Хадис

Риядус-салихин, № 255

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
32. Әлжуаз, пақыр әрі қарапайым мұсылмандардың артықшылығы жайында
Нөмірі
№ 255 (қазақша басылым реті)
255
Риядус-салихин, № 255Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «احْتَجَّتِ الْجَنَّةُ والنَّارُ، فَقَالَتِْ النَّارُ: فِيَّ الْجَبَّارُونَ وَالْمُتَكَبِّرُونَ. وَقَالتِ الْجَنَّةُ: فِيَّ ضُعَفَاءُ النَّاسِ وَمَسَاكِينُهُمْ، فَقَضَى اللَّهُ بَيْنَهُمَا: إِنَّكِ الْجَنَّةُ رَحْمَتِى أَرْحَمُ بِكِ مَنْ أشَاءُ، وَإِنَّكِ النَّارُ عَذَابِى أُعَذِّبُ بِكِ مَنْ أشَاءُ، وَلِكلَيْكُمَا عَلَيَّ مِلْؤُهَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худриден (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Жаннат пен тозақ бір-бірімен дауласып, тозақ: «Маған озбырлар мен өркөкірек тәкаппарлар кіреді», – десе, жаннат: «Маған адамдардың әлжуаздары мен пақыр-міскіндері ғана кіреді», – дейді. Сонда Алла екеуінің арасына үкім айтып: «Расында, уа, жаннат, сен Менің рақымымсың, сенімен қалағаныма мейірім танытамын. Расында уа, тозақ, сен Менің азабымсың, сенімен қалағанымды азаптаймын. Екеуіңді де Мен толтырамын!» – дейді», – деген (Муслим: 7176; Ахмад: 11754).

Орысша аудармасы

Абу Саид аль-Худри (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Рай и ад поспорили между собой. Ад сказал: “В меня войдут притеснители и надменные гордецы”, – а рай сказал: “В меня войдут лишь слабые и неимущие из людей”. Тогда Аллах рассудил их, сказав: “Воистину, о рай, ты – Моя милость, и посредством тебя Я милую кого пожелаю. Воистину, о ад, ты – Моё наказание, и посредством тебя Я подвергаю наказанию кого пожелаю. Я наполню вас обоих!”» (Муслим: 7176; Ахмад: 11754).