عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَنْ حَلَفَ عَلَى مَالِ امْرِئٍ مُسْلِمٍ بِغَيرِ حَقِّهِ، لَقِيَ اللَّهَ وَهُوَ عَلَيْهِ غَضْبَانُ» قَالَ: ثُمَّ قَرَأَ عَلَيْنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، مِصْدَاقَهُ مِنْ كِتَابِ اللَّه تَعَالَى: «إِنَّ الَّذِينَ يَشْتَرُونَ بِعَهْدِ اللَّهِ وَأَيْمَانِهِمْ ثَمَنًا قَلِيلًا» إِلَى آخِرِ الآيَةِ آل عمران: 77
Ибн Масғуд (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім мұсылман адамның дүние-мүлкіне қол сұғу үшін жалған ант ішетін болса, Алланың алдына барғанда, Алла оған ашулы болады», – деп айтқан. Ибн Масғуд (сөзін жалғастырып): «Содан соң Алла елшісі бізге құдіретті күшті Алланың кітабынан осы сөзін растайтын мына аятты оқыды: «Аллаға берген уәделерін және ішкен анттарын арзан бағаға сатып, болмашы пайда үшін бұзғандардың (сауап тұрғысынан) ақыретте алар ешбір нәсібі жоқ. Қиямет күні Алла олармен мүлдем тілдеспейді, оларға көз қиығын да салмайды және (күнәларынан) тазартпайды. Олар үшін (о дүниеде) жан төзгісіз азап бар», – деді (Бұхари: 2356, Муслим: 355, Ахмад: 3597).
Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Тот, кто даст ложную клятву, желая завладеть имуществом мусульманина, предстанет перед Аллахом, и Аллах будет разгневан на него».
Продолжая свой рассказ, Ибн Масуд сказал: «Затем Посланник Аллаха ﷺ прочитал нам из Книги Всемогущего Аллаха следующий аят, подтверждающий его слова: “Тем, кто продаёт данные Аллаху обещания и свои клятвы за ничтожную цену, нарушая их ради жалкой выгоды, не будет в Последней жизни никакой доли (в смысле награды). В День воскресения Аллах вовсе не заговорит с ними, даже не взглянет на них и не очистит их (от грехов). Им (в Последней жизни) уготовано мучительное наказание” (Коран, 3:77)» (Аль-Бухари: 2356; Муслим: 355; Ахмад: 3597).
Түсіндірме (қазақша)
Алланың Құранда және хадистерде келген «күлу», «риза болу», «ашулану» және «қаһарлану» сынды сифаттары жаратылыстардағыдай, соның ішінде адамдардың бойындағындай эмоциялық күйлерді (الانفعالات) білдірмейді. Өйткені Алла жаратылысқа ұқсамайды. Ғалымдарымыз Алланың Өзіне ғана тән болған мұндай сифаттарды – Зати сифат (صفات الذات) немесе Фиғли сифат (صفات الْفعل) деп түсіндірген. Мысалы Аллаға тән «риза болу» сифатын Зати сифат деп түсінсек, онда оның мағынасы Алланың пендесіне қандай да бір жақсылықты қалауы (إِرادة الْخير) дегенді білдіреді. Ал егер Фиғли сифат деп түсінсек, онда оның мағынасы Алланың пендесіне қандай да бір жақсылықты жасауы (إِيصال الْخير) дегенді білдіреді. Ал жаратылыстың бойында болса, бұлар әртүрлі, құбылмалы басы мен соңы болған, әралуан деңгейлері болған психо-эмоциялық күйлерді білдіреді.
Түсіндірме (орысша)
Такие упомянутые в Коране и хадисах сифаты Аллаха, как «смех», «довольство», «гнев» и «негодование», не обозначают эмоциональных состояний (الِانْفِعَالَاتُ), подобных тем, что свойственны творениям, в том числе людям. Ибо Аллах не подобен Своим творениям.
Наши учёные относили такие присущие лишь Аллаху сифаты либо к сущностным сифатам – зати-сифатам (صِفَاتُ الذَّاتِ), либо к сифатам действия – фиили-сифатам (صِفَاتُ الْفِعْلِ).
Например, если присущий Аллаху сифат «довольство» понимать как зати-сифат, это означает, что Аллах желает Своему рабу какого-либо блага (إِرَادَةُ الْخَيْرِ). Если же понимать его как фиили-сифат, это означает, что Аллах дарует Своему рабу какое-либо благо (إِيصَالُ الْخَيْرِ).
У творений же эти понятия обозначают различные, изменчивые психоэмоциональные состояния, имеющие начало и конец и проявляющиеся в разной степени.