عَنْ أسامة عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «قُمْتُ عَلَى بَابِ الْجَنَّةِ، فَإِذَا عَامَّةُ مَنْ دَخَلَهَا الْمَسَاكِينُ، وَأَصْحَابُ الْجَدِّ مَحْبُوسُونَ، غَيْرَ أَنَّ أَصْحَابَ النَّارِ قَدْ أُمِرَ بِهِمْ إِلَى النَّارِ. وَقُمْتُ عَلَى بَابِ النَّارِ فَإِذَا عَامَّةُ مَنْ دَخَلَهَا النِّسَاءُ»
Усама (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Жаннаттың қақпасының алдында тұрдым, сонда оған кіргендердің басым көпшілігі (дүниеде жоқшылық сынағына төзе білген) міскіндер болды. Ал байлық пен мол несібеге ие болғандар (есепке тартылу үшін) тұтылып жатты. Олардың арасынан (күпірліктері мен күнәлары себепті) азапқа лайық болғандарды жаһаннамға (тастауға) бұйрық берілді. Сондай-ақ тозақтың да қақпасының алдында тұрдым, сонда оған кіргендердің дені әйелдер болды», – деген (Бұхари: 5196; Муслим: 6937; Ахмад: 21782).
Усама (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Я стоял у врат рая и увидел, что большинство вошедших в него составляли бедняки (выдержавшие в земной жизни испытание нуждой). Обладатели же богатства и обильного удела были задержаны (для расчёта). Тех из них, кто (из-за своего неверия и грехов) заслуживал наказания, было велено (ввергнуть) в геенну. Я также стоял у врат ада и увидел, что большинство вошедших туда составляли женщины» (Аль-Бухари: 5196; Муслим: 6937; Ахмад: 21782).
Түсіндірме (қазақша)
Ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте: «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ: «Уа, әйелдер қауымы, садақа беріңдер және истиғфарды көп айтыңдар! Өйткені мен тозақтықтардың дені әйелдер болатынын көрдім», – дейді. Сол кезде сондағы әйелдерден бір ділмар әйел: «Уа, Расулалла, не себепті тозақылардың дені біз боламыз?» – деп сұрағанда, оған: «Өйткені сендер қарғысты көп айтасыңдар және жұбайларыңның жасаған жақсылықтарын жоққа шығарасыңдар», – деп айтқан, – делінген. Әйелдің жұйбайынан көрген бүкіл жақсылықтарын одан көрген бір-екі жамандыққа бола жоққа шығаруы дінде куфр ән-ниғмә (нығметке күпірлік қылу) деп аталады. Өйткені әйелдің күйеуінен көрген әрбір жақсылығы түптің-түбінде Алладан келген жақсылық екені сөзсіз. Олай болса, әйелдің бір сәттік сезімге беріліп, күйеуінен көрген жақсылықтарын жаппай жоққа шығаруы, түптің-түбінде Алланың өзіне күйеуі арқылы берген нығметтерін жоққа шығару деген сөз...
Түсіндірме (орысша)
в хадисе, переданном Ибн Умаром (да будет доволен ими обоими Аллах), говорится: «Однажды Пророк ﷺ сказал: “О женщины! Давайте садаку и чаще просите у Аллаха прощения! Ведь я увидел, что большинство обитателей ада составляют женщины”. Тогда одна красноречивая женщина из числа присутствовавших спросила: “О Посланник Аллаха! Почему именно мы составим большинство обитателей ада?” Он ответил: “Потому что вы часто произносите проклятия и отрицаете добро, сделанное вам вашими мужьями”».
Когда женщина из-за одного-двух дурных поступков со стороны мужа отрицает всё добро, которое видела от него, это в религии называется куфр ан-ни‘ма (неблагодарностью за дарованную милость). Ведь несомненно, что каждое благо, полученное женщиной от мужа, в конечном счёте является благом, ниспосланным Аллахом. Следовательно, когда женщина, поддавшись минутному порыву чувств, огульно отрицает всё добро, полученное от мужа, это в конечном счёте означает отрицание милостей, которыми Аллах наделил её через мужа…