Хадис

Риядус-салихин, № 1889

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
372. Жұмақтағы қисапсыз нығметтер мен ондағы ең үлкен нығмет – Алланың дидарын көру
Нөмірі
№ 1889 (қазақша басылым реті)
1889
Риядус-салихин, № 1889Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ أَهْلَ الْجَنَّةِ لَيَتَرَاءوْنَ أَهْلَ الْغُرَفِ مِن فَوْقِهِمْ كَمَا تَرَاءوْنَ الْكَوْكَبَ الدُّرِّيَّ الْغَابِرَ فِى الْأُفُق مِنَ الْمَشْرِقِ أَوْ الْمَغْرِبِ لِتَفَاضُلِ مَا بَيْنَهُمْ» قَالُوا: يَا رَسُول اللَّه؛ تِلْكَ مَنَازِلُ الْأنبياء لَا يَبْلُغُها غَيْرُهُمْ قَالَ: «بَلَى وَالَّذِى نَفْسِى بِيَدِهِ، رِجَالٌ آمَنُوا بِاللَّهِ وَصَدَّقُوا الْمُرْسَلِينَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағидтан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Жұмақтықтар араларындағы артықшылыққа байланысты өздерінен жоғарыда тұратын зәулім сарайлардың тұрғындарын, бейне бір, сендердің шығыс немесе батыс жақта жарқыраған алыс жұлдызды көріп, тамашалағандарыңдай ұзақтан қызықтайтын болады», – дегенде, сахабалар: «Уа, Расулалла! Аталмыш мекен өзге ешкім жете алмайтын пайғамбарлар тұрағы ма?» – деп сұрады. Сонда ол: «Әрине. Әйтсе де, жанымды уысында ұстаған Алланың атымен ант етейін! Сол мекенге жету бақыты Аллаға шынайы түрде иман етіп, Оның елшілерін растағандарға да нәсіп болады», – деп жауап берді» – делінген. (Бұхари: 3256, Муслим: 7144, Ахмад: 8471).

Орысша аудармасы

Абу Саид (да будет доволен им Аллах) передал: «Пророк ﷺ сказал: “Обитатели рая будут издалека любоваться жителями возвышающихся над ними величественных дворцов, подобно тому как вы смотрите на далёкую сияющую звезду на востоке или западе, – настолько будут различаться их степени”.

Сподвижники спросили: “О Посланник Аллаха! Неужели эти обители предназначены для пророков и никто другой не сможет их достичь?” Он ответил: “Нет! Клянусь Аллахом, в Чьей длани находится моя душа, счастья достичь этих обителей удостоятся и те, кто искренне уверовал в Аллаха и признал истинность Его посланников”» (Аль-Бухари: 3256; Муслим: 7144; Ахмад: 8471).