Хадис

Риядус-салихин, № 1829

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
370. Әр алуан тақырыптардағы хадистер
Нөмірі
№ 1829 (қазақша басылым реті)
1829
Риядус-салихин, № 1829Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُُ أَنَّهُ سمعَ رسُول اللَّه ﷺ يَقُولُ: «كانت امْرَأَتَانِ مَعَهُمَا ابْنَاهُمَا، جَاءَ الذِّئْبُ فَذَهَبَ بابْنِ إِحْدَاهُمَا. فَقَالَتْ لِصَاحِبَتِهَا: إِنَّمَا ذَهَبَ بِابْنِكِ، وَقَالَتِْ الْأخرَى: إِنَّمَا ذَهَبَ بِابْنِكِ، فَتَحَاكَمَا إِلَى دَاوُدَ ﷺ فَقَضَى بِهِ لِلْكُبْرَى، فَخَرَجَتَا عَلَى سُلَيْمَانَ بْنِ دَاوُد ﷺ فَأَخْبَرَتَاهُ. فَقَالَ: ائْتُونِى بِالسِّكِّينِ أشُقُّهُ بَيْنَهُمَا. فَقَالَتِ الصُّغْرَى: لَا تَفْعَلْ! رَحِمَكَ اللَّهُ، هُوَ ابْنُهَا. فَقَضَى بِهِ للصُّغْرَى»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің ﷺ былай дегенін естіген екен: «Баяғыда әрқайсысының (бір-бірінен айнымайтын) кішкентай нәрестесі болған екі әйел болған екен, бірде бір қасқыр келіп, біреуінің нәрестесін алып кетеді. Сонда әлгі екі әйелдің біреуі екіншісіне: «Қасқыр сенің балаңды алып кетті», – дейді. Екінші әйел: «Жоқ, керісінше, сенің балаңды алып кетті», – деп екеуі дауласады. Сөйтіп екеуі Дәуіт (а.с.) пайғамбарға барып жүгінеді. Ол бала жасы үлкен әйелдікі деп үкім айтады. Содан екеуі Дәуіт (а.с.) пайғамбардың ұлы Сүлеймен (а.с.) пайғамбарға шығып, оған мән-жайды айтып, үкіміне жүгінеді. Сонда ол: «Маған пышақ әкеліңдер, екеуіне баланы ортасынан қақ бөліп берейін», – дейді. Сол кезде жас әйел: «Алла сізге мейірімін төксін, олай істемеңіз!» – дейді шырылдап. Сонда Сүлеймен пайғамбар (оның бойынан аналық мейірімді көрген соң) бала соған тиесілі деп, жас әйелдің пайдасына үкім шығарады» (Бұхари: 3427, Муслим: 4495).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В давние времена жили две женщины, у каждой из которых был маленький ребёнок (причём дети были неотличимы друг от друга). Однажды пришёл волк и унёс ребёнка одной из них. Тогда одна женщина сказала другой: “Волк унёс твоего ребёнка”. Вторая возразила: “Нет, напротив, он унёс твоего ребёнка”, – и между ними возник спор. Тогда обе женщины обратились за разрешением спора к пророку Дауду (мир ему), и он постановил отдать ребёнка старшей из них.

После этого они направились к сыну пророка Дауда (мир ему) – пророку Сулейману (мир ему), рассказали ему обо всём случившемся и попросили вынести решение. Он сказал: “Принесите мне нож, и я рассеку ребёнка пополам, чтобы отдать каждой из вас по половине”. Услышав это, молодая женщина в отчаянии воскликнула: “Да ниспошлёт вам Аллах Свою милость! Не делайте этого: это её ребёнок!” Тогда пророк Сулейман (мир ему), увидев в ней материнскую любовь, постановил, что ребёнок принадлежит ей, и вынес решение в пользу молодой женщины» (Аль-Бухари: 3427; Муслим: 4495).