Хадис

Риядус-салихин, № 1825

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
370. Әр алуан тақырыптардағы хадистер
Нөмірі
№ 1825 (қазақша басылым реті)
1825
Риядус-салихин, № 1825Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُُ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «يَتْرُكُونَ الْمَدِينَةَ عَلَى خَيْرِ مَا كَانَتْ، لَا يَغْشَاهَا إِلَّا الْعَوَافِى يُرِيد – عَوَافِى السِّبَاعِ والطَّيرِ – وَآخِرُ مَنْ يُحْشَرُ رَاعِيَانِ مِنْ مُزَيْنَةَ يُرِيدَانِ الْمَدِينَةَ يَنْعِقَانِ بِغَنَمِهِمَا فَيَجِدَانِهَا وُحُوشًا، حَتَّى إِذَا بَلَغَا ثَنِيَّةَ الْودَاعِ خَرَّا عَلَى وُجُوهِهِمَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Күндердің күнінде (яғни, қиямет күні таяғанда) адамдар Мәдинаны гүлденіп тұрған шағында қаңыратып тастап кетеді*. Мәдинаға жабайы аңдар мен құстардан өзге ешбір тірі жан аяқ баспайтын болады. Ол жерге ең соңғы болып әйт-шүлеп қойларын айдап Мәдинаға бет алатын Мүзәйна руынан шыққан қос бақташы бас сұғады. Олар Мәдинаға келгенде, қаланың қаңырап, жабайы аңдарға толып кеткенін көреді. Сөйтіп, екеуі «Сәниятул-Уәдағ» деген төбеге жеткенде, кенеттен ажал құшып, етпеттерінен жығылады», – деп айтқанын естідім», – деген. (Бұхари: 1874, Муслим: 3366, Ахмад: 7193).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Однажды (то есть когда приблизится Судный день) люди покинут Медину в пору её процветания и оставят город опустевшим. Ни одно живое существо, кроме диких зверей и птиц, больше не ступит на её землю.

Последними в Медину войдут два пастуха из племени Музайна. Покрикивая на своих овец, они будут гнать их в сторону города. Прибыв туда, пастухи увидят, что Медина опустела и наполнилась дикими зверями. Когда же они достигнут возвышенности Саният аль-Вада, то внезапно умрут и падут ничком”» (Аль-Бухари: 1874; Муслим: 3366; Ахмад: 7193).