عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أيُّهَا النَّاسُ، إِنَّ اللَّهَ طَيِّبٌ لَا يَقْبَلُ إِلَّا طَيِّبًا، وإِنَّ اللَّهَ أَمَرَ الْمُؤْمِنِينَ بِمَا أَمَرَ بِهِ الْمُرْسَلِينَ. فَقَالَ تَعَالَى: «يَا أَيُّهَا الرُّسُلُ كُلُوا مِنَ الطَّيِّبَاتِ وَاعْمَلُوا صَالِحًا» [المؤمنون: 51]، وَقَالَ تَعَالَى: «يَا أيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا كُلُوا مِنْ طَيِّبَاتِ مَا رَزَقْنَاكُمْ» [البقرة: 172]. ثُمَّ ذَكَرَ الرَّجُلَ يُطِيلُ السَّفَرَ أشْعثَ أغْبَرَ يَمُدُّ يَدَيْهِ إِلَى السَّمَاءِ: يَا رَبِّ يَا رَبِّ، وَمَطْعَمُهُ حَرَامٌ، وَمَشْرَبُهُ حَرَامٌ، ومَلبسُهُ حرامٌ، وَغُذِّيَ بالْحَرَامِ، فَأَنَّى يُسْتَجَابُ لِذَلِكَ؟
Әбу Һурайра (р.а.): «Расулалла ﷺ: «Уа, адамдар! Шынында, Алла Тағала – күллі жамандық пен кемшілік атаулыдан пәк, сондықтан Ол таза әрі адал болғанды ғана қабыл алады. Расында, Алла Тағала пайғамбарларына бұйырғанды мүміндерге де бұйырды. Алла Тағала: «Әй, пайғамбарлар! Таза әрі адал болған ризықтан ішіп-жеңдер және игі іс істеңдер» – деп айтты. Сондай-ақ: «Әй, мүміндер! Сендерге берген ризық-несібенің таза әрі адал болғанын ғана жеңдер» – деп айтты», – деді. Сосын ұзақ жолдан арып-ашып, шашы мен сақалының ұйпа-тұйпасы шығып, үсті-басы шаң-тозаң болған күйде қолын көкке созып: «Уа, Раббым! Уа, Раббым!» – деп жалбарынған пенде жайлы айтты. Сөзінің соңында: «Оның ішкені, жегені, кигені харам болса, дұғасы қайдан қабыл болсын», – деп айтты», – деген (Муслим: 2346, Ахмад: 8348).
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «О люди! Поистине, Аллах Всевышний пречист от всякого зла и недостатка, поэтому Он принимает лишь чистое и дозволенное. Поистине, Аллах Всевышний повелел верующим то же, что повелел пророкам. Аллах Всевышний сказал: “О пророки! Вкушайте чистое и дозволенное из дарованного вам удела и совершайте благие дела” (сура “Муминун”, 23:51). Он также сказал: “О верующие! Вкушайте лишь чистое и дозволенное из удела, которым Мы наделили вас” (сура “Бакара”, 2:172)».
Затем он рассказал о человеке, изнурённом долгим путешествием, с растрёпанными волосами и бородой, с ног до головы покрытом пылью, который воздевает руки к небу и взывает: «О Господь мой! О Господь мой!» В завершение Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Но если его питьё, пища и одежда запретны и вскормлен он запретным, как же может быть принята его мольба?» (Муслим: 2346; Ахмад: 8348).