жағымсыз иіспен кірмеу
Нөмірі
№ 1706 (қазақша басылым реті)
1706
Риядус-салихин, № 1706Риуаят етуші: Омар (р.а.)

عَنْ عمر بْنِ الْخطاب أَنَّهُ خَطَبَ يَوْمَ الْجمْعَةِ فَقَالَ فِى خطبته: ثُمَّ إِنَّكُمْ أيُّهَا النَّاسُ تَأكُلُونَ شَجَرتَيْنِ مَا أَرَاهُمَا إِلَّا خَبِيثَتَيْن: الْبَصَلَ، وَالثُّومَ. لَقَدْ رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، إِذَا وَجدَ رِيحَهُمَا مِنَ الرَّجُلِ فِى الْمَسْجِدِ أَمَرَ بِهِ، فَأُخْرِجَ إِلَى الْبَقِيعِ، فَمَنْ أكَلَهُمَا، فَلْيُمِتْهُمَا طَبْخًا

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) бірде жұма күні құтба айтып, сол құтбасында былай деген: «Содан соң уа, жарандар! Сіздер екі өсімдік жейсіздер, ол екеуінің иісі өте жағымсыз деп білем. Ол – пияз бен сарымсақ. Кезінде Алла елшісі ﷺ мешітте біреуден сол екеуінің иісін сезгенде, оны «бақиғ» зираты жаққа қарай шығарып жіберуді тапсырғанын көрдім. Сондықтан да жейтін адам оларды пісіру арқылы иісін кетіріп жесін» (Муслим: 1258, Ахмад: 89).

Орысша аудармасы

Однажды Умар ибн аль-Хаттаб (да будет доволен им Аллах), произнося пятничную проповедь, сказал: «А затем, о люди! Вы употребляете в пищу два растения, запах которых я считаю крайне неприятным. Это лук и чеснок. Я видел, как Посланник Аллаха ﷺ, почувствовав в мечети исходящий от человека запах одного из них, велел вывести его в сторону кладбища аль-Баки. Поэтому тот, кто желает есть их, пусть сначала приготовит их так, чтобы устранить запах» (Муслим: 1258; Ахмад: 89).