Хадис

Мал-дүниені орынсыз жұмсап, рәсуа қылуға болмайтындығы жайында

О запрете безрассудно растрачивать имущество

Риядус-салихин, 356-тақырып · 2 хадис · № 1783–1784

Хадистер

1783
Риядус-салихин, № 1783Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى يَرْضَى لَكُمْ ثَلَاثًا، ويَكْرَهُ لَكُمْ ثَلَاثًا: فَيَرْضَى لَكُمْ أَنْ تَعْبُدُوهُ، وَلَا تُشْرِكُوا بِهِ شَيْئًا، وَأَنْ تَعْتَصِمُوا بِحَبْلِ اللَّهِ جَمِيعًا وَلَا تَفَرَّقُوا، وَيَكْرَهُ لَكُمْ: قِيلَ وَقَالَ، وَكَثْرَةَ السُّؤَالِ، وإِضَاعَةَ الْمَالِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Шынында, Алла Тағала сендердің үш түрлі істеріңе разы болып, одан өзге үш түрлі істеріңе разы болмайды. Аллаға құлшылық еткендеріңе, Оған ешкімді серік етіп қоспағандарыңа және Оның желісіне (дініне) мықтап жабысып, өзара бөлінбегендеріңе дән риза болады. Сондай-ақ өсек-аяңға үйір болғандарыңды, пайдасыз көп сұрақ қойғандарыңды және дүние-мүліктеріңді оңды-солды шашып, ысырап еткендеріңді ұнатпайды», – деп айтты», – деген (Муслим: 4481).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, Аллах Всевышний доволен тремя вашими делами и недоволен тремя другими. Он доволен тем, что вы поклоняетесь Ему, никого не приобщаете к Нему в сотоварищи, крепко держитесь за Его вервь (религию) и не разделяетесь между собой. И Он не любит, когда вы занимаетесь пересудами, задаёте множество бесполезных вопросов и безрассудно расточаете своё имущество» (Муслим: 4481).

1784
Риядус-салихин, № 1784

عَنْ ورَّادٍ كاتب الْمغيرة، قَالَ: أَمْلَى عَلَيَّ الْمُغِيرَةُ بْنُ شُعْبَةَ فِى كِتابٍ إِلَى مُعَاوِيَةَ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يَقُولُ فِى دُبُرِ كُلِّ صَلَاةٍ مَكْتُوبَةٍ: «لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ، وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ، اللَّهُمَّ لَا مَانِعَ لِمَا أَعْطَيْتَ، وَلَا مُعْطِيَ لِمَا مَنَعْتَ، وَلَا يَنْفَعُ ذَا الْجَدِّ مِنْكَ الْجَدُّ» وَكَتَبَ إِلَيْهِ أَنَّهُ كَانَ يَنْهَى عَنْ قِيلَ وَقَالَ، وَإِضَاعَةِ الْمَالِ، وَكَثْرَةِ السُّؤَالِ، وَكَانَ يَنْهَى عَنْ عُقُوقِ الْأُمَّهَاتِ، وَوَأْدِ الْبَنَاتِ، وَمَنْعٍ وَهَاتِ

Қазақша аудармасы

Мұғира ибн Шұғбаның хатшысы Уаррад: Мұғира өзінің Мұғауияға (р.а.) арнаған хатын маған былай жаздырған еді: «Пайғамбарымыз ﷺ әрбір парыз намазының артынша мына дұғаны айтатын еді: «Лә иләһә иллаллаһу уахдаһу лә шәрика ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хамду, уә һуә ‘ала кулли шәйин қадир! Аллаһуммә лә мани‘а лимә а‘тайтә, уә лә му‘тыя ли мә мәна‘тә, уә лә иәнфә‘у зәл-жадди минкәл-жәдду (Алладан басқа тәңір жоқ! Ол серігі жоқ жалғыз құдай! Бар билік пен бар мадақ бір Өзіне тиесілі! Ол барлық нәрсеге құдіретті! Уа, Алла! Өзіңнің бергеніңе тосқауыл болатын ешбір күш жоқ, сондай-ақ бермегеніңді беретін де ешбір күш жоқ. Ешбір байлық һәм билік иесіне Өзіңнің рақымың болмаса, байлығы да, билігі де еш пайда бермейді)». Сондай-ақ оған мынаны да жазған еді: «Алла елшісі ғайбат және өсек-аяң айтып сөз тасудан, мал-дүниені орынсыз жұмсап, рәсуа қылудан және пайдасыз көп сұрақ қоюдан тыятын еді, сондай-ақ аналарға бағынбай, қарсы келуден, қыз балаларды тірідей көмуден және міндеттерді орындамаудан һәм хақысыз нәрсені талап етуден тыятын еді» (Бұхари: 7692, Муслим: 1338, Ахмад: 18139).

Орысша аудармасы

Уаррад, писец Мугиры ибн Шубы, передал, что Мугира продиктовал ему письмо, адресованное Муавии (да будет доволен им Аллах), следующего содержания: «После каждого обязательного намаза Пророк ﷺ обычно произносил такую мольбу: “Ля иляха илляллаху вахдаху ля шарика ляху, ляхуль мульку ва ляхуль хамду, ва хува ʿаля кулли шайин кадир! Аллахумма, ля маниʿа ли ма аʿтайта, ва ля муʿтия ли ма манаʿта, ва ля янфаʿу заль джадди минкаль джадду” (Нет божества, кроме Аллаха! Он – единственный Бог, у Которого нет сотоварища! Ему одному принадлежат вся власть и вся хвала! Он властен над всякой вещью! О Аллах! Нет силы, способной воспрепятствовать тому, что Ты даровал, и нет силы, способной даровать то, чего Ты не даровал. Ни одному обладателю богатства и власти без Твоей милости не принесут пользы ни его богатство, ни его власть)».

Мугира также написал ему: «Посланник Аллаха запрещал злословить за спиной, разносить сплетни и пересуды, неразумно растрачивать имущество и задавать множество бесполезных вопросов. Он также запрещал ослушиваться матерей и противиться им, закапывать дочерей живыми, уклоняться от исполнения обязанностей и требовать то, на что человек не имеет права» (Аль-Бухари: 7692; Муслим: 1338; Ахмад: 18139).