وَعَنْهُ: أَنَّ امْرَأَةً سَوْدَاءَ كَانَتْ تَقُمُّ الْمَسْجِدَ، أَوْ شَابًّا، فَفَقَدَهَا، أَوْ فَقَدَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَسَأَلَ عَنْهَا، أَوْ عَنْهُ، فَقَالُوا: مَاتَ. قَالَ: «أَفَلا كُنْتُمْ آذَنْتُمُونِى» فَكَأَنَّهُمْ صَغَّرُوا أمْرَهَا، أَوْ أمْرهُ، فَقَالَ: «دُلُّونِى عَلَى قَبْرِهِ» فَدَلُّوهُ فَصَلَّى عَلَيْهَا، ثُمَّ قَالَ: «إِنَّ هَذِهِ الْقُبُورَ مَمْلُوءةٌ ظُلْمَةً عَلَى أَهْلِهَا، وَإِنَّ اللَّهَ تَعَالَى. يُنَوِّرُهَا لَهُمْ بِصَلَاتِى عَلَيْهِمْ»
Әбу Һурайра (р.а.): «Бір кездері Алла елшісінің ﷺ мешітін қара нәсілді бір әйел (немесе жас жігіт) сыпырып, тазалап тұратын еді. Алла елшісі біраз уақыт әлгі әйелді (немесе жас жігітті) көрмеген соң, сахабаларынан оның қайда екенін сұрайды. Сахабалар: «Ол қайтыс болған еді», – дейді. Мұны естігенде Алла елшісі: «Маған неге естіртпедіңдер?!» – деп мұңаяды. Шындығында, сахабалар әлгі қызметшінің өліміне онша мән бермеген еді. Содан Алла елшісі: «Мені оның басына ертіп апарыңдар», – деп бұйырады. Сахабалар оны бейіт басына апарғанда, марқұмның қабірінің басында тұрып, жаназа намазын оқиды. Содан кейін: «Шынында, мына қабірлердің іші тастай қараңғы болады. Расында, Алла Тағала менің оқыған намазым арқылы олардың жатқан жерін жарық етіп, қабірлерін нұрға бөлейді», – деп айтты», – деген (Бұхари: 458; Муслим: 2215; Ахмад: 8634).
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «В своё время одна темнокожая женщина (или юноша) подметала и убирала мечеть Посланника Аллаха ﷺ. Когда Посланник Аллаха ﷺ некоторое время не видел эту женщину (или юношу), он спросил у сподвижников, где она (или он). Сподвижники ответили: “Она (или он) умерла (умер)”. Услышав это, Посланник Аллаха ﷺ с печалью воскликнул: “Почему вы не сообщили мне?!” В действительности сподвижники не придали особого значения смерти человека, убиравшего мечеть. Тогда Посланник Аллаха ﷺ велел: “Отведите меня к её (его) могиле”. Когда сподвижники отвели его к могиле, он встал у неё и совершил заупокойную молитву. Затем он сказал: “Поистине, внутри этих могил царит кромешная тьма. Воистину, Аллах Всевышний посредством совершённой мною молитвы озаряет места их упокоения и наполняет их могилы светом”» (Аль-Бухари: 458; Муслим: 2215; Ахмад: 8634).