Хадис

Риядус-салихин, № 1791

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
360. Адамды көзінше мақтау орынсыз іс
Нөмірі
№ 1791 (қазақша басылым реті)
1791
Риядус-салихин, № 1791Риуаят етуші: Әбу Бәкра (р.а.)

عَنْ أَبِى بكرة أَنَّ رَجُلًا ذُكِرَ عند النَّبِيِّ ﷺ فَأَثْنَى عَلَيْهِ رَجُلٌ خَيْرًا، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «وَيْحَكَ! قَطَعْتَ عُنُقَ صَاحِبِكَ» يَقُولُهُ مِرَارًا: «إِنْ كَانَ أَحَدُكُمْ مَادِحًا لَا مَحَالَةَ فَلْيَقُلْ: أحْسِبُ كَذَا وَكَذَا إِنْ كَانَ يَرَى أَنَّهُ كَذَلِكَ وَحَسِيبُهُ اللَّهُ، وَلَا يُزَكّى عَلَى اللَّهِ أَحَدٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкра (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздың ﷺ құзырында бір адам жайлы сөз болғанда, отырғандардың бірі әлгі адамды мақтай жөнелді. Сонда Алла елшісі оған бірнеше рет: «Әй байғұс-ау, бауырыңның желкесін үздің ғой!» – деді де, егер араларыңнан әлдебіреудің біреуді міндетті түрде мақтауы керек болса, әрі ол жайлы шынымен сондай жақсы пікірде болса: «Мен ол жайлы былай-былай ойлаймын» деп айтсын, (яғни, оны мақтағанда еш нәрсе кесіп айтпасын, өйткені оның шынында қандай адам екенін, қыр-сырын білуші бір Алла ғана). Сондықтан түбінде оны (яғни, мақталған адамды) есепке Алланың өзі тартады. Сол себепті, (пенделерінің жасырын-жария барлық істерін білетін) Алланың алдында ешкімді кесімді түрде ақтап, мақтауға болмайды», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6061, Муслим: 7501, Ахмад: 20422).

Орысша аудармасы

Сообщается, что Абу Бакра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды в присутствии Пророка ﷺ заговорили об одном человеке, и кто-то из сидевших принялся его восхвалять. Тогда Посланник Аллаха несколько раз повторил ему: “Горе тебе! Ты сломал шею своему брату!” Затем он сказал: “Если кому-либо из вас непременно придётся похвалить человека и он действительно такого хорошего мнения о нём, пусть скажет: ‘Я считаю его таким-то и таким-то’ (то есть, восхваляя человека, пусть не утверждает ничего категорично, ибо только Аллах знает, каков тот в действительности и что скрыто в нём). В конечном счёте Аллах Сам призовёт его (то есть восхваляемого человека) к отчёту. Поэтому перед Аллахом (Которому ведомы все явные и сокровенные деяния Его рабов) нельзя безоговорочно объявлять кого-либо безупречным и восхвалять его”» (Аль-Бухари: 6061; Муслим: 7501; Ахмад: 20422).