Хадис

Риядус-салихин, № 1740

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
328. Сөйлеу әдебі
Нөмірі
№ 1740 (қазақша басылым реті)
1740
Риядус-салихин, № 1740Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِر بْنِ عَبْدِ اللَّهِ أَنَّ رسُولَ اللَّه ﷺ قَالَ: «إِنَّ مِنْ أحَبِّكُمْ إِلَيَّ، وأقْرَبِكُمْ مِنِّى مَجْلِسًا يَوْمَ الْقِيَامَةِ، أحَاسِنكُمْ أَخْلَاقًَا، وإِنَّ أَبْغَضَكُمْ إِلَيَّ، وأبْعَدَكُمْ مِنِّى يَوْمَ الْقِيَامَةِ، الثَّرْثَارُونَ وَالْمُتَشَدِّقُونَ وَالْمُتَفَيْهِقُونَ»

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдуллаһ (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Расында, мен үшін ең сүйіктілерің әрі қиямет күні маған ең жақын болатындарың – мінез-құлқы ең көркем болғандар. Сондай-ақ мен үшін ең жеккөрініштілерің әрі қиямет күні менен ең алыс болатындарың – көп сөйлейтін мылжыңдар, ділмарсып аузын көпіртіп сөйлейтін лепірме мақтаншақтар және басынан сөз асырмайтын тәкаппар сөзшеңдер», – деп айтты», – делінген (Тирмизи: 1975, Ахмад: 6767).

Орысша аудармасы

Джабир ибн Абдуллах (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, самые любимые для меня из вас и самые близкие ко мне в День воскресения – обладающие наилучшим нравом. Самыми же ненавистными мне из вас и наиболее далёкими от меня в День воскресения будут многословные болтуны, напыщенные хвастуны, которые, мня себя красноречивыми ораторами, разглагольствуют с пеной у рта, и высокомерные говоруны, стремящиеся во что бы то ни стало оставить последнее слово за собой» (Ат-Тирмизи: 1975; Ахмад: 6767).