عَنْ الْمغيرة بْنِ شعبة قَالَ: ما سألَ أَحَدٌ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَن الدَّجَّالِ أَكْثَرَ مِمَّا سَأَلْتُهُ؛ وإِنَّهُ قَالَ لِى: «مَا يَضُرُّكَ» قُلْتُ: إِنَّهُمْ يَقُولُونَ: إِنَّ مَعَهُ جَبَلَ خُبْزٍ وَنَهَرَ مَاءٍ. قَالَ: «هُوَ أهْوَنُ عَلَى اللَّهِ مِنْ ذَلكَ»
әл-Мұғира ибн Шұғба (р.а.): «Алла елшісінен ﷺ Тажал жайлы менен көп сұраған ешкім жоқ. Бірде Алла елшісі маған: «Саған одан не зиян келеді деп уайымдайсың?» – деді. Сонда мен: «Кейбір кісілердің айтуынша оның жанында таудай нан мен өзен суындай мол су болады-мыс (сондай таңғажайып нәрселермен талай адамды азғырып, адастырады-мыс)»,1 – дегенімде, маған: «Ол сол нәрселерге қарамастан Алланың құзырында қор болып, қала береді2», – деп айтты», – деген (Бұхари: 7122, Муслим: 5624, Ахмад: 18155).
Мугира ибн Шуба (да будет доволен им Аллах) сказал: «Никто не расспрашивал Посланника Аллаха ﷺ о Даджале больше меня. Однажды Посланник Аллаха ﷺ спросил меня: “Какого вреда от него ты опасаешься?” Я ответил: “Некоторые люди утверждают, что при нём будет гора хлеба и вода, обильная, словно целая река (и будто такими необыкновенными явлениями он соблазнит и введёт в заблуждение множество людей)1”. Тогда он сказал мне: “Несмотря на всё это, пред Аллахом он всё равно останется ничтожным2”» (Аль-Бухари: 7122; Муслим: 5624; Ахмад: 18155).
- 1Алла Тағала Тажалға адамдарға сынақ болуы үшін небір таңғажайып істер істеуге мүмкіндік береді, бұл құбылыс дінде «истидраж» деп айталады.
- 2Өйткені Алла оған әлгіндей таңғажайып нәрселерді көрсетуге мүмкіндік бергенімен оған тек имансыздар мен сенімі солқылдақ болғандар ғана алданады, ал мүміндер оны және оның истидраждарын көргенде, нағыз Тажал екеніне одан сайын көздері жетіп, одан теріс айналады.
- 1Аллах Всевышний позволит Даджалю совершать необычайные деяния, чтобы испытать людей. В религии это явление называют «истидрадж».
- 2Хотя Аллах позволит ему показывать подобные необычайные явления, обманутся ими лишь неверующие и люди с непрочной верой. Верующие же, увидев его самого и его истидрадж, ещё больше убедятся в том, что перед ними настоящий Даджаль, и отвернутся от него.