Хадис

Мұсылманға «әй, кәпір» деп айтуға болмайтындығы жайында

О том, что нельзя говорить мусульманину: «Эй, неверный!»

Риядус-салихин, 326-тақырып · 2 хадис · № 1734–1735

Хадистер

1734
Риядус-салихин, № 1734Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا قَالَ الرَّجُلُ لأَخِيهِ: يَا كَافِرُ، فَقَدْ بَاءَ بِهَا أَحَدُهُمَا، فَإِنْ كانَ كَمَا قَالَ وَإِلَّا رَجَعَتْ عَلَيْهِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбір адам мұсылман бауырына «Ей, кәпір!» десе, бұл сөз міндетті түрде екеуінің біреуіне қайтады. Егер сөз естіген кісі шынымен кәпір болса, онда бұл тура айтылған сөз болмақ. Ал егер кәпір болмай шықса, онда айтылған сөз босқа кетпей, айтқан адамның өзіне қайтады, нәтижеде, сол адамның өзі кәпір болады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6104, Муслим: 215, Ахмад: 5035).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если кто-либо скажет своему брату-мусульманину: ‘Эй, неверный!’, эти слова непременно вернутся к одному из них. Если тот, кому они были сказаны, действительно является неверным, значит, это сказано верно. Если же он не окажется неверным, эти слова не исчезнут бесследно, а вернутся к тому, кто их произнёс, вследствие чего он сам станет неверным”» (Аль-Бухари: 6104; Муслим: 215; Ахмад: 5035).

1735
Риядус-салихин, № 1735Риуаят етуші: Әбу Зәрр (р.а.)

عَنْ أَبِى ذرٍّ: أَنَّهُ سَمِعَ رسُولَ اللَّهِ ﷺ، يَقُولُ: «مَنْ دَعَا رَجُلًا بالكُفْرِ، أَوْ قَالَ: عَدُوَّ اللَّهِ، وَلَيْسَ كَذَلِكَ إِلَّا حَارَ عَلَيْهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Зарр (р.а.) Алла елшісінің ﷺ: «Кімде-кім біреуге «әй, кәпір» десе немесе «әй, Алланың дұшпаны» деп айтса, әлгі адам ондай болмай шықса, айтқан сөзі өзіне қайтады», – деп айтқанын естіген екен (Муслим: 217, Ахмад: 21465).

Орысша аудармасы

Абу Зарр (да будет доволен им Аллах) слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если кто-нибудь скажет другому: “Эй, неверный!” или “Эй, враг Аллаха!”, а тот не окажется таковым, сказанное вернётся к нему самому» (Муслим: 217; Ахмад: 21465).