عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا قَالَ الرَّجُلُ لأَخِيهِ: يَا كَافِرُ، فَقَدْ بَاءَ بِهَا أَحَدُهُمَا، فَإِنْ كانَ كَمَا قَالَ وَإِلَّا رَجَعَتْ عَلَيْهِ»
Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбір адам мұсылман бауырына «Ей, кәпір!» десе, бұл сөз міндетті түрде екеуінің біреуіне қайтады. Егер сөз естіген кісі шынымен кәпір болса, онда бұл тура айтылған сөз болмақ. Ал егер кәпір болмай шықса, онда айтылған сөз босқа кетпей, айтқан адамның өзіне қайтады, нәтижеде, сол адамның өзі кәпір болады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6104, Муслим: 215, Ахмад: 5035).
Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если кто-либо скажет своему брату-мусульманину: ‘Эй, неверный!’, эти слова непременно вернутся к одному из них. Если тот, кому они были сказаны, действительно является неверным, значит, это сказано верно. Если же он не окажется неверным, эти слова не исчезнут бесследно, а вернутся к тому, кто их произнёс, вследствие чего он сам станет неверным”» (Аль-Бухари: 6104; Муслим: 215; Ахмад: 5035).