Хадис

Жаратылыспен ант ішу жайында

О клятвах чем-либо сотворённым

Риядус-салихин, 314-тақырып · 5 хадис · № 1709–1713

Хадистер

1709
Риядус-салихин, № 1709Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى يَنْهَاكُمْ أَنْ تَحْلِفُوا بِآبائِكُمْ، فَمَنْ كَانَ حَالِفًا، فَلْيَحْلِفْ بِاللَّهِ، أَوْ لِيَصْمُتْ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Шынында, Алла Тағала ата-бабаларыңның атымен ант-су ішулеріңе тыйым салды. Кімде-кім ант ішсе, тек қана Алланың атымен ант ішсін немесе үндемесін», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 6108, Муслим: 4254, Ахмад: 5089).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Ибн Умаром (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ сказал: «Поистине, Аллах Всевышний запрещает вам клясться именами своих предков. Тот, кто желает поклясться, пусть клянётся только именем Аллаха или молчит» (Аль-Бухари: 6108; Муслим: 4254; Ахмад: 5089).

1710
Риядус-салихин, № 1710

عَنْ عَبْد الرَّحْمَان بْنِ سَمُرَةَ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَحْلِفُوا بِالطَّوَاغِى، وَلَا بِآبَائِكُمْ»

وَرُوِيَ فِى غير مسلم: «بِالطَّوَاغِيتِ» جَمعُ طَاغُوت، وَهُوَ الشَّيْطَانُ وَالصَّنَمُ

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Самура (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Пұттармен және ата-бабаларыңмен ант етпеңдер!» – деп айтты», – деген (Муслим: 4262, Ахмад: 20624).

Имам Муслимнің риуаятынан басқа риуаяттарда «тағұттармен ант етпеңдер» деп айтылған. Тағұт – пұт, шайтан және т.б. жалған құдайлар.

Орысша аудармасы

Абдуррахман ибн Самура (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Не клянитесь идолами и своими предками!”» (Муслим: 4262; Ахмад: 20624).

В других версиях, помимо версии имама Муслима, говорится: «Не клянитесь тагутами!» Тагут – это идол, шайтан и другие ложные божества.

1711
Риядус-салихин, № 1711Риуаят етуші: Бурайда (р.а.)

عَنْ بُرِيدَةَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ حَلَفَ بِالأمَانَةِ فَلَيْسَ مِنَّا»

Қазақша аудармасы

Бурайда (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Аманатпен (яғни парыз құлшылықтармен) ант еткен бізден емес (яғни біздің жолымызда емес)!» – деп айтқан (Әбу Дәуіт: 3253, Ахмад: 22980).

Орысша аудармасы

Бурайда (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Тот, кто клянётся аманатом (то есть обязательными видами поклонения), не из нас (то есть не следует нашему пути)!» (Абу Дауд: 3253; Ахмад: 22980).

1712
Риядус-салихин, № 1712Риуаят етуші: Бурайда (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ حَلَفَ فَقَالَ: إِنِّى بَرِيءٌ مِنَ الْإِسْلَامِ، فَإِنْ كَانَ كَاذِبًا، فَهُوَ كمَا قَالَ، وإِنْ كَانَ صَادِقًا، فَلَنْ يَرْجِعَ إِلَى الْإِسْلَامِ سَالِمًا»

Қазақша аудармасы

Бурәйда (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Исламнан ада болайын деп ант ішкен адам, егер ант ішкендегі айтқан сөзі өтірік болса, айтқанындай-ақ, Исламнан жұрдай болады. Ал егер ант еткендегі айтқан сөзі шын болса, содан кейін бәрібір де Исламға иман тұрғысынан сау-сәлемет күйде оралмайды», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 3258, Ахмад: 23006).

Орысша аудармасы

Бурайда (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Тот, кто поклянётся, сказав: ‘Да буду я непричастен к исламу’, и солжёт в своей клятве, станет таким, как сказал, – непричастным к исламу. Если же сказанное им окажется правдой, то и после этого он не вернётся к исламу с неповреждённой верой”» (Абу Дауд: 3258; Ахмад: 23006).

1713
Риядус-салихин, № 1713Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ أَنَّهُ سَمِعَ رَجُلًا يقُولُ: لَا وَالكَعْبَةِ، فَقَالَ ابنُ عُمَرَ: لَا تَحْلِفْ بَغَيْرِ اللَّهِ، فَإِنِّى سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، يَقُولُ: «مَنْ حَلَفَ بِغَيرِ اللَّهِ، فقد كَفَرَ أَوْ أَشْرَكَ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) бір кісінің: «Жоқ, Қағбамен ант етемін!» – деп айтқанын естіп, оған: «Алладан басқа еш нәрсемен ант етпе! Өйткені мен Алла елшісінің ﷺ: «Кімде-кім Алладан басқа нәрсемен ант етсе, сөзсіз, күпірлік қылады немесе Аллаға серік қосады!» – деп айтқанын естідім», – дейді (Тирмизи: 1535, Ахмад: 6071).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах), услышав, как один человек сказал: «Нет, клянусь Каабой!», обратился к нему: «Не клянись ничем, кроме Аллаха! Ведь я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Кто поклянётся чем-либо, кроме Аллаха, тот непременно впадёт в неверие или придаст Аллаху сотоварищей!”» (Ат-Тирмизи: 1535; Ахмад: 6071).