Хадис

Риядус-салихин, № 1862

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
370. Әр алуан тақырыптардағы хадистер
Нөмірі
№ 1862 (қазақша басылым реті)
1862
Риядус-салихин, № 1862Риуаят етуші: Уқба ибн Амир (р.а.)

عَنْ عُقْبَةَ بْنِ عامِرٍ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ خَرَجَ إِلَى قَتْلَى أُحُدٍ، فَصَلَّى عَلَيْهِمْ بَعْدَ ثَمَانِ سِنِينَ كَالمُوَدِّعِ لِلأَحْيَاءِ وَالْأَمْوَاتِ، ثُمَّ طَلَعَ إِلَى الْمِنْبَرِ، فَقَالَ: «إِنِّى بَيْنَ أيْدِيكُمْ فَرَطٌ وَأَنَا شَهِيدٌ عَلَيْكُمْ وإِنَّ مَوْعِدَكُمُ الْحَوْضُ، وإِنِّى لأَنْظُرُ إِلَيْهِ مِنْ مَقَامِى هَذَا، أَلَا وإِنِّى لَسْتُ أَخْشَى عَلَيْكُمْ أَنْ تُشْرِكُوا، وَلَكِنْ أخْشَى عَلَيْكُمُ الدُّنْيَا أَنْ تَنَافَسُوهَا» قَالَ: فَكَانَتْ آخِرَ نَظْرَةٍ نَظَرْتُهَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ.

وَفِى رِوَايَة: «وَلَكِنِّى أَخْشَى عَلَيْكُمُ الدُّنْيَا أَنْ تَنَافَسُوا فِيهَا، وَتَقْتَتِلُوا فَتَهْلِكُوا كَمَا هَلَكَ مَنْ كَانَ قَبْلَكُمْ». قَالَ عُقْبَةُ: فكانَ آخِرَ مَا رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَلَى الْمِنْبَرِ

وَفِى رِوَايَةٍ قَالَ: «إِنِّى فَرَطٌ لَكُمْ وَأَنَا شَهِيدٌ عَلَيْكُمْ وإِنِّى واللَّهِ لأَنْظُرُ إِلَى حَوْضِى الآنَ، وإِنِّى أُعْطِيتُ مَفَاتِيحَ خَزَائِنِ الْأَرْضِ، أَوْ مَفَاتِيحَ الْأَرْضِ، وإِنِّى واللَّهِ مَا أخَافُ عَلَيْكُمْ أَنْ تُشْرِكُوا بَعْدِى، وَلَكِنْ أَخَافُ عَلَيْكُمْ أَنْ تَنَافَسُوا فِيهَا»

Қазақша аудармасы

Уқба ибн Амир (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ Ухуд шейіттерін зиярат етуге шығып, тірілермен және өлгендермен қоштасқандай болып, арада сегіз жыл өткеннен кейін олар үшін дұға етті, содан кейін мінберге шығып, былай деді: «Мен сендерден бұрын кетем әрі сендерден бұрын Хауызға барам және сендерге (яғни, жақсы–жаман барлық істеріңе) куә боламын. Ендігі өздеріңмен жолығатын жеріміз Хауыз болады. Дәл қазір осы тұрған жерімнен сол Хауызды көріп тұрғандаймын. Мен енді сендер үшін Аллаға серік қосасыңдар деп қорықпаймын. Алайда дүниеге таласып, өзара бақталас боласыңдар ма деп қорқамын». Уқба: «Міне, сол менің Алла елшісін ең соңғы рет көруім болды», – деген (Бұхари: 4042, Муслим: 5976).

Имам Муслимде келген басқа бір риуаятта Пайғамбарымыз: «Алайда мен сендердің дүние үшін бір-біріңмен жарысып, бақталас болуларыңнан және бір-біріңмен соғысып, соның салдарынан өздеріңнен бұрынғы қауымдар сияқты құрып кетесіңдер ме деп қорқамын», – деген. Хадисті риуаят еткен Уқба (р.а.): «Міне, сол менің Алла елшісін мінберде ең соңғы рет көруім болды», – деген.

Имам Бұхариде келген басқа бір риуаятта Пайғамбарымыз: «Мен сендерден бұрын кетем әрі сендерден бұрын Хауызға барам және сендерге (яғни, жақсы-жаман барлық істеріңе) куә боламын. Алланың атымен ант етемін! Мен дәл қазір сол Хауызыма қарап тұрмын. Маған жердің бүкіл қазыналарының кілттері (немесе жердің кілттері) берілді. Алланың атымен ант етемін! Мен кеткеннен кейін Аллаға серік қосасыңдар деп қорықпаймын. Алайда сендердің дүние үшін бір-біріңмен жарысып, бақталас болуларыңнан қорқамын», – деген.

Орысша аудармасы

Укба ибн Амир (да будет доволен им Аллах) передал, что спустя восемь лет после битвы Посланник Аллаха ﷺ отправился посетить могилы шахидов Ухуда и вознёс за них мольбу, словно прощаясь с живыми и умершими. Затем он поднялся на минбар и сказал: «Я покину этот мир прежде вас, прежде вас приду к Хауду и буду свидетельствовать о вас (то есть обо всех ваших добрых и дурных делах). В следующий раз мы встретимся у Хауда. Я вижу этот Хауд прямо сейчас с того места, на котором стою. Я уже не боюсь, что вы станете придавать Аллаху сотоварищей. Однако я боюсь, что вы станете бороться за мирские блага и соперничать друг с другом». Укба сказал: «Именно тогда я видел Посланника Аллаха ﷺ в последний раз» (Аль-Бухари: 4042; Муслим: 5976).

В другой версии, приведённой имамом Муслимом, Пророк ﷺ сказал: «Однако я боюсь, что вы станете состязаться и соперничать друг с другом из-за мирских благ, сражаться друг с другом и в результате погибнете, подобно общинам, жившим до вас». Передавший этот хадис Укба (да будет доволен им Аллах) сказал: «Именно тогда я в последний раз видел Посланника Аллаха ﷺ на минбаре».

В другой версии, приведённой имамом аль-Бухари, Пророк ﷺ сказал: «Я покину этот мир прежде вас, прежде вас приду к Хауду и буду свидетельствовать о вас (то есть обо всех ваших добрых и дурных делах). Клянусь Аллахом! Я прямо сейчас смотрю на свой Хауд. Мне были дарованы ключи от всех сокровищ земли (или ключи земли). Клянусь Аллахом! Я не боюсь, что после моего ухода вы станете придавать Аллаху сотоварищей. Однако я боюсь, что вы станете состязаться и соперничать друг с другом из-за мирских благ».