Хадис

Риядус-салихин, № 1733

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
325. Жауынның жаууына жұлдыздар мен аспан денелерінің әсері бар дегенге сенуге болмайтындығы жайында
Нөмірі
№ 1733 (қазақша басылым реті)
1733
Риядус-салихин, № 1733Риуаят етуші: Зәйд ибн Халид (р.а.)

عَنْ زيد بْنِ خالد قَالَ: صلَّى بنا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ صَلَاةَ الصُّبْحِ بِالحُدَيْبِيَّةِ فِى إِثْرِ سَمَاءٍ كَانَتْ مِنَ اللَّيْلِ، فَلَمَّا انْصَرَفَ أقْبَلَ عَلَى النَّاسِ، فَقَالَ: «هَلْ تَدْرُونَ مَاذَا قَالَ رَبُّكُمْ؟» قَالُوا: اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ. قَالَ: «قَالَ: أَصْبَحَ مِنْ عِبَادِى مُؤْمِنٌ بِى، وَكَافِرٌ، فَأَمَّا مَنْ قَالَ: مُطِرْنَا بِفَضْلِ اللَّهِ وَرَحْمَتِهِ، فَذَلِكَ مُؤْمِنٌ بِى كَافِرٌ بِالكَوْكَبِ، وأَما مَنْ قَالَ مُطِرْنَا بِنَوءِ كَذَا وَكَذَا، فَذَلِكَ كَافِرٌ بِى مُؤْمِنٌ بِالكَوْكَبِ»

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Халид (р.а.): «Алла елшісі ﷺ Худайбияда түнде жауған жауыннан кейін бізге имам болып таң намазын оқытқан еді. Намаздан кейін жамағатқа қарап: «Раббыларыңның не деп айтқанын білесіңдер ме?» – деп сұрады. Сахабалар: «Оны бізден көрі, Алла мен Оның елшісі жақсы біледі», – деп жауап берді. Сонда Расулалла Раббыларың: «Бүгін кейбір құлдарым Маған иман еткен күйде, ал кейбірі кәпір болып таң атырды. Кімде-кім: «Бізге Алланың рақымы мен мейірімінің арқасында жауын жауды», – десе, сол – Маған иман келтіріп, жұлдыздарға сенбеген пендем. Ал кімде-кім: «Бізге әлдеқандай бір жұлдыздың себепкерлігімен жауын жауды», – десе, сол – Маған иман етпей, жұлдыздарға иланған пенде», – деп айтты», – деген (Бұхари: 846, Муслим: 231, Ахмад: 17061).

Орысша аудармасы

Зайд ибн Халид (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды в Худайбии, после выпавшего ночью дождя, Посланник Аллаха ﷺ провёл для нас в качестве имама утренний намаз. Завершив намаз, он повернулся к собравшимся и спросил: “Знаете ли вы, что сказал ваш Господь?” Сподвижники ответили: “Аллах и Его Посланник знают это лучше нас”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Ваш Господь сказал: ‘Сегодня утром одни из Моих рабов встретили рассвет верующими в Меня, а другие – неверующими. Кто сказал, что дождь был дарован им по милости и милосердию Аллаха, тот верует в Меня и не верит во влияние звёзд. А кто сказал, что дождь выпал благодаря такой-то звезде, тот не верует в Меня, а верит во влияние звёзд’”» (Аль-Бухари: 846; Муслим: 231; Ахмад: 17061).