Хадис

Риядус-салихин, № 1793

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
361. Жұқпалы ауру тараған жерден шықпау және жұқпалы ауру жайлаған жерге бармау керектігі жайында
Нөмірі
№ 1793 (қазақша басылым реті)
1793
Риядус-салихин, № 1793Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاس: أَنَّ عمرَ بْنِ الْخطاب خرج إِلَى الشَّامِ حَتَّى إِذا كَانَ بسَرْغَ لَقِيَهُ أُمَرَاءُ الْأَجْنَادِ – أَبُو عُبَيْدَةَ بنُ الْجَرَّاحِ وأَصْحَابُهُ – فَأخْبَرُوهُ أَنَّ الْوَبَاءَ قَدْ وَقَعَ بِالشَّامِ. قَال ابْن عَبَّاس: فَقَالَ لِى عمر: ادْعُ لِى الْمُهَاجِرِينَ الْأَوَّلِينَ، فَدَعَوْتُهُمْ فَاسْتَشَارَهُمْ وَأخْبَرَهُمْ أَنَّ الْوَبَاءَ قَدْ وَقَعَ بالشَّامِ، فَاخْتَلَفُوا، فَقَالَ بَعْضُهُمْ: خَرَجْتَ لأَمْرٍ، وَلَا نَرَى أَنْ تَرْجِعَ عَنْهُ. وَقَالَ بَعضهم: مَعَكَ بَقِيَّةُ النَّاسِ وأَصْحَابُ رسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَلَا نَرَى أَنْ تُقْدِمَهُمْ عَلَى هَذَا الْوَبَاء. فَقَالَ: ارْتَفِعُوا عَنِّى. ثُمَّ قَالَ: ادْعُ لِى الْأَنْصَارَ، فَدَعَوْتُهُمْ، فَاسْتَشَارَهُمْ، فَسَلَكُوا سَبِيلَ الْمُهَاجِرِينَ، وَاخْتَلَفُوا كاخْتِلَافِهِمْ، فَقَالَ: ارْتَفِعُوا عَنِّى. ثُمَّ قَالَ: ادْعُ لِى مَنْ كَانَ هَاهُنَا مِنْ مَشْيَخَةِ قُرِيشٍ مِنْ مُهَاجِرَةِ الْفَتْحِ، فَدَعَوْتُهُمْ، فَلَمْ يَخْتَلِفْ عَلَيْهِ مِنْهُمْ رَجُلَانِ، فَقَالُوا: نَرَى أَنْ تَرْجِعَ بِالنَّاسِ، وَلَا تُقْدِمَهُمْ عَلَى هَذَا الْوَبَاءِ، فَنَادَى عُمَرُ فِى النَّاسِ: إِنِّى مُصَبحٌ عَلَى ظَهْرٍ، فَأَصْبِحُوا عليْهِ، فَقَالَ أَبُو عبيدة بْنِ الْجراح: أفِرارًا مِنْ قَدَرِ اللَّه؟ فَقَالَ عُمرُ: لو غَيْرُكَ قَالَهَا يَا أَبَا عبيدَةَ! – وَكَانَ عُمَرُ يَكْرَهُ خِلَافَهُ – نَعَمْ، نَفِرُّ مِنْ قَدَرِ اللَّهِ إِلَى قَدَرِ اللَّهِ، أَرَأَيْتَ لَو كَانَ لَكَ إِبِلٌ، فَهَبَطَتْ وَادِيًا لَهُ عُدْوَتَانِ، إِحْدَاهُمَا خَصْبَةٌ، وَالْأُخْرَى جَدْبَةٌ، أَلَيسَ إِنْ رَعَيْتَ الْخصْبَةَ رَعَيْتَهَا بِقَدَرِ اللَّهِ، وَإِنْ رَعَيْتَ الْجَدْبَةَ رَعَيْتَهَا بِقَدَرِ اللَّهِ؟ قَالَ: فَجَاءَ عَبْدُ الرَّحْمَانِ بنُ عَوفٍ، وَكَانَ مُتَغَيِّبًا فِى بَعْضِ حاجَتِهِ، فَقَالَ: إِنَّ عِنْدِى من هَذَا علمًا، سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِذَا سَمِعْتُمْ بِهِ بأَرْضٍ فَلَا تَقْدِمُوا عَلَيْهِ، وَإِذَا وَقَعَ بِأَرْضٍ وَأنْتُمْ بِهَا فَلَا تَخْرُجُوا فِرارًا مِنْهُ» فحمِدَ اللَّهَ تَعَالَى عمرُ وانصَرَفَ

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастан (р.а.) жеткен хадисте былай баяндалған: «Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) Шам жеріне сапарға шығып, Сарғ деген жерге жеткенде алдынан Шам аймағының басшылары – Әбу Убайда ибн әл-Жаррах және оның үзеңгілестері шығып, оған Шам жерін оба жайлағанын хабарлайды». Ибн Аббас (р.а.): Сонда Омар (р.а.) маған: «Алғашқы мұһажырларды шақыр», – деді. Мен оларды шақырып келдім. Омар (р.а.) оларға Шам жерін оба жайлағанын хабарлап, олармен кеңесті. Олар әртүрлі көзқарас айтып, кейбіреулері: «Сіз жорыққа шықтыңыз, сондықтан одан бас тартып, кері қайтпағаныңыз дұрыс», – десе, енді біреулері: «Жаныңызда біраз сахабалар, соның ішінде Алла елшісінің ﷺ хас сахабалары бар. Оларды мына оба жайлаған жерге апармағаныңыз дұрыс деп ойлаймыз», – деді. Омар (р.а.) оларға: «Құзырымнан тараңдар!» – деді де, содан соң: «Ансарларды шақыр», – деп бұйырды. Мен оларды шақырып келдім. Олармен де кеңесті, олар да мұһажырлардың жолын қуып, солар сияқты бір-біріне кереғар пікір айтты. Омар (р.а.) оларға да: «Құзырымнан тараңдар», – деді де, сосын: «Енді маған Мекке азат етілген жылы һижрет жасаған осындағы құрайыштың ақсақалдарын шақыр», – деп бұйырды. Мен оларды да шақырдым. Олардан бірде-бір адам оған қарсы пікір айтпай, барлығы бір ауыздан: «Адамдарды мына обаға апармай кері қайтқаныңыз дұрыс деп ойлаймыз»,– деді. Сонда Омар (р.а.) сондағы барлық адамдарға: «Мен таңертең кері қайту үшін атқа қонамын, сендер де солай істеңдер!» – деп жар салды. Сол кезде Әбу Убайда ибн әл-Жаррах (р.а.): «Алланың тағдырынан қашып барасыз ба?» – деді. Сонда Омар (р.а.) оған: «Уа, Әбу Убайда! Әттең, бұл сөзді сен емес, басқа біреу айтқанда ғой!» – деді де, (онымен пікір таластыруды хош көрмегендіктен): «Иә, біз Алланың тағдырынан Алланың тағдырына қашып барамыз. Өзің ойлап қарашы, егер сенің бір келе түйең болып, сол түйелерің бір қапталы шүйгінді, екінші қапталы қу тақыр болған сайға түссе, сен оларды шөбі шүйгін болған қапталға жайсаң да, қу тақыр болған қапталға жайсаң да Алланың тағдыры бойынша жайған болмайсың ба?!» – деді. Дәл сол кезде бір шаруаларымен кетіп, сол арада біраз уақыт болмаған Абдуррахман ибн Ауф (р.а.) келді де: «Менің бұған қатысты бір білгенім бар. Мен Алла елшісінің: «Егер бір жерді оба жайлағанын естісеңдер, ол жерге аттап баспаңдар. Ал егер оба өздерің тұрған жерден шықса, ол жерден қашып шықпаңдар!» деп айтқанын естіген едім», – деп айтты. Сонда Омар (р.а.) Аллаға мадақ пен шүкіршілік айтып, аттың басын кері бұрып жүріп кетті», – деген (Бұхари: 5729, Муслим: 5784, Ахмад: 1682).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Ибн Аббасом (да будет доволен им Аллах), повествуется: «Умар ибн аль-Хаттаб (да будет доволен им Аллах) отправился в Шам. Когда он достиг местности Сарг, навстречу ему вышли военачальники Шама – Абу Убайда ибн аль-Джаррах и его соратники – и сообщили, что в Шаме распространилась чума».

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) продолжил: «Тогда Умар (да будет доволен им Аллах) велел мне: “Позови первых мухаджиров”. Я позвал их. Умар сообщил им, что в Шаме распространилась чума, и стал с ними советоваться. Они высказали разные мнения. Одни сказали: “Вы выступили в поход, поэтому мы считаем, что вам не следует отказываться от начатого и возвращаться обратно”. Другие же сказали: “Рядом с вами находятся сподвижники, в том числе близкие сподвижники Посланника Аллаха ﷺ. Мы считаем, что вам не следует вести их в охваченную чумой местность”.

Умар (да будет доволен им Аллах) сказал им: “Ступайте!” Затем велел: “Позови ансаров”. Я позвал их. Он посоветовался и с ними, однако они, подобно мухаджирам, высказали противоречивые мнения. Умар (да будет доволен им Аллах) сказал им: “Ступайте!” Затем велел: “Теперь позови ко мне находящихся здесь старейшин курайшитов, совершивших хиджру в год освобождения Мекки”. Я позвал и их. Никто из них не высказал противоположного мнения, и все они единодушно сказали: “Мы считаем, что вам следует повернуть людей обратно и не вести их к этой чуме”.

Тогда Умар (да будет доволен им Аллах) объявил всем присутствовавшим: “Утром я сяду в седло и отправлюсь обратно. Поступите так же!” В этот момент Абу Убайда ибн аль-Джаррах (да будет доволен им Аллах) спросил: “Неужели вы бежите от предопределения Аллаха?” Умар (да будет доволен им Аллах) ответил: “О Абу Убайда! Если бы эти слова произнёс не ты, а кто-нибудь другой!” Затем (поскольку он не желал вступать с ним в спор) сказал: “Да, мы бежим от предопределения Аллаха к предопределению Аллаха. Подумай сам: если бы у тебя было стадо верблюдов и они спустились в долину, одна сторона которой покрыта сочной травой, а другая совершенно бесплодна, то, выпасая их на покрытой травой стороне, разве ты не пас бы их по предопределению Аллаха? И если бы ты стал пасти их на бесплодной стороне, разве это тоже не происходило бы по предопределению Аллаха?!”

Именно в этот момент вернулся Абдуррахман ибн Ауф (да будет доволен им Аллах), который отлучался по своим делам и некоторое время отсутствовал. Он сказал: “У меня есть знание по этому поводу. Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: ‘Если вы услышите, что в какой-либо местности распространилась чума, не ступайте туда. Если же чума начнётся там, где вы находитесь, не покидайте это место, спасаясь от неё бегством!’”

Тогда Умар (да будет доволен им Аллах) воздал Аллаху хвалу и благодарность, повернул коня обратно и отправился в путь» (Аль-Бухари: 5729; Муслим: 5784; Ахмад: 1682).