Хадис

Сауда-саттық әдебі

Этика торговли

Риядус-салихин, 355-тақырып · 6 хадис · № 1777–1782

Хадистер

1777
Риядус-салихин, № 1777Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس قَالَ: نهَى رسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ يَبيعَ حَاضِرٌ لِبَادٍ وإِنْ كانَ أخَاهُ لأَبِىهِ وَأُمِّهِ

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ шаһар тұрғынына қырдан келген қалашының сатуға әкелген дүниесін саудалауға тыйым салды. Тіпті қырдан келген адам оның бір әке-шешеден туған бауыры болса дағы», – деген (Бұхари: 2161, Муслим: 3829).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Анаса (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ запрещал городскому жителю продавать товар, привезённый на продажу человеком из сельской местности, даже если тот приходился ему родным братом по отцу и матери (Аль-Бухари: 2161; Муслим: 3829).

1778
Риядус-салихин, № 1778Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَتَلَقَّوُا السِّلَعَ حَتَّى يُهْبَطَ بِهَا إِلَى الْأَسْوَاقِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): Алла елшісі ﷺ: «Сауда-саттық заттарын базарларға түспей жатып, жолдан тосып (жаппай сатып) алушы болмаңдар», – деп айтты, – деген (Бұхари: 2165, Муслим: 3819).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Ибн Умара (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Не перехватывайте товары в пути (для их оптовой скупки), прежде чем они будут доставлены на рынки» (Аль-Бухари: 2165; Муслим: 3819).

1779
Риядус-салихин, № 1779Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاس، قَالَ: قَالَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَتَلَقَّوُا الرُّكْبَانَ، وَلَا يَبِعْ حَاضِرٌ لِبَادٍ» فَقَالَ لَهُ طَاووسٌ: مَا: لَا يَبيعُ حَاضِرٌ لِبَادٍ؟ قَالَ: لَا يَكُونُ لَهُ سِمْسَارًا

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «(Базарға сауда заттарын алып келген) керуенді жолдан тосып алмаңдар. Қалалық саудагер ауылдық өндірушінің затын сатпасын», – деп айтты», – деген. Сонда Тауыс одан (яғни Ибн Аббастан): «Қалалық саудагер ауылдық өндірушінің затын сатпасын» дегенді қалай түсінеміз?» – деп сұрағанда, Ибн Аббас (р.а.): «Оған делдал болмасын1 (деген мағынада)», – деп жауап берді (Бұхари: 2158, Муслим: 3825).

Орысша аудармасы

Сообщается, что Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Не перехватывайте в пути караваны (везущие товары на рынок). Пусть городской торговец не продаёт товар сельского производителя”». Тогда Таус спросил его (то есть Ибн Аббаса): «Как следует понимать слова: “Пусть городской торговец не продаёт товар сельского производителя”?» Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) ответил: «Пусть он не становится его посредником1» (то есть именно это подразумевается) (Аль-Бухари: 2158; Муслим: 3825).

  1. 1Яғни, қалалық саудагерлер ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер мен қалалық тұтынушылар арасында делдал болмасын деген мағынада.
  1. 1То есть городским торговцам не следует становиться посредниками между производителями сельскохозяйственной продукции и городскими покупателями.
1780
Риядус-салихин, № 1780Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ يَبِيعَ حَاضِرٌ لِبَادٍ، وَلَا تَنَاجَشُوا وَلَا يَبِيع الرَّجُلُ عَلَى بَيْعِ أخْيِهِ، وَلَا يَخْطُبُ عَلَى خِطْبَةِ أخِيهِ، وَلَا تَسْأَلُ الْمَرْأَةُ طَلَاقَ أُخْتِهَا لِتَكْفَأَ مَا فِى إِنائِهَا

وَفِى رِوَايَة قَالَ: نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنِ التَّلَقِّى، وَأَنْ يَبْتَاعَ الْمُهَاجِرُ لِلأعْرَابِيِّ، وَأَنْ تَشْتَرِطَ الْمَرْأَةُ طَلَاقَ أُخْتِهَا، وأَنْ يَسْتَامَ الرَّجُلُ على سَوْمِ أخِيهِ، وَنَهَى عَنِ النَّجْشِ والتَّصْرِيَةِ

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ қала тұрғыны болып табылатын адамға қырдан затын саудалай келген қалашыға делдал болуына тыйым салды. Сонымен қатар, Алла елшісі: «Тұтынушыларды әдейі қызықтыру үшін (сатушымен алдын-ала келісу арқылы) өздерің алмайтын затты ел-жұрттың көзінше алатындай болып бағасын көтермеңдер. Ешкім мұсылман бауырының саудасына араласып, біреумен жасасқан сауда-саттыққа қатысты келісімін бұзбасын. Ешкім мұсылман бауырының айттырып қойған қызына құда түспесін. Сондай-ақ ешбір әйел (әйел әрі мұсылман ретінде) әпкесі немесе сіңлісі болған басқа әйелдің ошағын ойрандау үшін күйеуімен ажырасуын талап етпесін», – деп айтты», – деген.

Басқа бір риуаятта: «Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісі: «Қалаға азық-түлік немесе басқа да дүниесін саудалау үшін әкеле жатқан керуенді қала сыртынан күтіп алуға, қала тұрғынына қыр адамының сатуға әкелген дүниесін саудалауға (яғни, оған делдал болуға), біреуге екінші әйел болып тұрмысқа шығатын қайсыбір әйелдің болашақ күйеуіне бірінші әйеліңмен ажырас деп шарт қоюына, қайсыбір адамның мұсылман бауырының саудасына килігіп, біреумен жасасқан сауда-саттық келісімін бұзуына, тұтынушыларды әдейі қызықтыру үшін айлаға басып, саудаға шығарылған заттың бағасын көтеруге және сатылатын малды алатын адамға сүтті етіп көрсету үшін саумай қоя тұруға қатаң тыйым салды», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 2140, Муслим: 3458, Ахмад: 7248).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ запретил горожанину выступать посредником при продаже товаров сельского жителя, прибывшего в город для торговли. Кроме того, Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Не повышайте на глазах у людей цену товара, который сами не собираетесь покупать, делая вид, будто намерены его приобрести, чтобы умышленно заинтересовать покупателей (предварительно договорившись об этом с продавцом). Пусть никто не вмешивается в сделку своего брата-мусульманина и не срывает заключённую им с другим человеком торговую договорённость. Пусть никто не сватается к женщине, к которой уже посватался его брат-мусульманин. Пусть также ни одна женщина не требует, чтобы другая женщина, являющаяся её сестрой (как женщина и мусульманка), развелась со своим мужем, желая разрушить её семейный очаг”».

В другой версии сообщается, что Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ строго запретил встречать за городом караваны, везущие в город продукты питания или иные товары для продажи; горожанину – продавать товары, привезённые сельским жителем (то есть выступать для него посредником); женщине, выходящей за мужчину второй женой, – ставить будущему мужу условие развестись с первой женой; кому-либо – вмешиваться в сделку своего брата-мусульманина и срывать заключённую им с другим человеком торговую договорённость; искусственно завышать цену выставленного на продажу товара, чтобы обманным путём заинтересовать покупателей; а также оставлять предназначенное для продажи животное недоенным, чтобы создать у покупателя впечатление, будто оно даёт много молока» (Аль-Бухари: 2140; Муслим: 3458; Ахмад: 7248).

1781
Риядус-салихин, № 1781Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ أَنَّ رسُولَ اللَّه ﷺ قَالَ: «لَا يَبِعْ بَعْضُكُمْ عَلَى بَيْعِ بَعْضٍ، وَلَا يَخْطُبْ عَلَى خِطْبَةِ أخِيهِ إِلَّا أَنْ يَأذَنَ لَهُ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Бір-біріңнің саудаларыңның үстінен сауда жасамаңдар! Сондай-ақ ешкім мұсылман бауыры құда түскен қызға құда түспесін! Ал егер бауыры (құдалығынан бас тартып) рұқсат етсе, оның жөні бөлек», – деп айтқан (Бұхари: 5142, Муслим: 3454, Ахмад: 4531).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Ибн Умара (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Не перебивайте сделки друг друга! И пусть никто не сватается к девушке, к которой уже посватался его брат-мусульманин! Однако если его брат (отказавшись от сватовства) разрешит ему, тогда это допускается» (Аль-Бухари: 5142; Муслим: 3454; Ахмад: 4531).

1782
Риядус-салихин, № 1782Риуаят етуші: Уқба ибн Амир (р.а.)

عَنْ عقبة بْنِ عامر أَنَّ رسُولَ اللَّه ﷺ قَالَ: «الْمُؤْمِنُ أَخُو الْمُؤْمِنِ، فَلَا يَحِلُّ لِمُؤْمِنٍ أَنْ يَبْتَاعَ عَلَى بَيْعِ أخِيهِ وَلَا يَخْطُبَ عَلَى خِطْبَةِ أخِيهِ حَتَّى يذَرَ»

Қазақша аудармасы

Уқба ибн Амирден (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Мүмін – мүміннің бауыры! Сондықтан да ешбір мүмінге бауырының саудасының үстінен сауда жасау адал болмайды. Сондай-ақ ешбір мүмінге бауыры құда түсіп қойған қызынан бас тартпайынша, оған құда түсу адал болмайды», – деп айтқан (Муслим: 3464).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Укбы ибн Амира (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Верующий – брат верующему! Поэтому ни одному верующему не дозволено перебивать сделку своего брата. И ни одному верующему не дозволено свататься к девушке, к которой уже посватался его брат, пока тот не откажется от своего сватовства» (Муслим: 3464).