عَنْ جَابِر قَالَ: كَانَ جِذْعٌ يَقُومُ إِلَيْهِ النَّبِيُّ ﷺ – يَعْنِى فِى الْخُطْبَةِ – فَلَمَّا وُضِعَ الْمِنْبَرُ سَمِعْنَا لِلجِذْعِ مِثْلَ صَوْتِ الْعِشَارِ، حَتَّى نَزَلَ النَّبِيُّ ﷺ، فَوضَعَ يَدَهُ عَلَيْهِ فَسَكَنَ وَفِى رِوَايَةٍ: فَلَمَّا كَانَ يَوْمُ الْجُمُعَةِ قَعَدَ النَّبِيُّ ﷺ عَلَى الْمِنْبَرِ، فَصَاحَتِ النَّخْلَةُ الَّتِى كَانَ يَخْطُبُ عِنْدَهَا حَتَّى كَادَتْ أَنْ تَنْشَقَّ
وَفِى رِوَايَة: فصَاحَتْ صِيَاحَ الصَّبيِّ، فَنَزَلَ النَّبِيُّ ﷺ، حَتَّى أَخَذَهَا فَضَمَّهَا إِلَيهِ، فَجَعَلَتْ تَئِنُّ أَنِينَ الصَّبي الَّذِى يُسَكَّتُ حَتَّى اسْتَقَرَّتْ، قَالَ: «بَكَتْ عَلَى مَا كَانَتْ تَسْمَعُ مِنَ الذَّكْرِ»
Жәбир (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ құтба айтқанда үстіне шығып тұратын ағаштың діңі болатын. Кейін мінбер қойылғанда әлгі ағаштың діңінен буаз түйенің боздаған дауысындай дауыс шыққанын естідік. Сонда Пайғамбарымыз мінберден түсіп, қолын әлгі діңнің үстіне қойғанында ол бірден тынышталып қалды», – деген.
Басқа бір риуаятта: «Жұма күні Пайғамбарымыз құтба оқу үшін мінберге шығып отырғанда, бұрындары қасында тұрып құтба айтып жүрген құрма ағашының діңі қақ жарылардай қатты дауыс шығарды», – делінген.
Тағы бір риуаятта: «Жас сәбидей дауыстап жылады. Сонда Пайғамбарымыз мінберден түсіп, оны құшағына алды. Содан бейне бір жұбатылған сәбидей біраз өксіп барып тынышталды. Пайғамбарымыз: «Бұл бұған дейін естіп келген өзінің үстінде айтылған зікірді аңсап жылады», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 928, 2095 және 3584).
Джабир (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «У Пророка ﷺ был ствол дерева, возле которого он стоял, когда произносил проповедь. Позднее, когда был установлен минбар, мы услышали, как этот ствол издал жалобный крик, подобный крику беременной верблюдицы. Тогда Пророк ﷺ сошёл с минбара и положил на него руку, после чего тот сразу же затих».
В другой версии говорится: «В пятницу, когда Пророк ﷺ поднялся на минбар и сел, чтобы произнести проповедь, ствол финиковой пальмы, возле которого он прежде стоял, произнося проповеди, издал такой громкий крик, что едва не раскололся».
Ещё в одной версии говорится: «Он громко заплакал, словно малое дитя. Тогда Пророк ﷺ сошёл с минбара и обнял его. После этого ствол ещё некоторое время всхлипывал, словно младенец, которого утешили, а затем затих. Пророк ﷺ сказал: “Он плакал, тоскуя по поминанию Аллаха, которое прежде слышал, когда его произносили, стоя возле него”» (Аль-Бухари: 928, 2095 и 3584).