Хадис

Риядус-салихин, № 1856

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
370. Әр алуан тақырыптардағы хадистер
Нөмірі
№ 1856 (қазақша басылым реті)
1856
Риядус-салихин, № 1856Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: أَخَذَ رسُولُ اللَّهِ ﷺ بِيَدِى فَقَالَ: «خَلَقَ اللَّهُ التُّرْبَةَ يَوْمَ السَّبْتِ، وَخَلَقَ فِيهَا الْجِبَالَ يَوْمَ الْأَحَدِ، وَخَلَقَ الشَّجَرَ يَوْمَ الْإِثْنَينِ، وَخَلَقَ الْمَكْرُوهَ يَوْمَ الثُّلَاثَاءِ، وَخَلَقَ النُّورَ يَوْمَ الْأربِعَاءِ، وَبَثَّ فِيهَا الدَّوابَّ يَوْمَ الْخَمِيسِ، وَخَلَقَ آدَمَ ﷺ، بَعْدَ الْعَصْرِ مِنْ يَوْمِ الْجُمُعَةِ فِى آخِرِ الْخَلْقِ فِى آخِرِ سَاعَةٍ مِنَ النَّهَارِ فِيمَا بَيْنَ الْعَصْرِ إِلَى اللَّيْلِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ менің қолымнан ұстап тұрып, былай деді: «Алла жерді сенбі күні жаратты, ондағы тауларды жексенбі күні жаратты, ағаштарды дүйсенбі күні жаратты, жағымсыз нәрселерді сейсенбі күні жаратты, нұрды сәрсенбі күні жаратты. Жан-жануарларды жер бетіне бейсенбі күні жайып, таратты. Адамды (а.с.) жаратылыстың ең соңынан жұма күні екінтіден кейін, яғни күндіздің соңғы бөлігінде, екінті уақыты мен түннің арасында жаратты», – деген (Муслим: 7054, Ахмад: 8341).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ взял меня за руку и сказал: “Аллах создал земную почву в субботу, горы на ней – в воскресенье, деревья – в понедельник, неприятные вещи – во вторник, а свет – в среду. В четверг Он расселил животных по земле. Адама (мир ему) Аллах создал последним из всех творений – в пятницу после послеполуденной молитвы, то есть в последнюю часть дня, между временем послеполуденной молитвы и наступлением ночи”» (Муслим: 7054; Ахмад: 8341).