Хадис

Риядус-салихин, № 1851

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
370. Әр алуан тақырыптардағы хадистер
Нөмірі
№ 1851 (қазақша басылым реті)
1851
Риядус-салихин, № 1851

عَنْ أُمِّ الْمُؤْمِنِينَ صَفِيَّةَ بنتِ حُيَيٍّ، قَالَتْ: كان النَّبِيُّ ﷺ مُعْتَكِفًا، فَأَتَيْتُهُ أزُورُهُ لَيْلًا، فَحَدَّثْتُهُ ثُمَّ قُمْتُ لأَنْقَلِبَ فَقَامَ مَعِى لِيَقْلِبَنِى، فَمَرَّ رَجُلَانِ مِنَ الْأنْصَارِ، فَلَمَّا رَأَيَا النَّبِيَّ ﷺ أسْرَعَا. فَقَالَ ﷺ: «عَلَى رِسْلِكُمَا، إِنَّهَا صَفِيَّةُ بِنْتُ حُيَيٍّ» فَقَالَا: سُبْحانَ اللَّهِ يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَقَالَ: «إِنَّ الشَّيْطَانَ يَجْرِى مِنَ ابْنِ آدَمَ مَجْرَى الدَّمِ، وَإِنِّى خَشِيْتُ أَنْ يَقْذِفَ فِى قُلُوبِكُمَا شَرًّا – أَوْ قَالَ: شَيْئًا»

Қазақша аудармасы

Мүміндердің анасы Сафия бинт Хуйәй (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ (Рамазан айының соңғы он күнінде) мешітте қонып, иғтикаф жасап жатқан еді. Бірде түн ішінде оның халін сұрау үшін мешітке бардым. Өзімен жолығып, біраз уақыт отырып сөйлестім де, үйге қайтпақшы болып орнымнан тұрдым. Ол да мені шығарып салу үшін орнынан түрегелді. Сөйтіп, бірге келе жатқанымызда, ансарлық екі кісі қасымыздан өтті. Олар Алла елшісін көріп, жүрістерін тездете түскен еді. Сонда Алла елшісі оларға: «Асықпай-ақ қойыңдар. Бұл – жұбайым Сафия бинт Хуйәй», – деді. Екеуі болса: «Субханаллаһ!» Уа, Расулалла! (Біз жаман ойдан аулақпыз)» – деді. Сонда Расулалла ﷺ оларға: «Шынында, шайтан адам баласының қан тамырына дейін кіріп, оған түрлі жаман ой салады, сондықтан мен шайтанның жүректеріңе жаман ой (немесе жаман нәрсе) салуынан қорықтым», – деп айтты», – деген (Бұхари: 3281, Муслим: 5679, Ахмад: 26863).

Орысша аудармасы

Мать правоверных Сафия бинт Хуяй (да будет доволен ею Аллах) передала: «Пророк ﷺ (в последние десять дней месяца рамадан) пребывал в мечети, совершая итикаф. Однажды ночью я пришла в мечеть навестить его. Я некоторое время посидела с ним и поговорила, а затем поднялась, чтобы вернуться домой. Он тоже встал, чтобы проводить меня. Когда мы шли вместе, мимо нас прошли двое ансаров. Увидев Посланника Аллаха ﷺ, они ускорили шаг. Тогда он сказал им: “Не спешите. Это моя жена Сафия бинт Хуяй”. Они воскликнули: “Субханаллах! О Посланник Аллаха! (Мы далеки от дурных мыслей)”.

Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал им: “Поистине, шайтан проникает в человека и распространяется по его телу, подобно крови, внушая ему различные дурные мысли. Поэтому я опасался, что шайтан заронит в ваши сердца дурную мысль (или нечто дурное)”» (Аль-Бухари: 3281; Муслим: 5679; Ахмад: 26863).