وَعَنْهُ قَالَ: شَهِدْتُ مِنَ النَّبِيّ ﷺ مَجْلِسًا وَصَفَ فِيهِ الْجَنَّةَ حَتَّى انْتَهَى، ثُمَّ قَالَ فِى آخِرِ حَدِيثِهِ: «فِيهَا مَا لَا عَينٌ رَأَتْ، وَلَا أُذُنٌ سَمِعَتْ، وَلَا خَطَرَ عَلى قَلْبِ بَشَرٍ» ثُمَّ قَرَأَ: «تَتَجَافَى جُنُوبُهُمْ عَنِ الْمَضَاجِعِ [إِلَى قوله تَعَالَى: «فَلَا تَعْلَمُ نَفْسٌ مَا أُخْفِيَ لَهُمْ مِنْ قُرَّةِ أَعْيُنٍ» السجدة: 16 – 17
Сәһл ибн Сағд (р.а.): «Бір күні Пайғамбарымыздың ﷺ жаннатты жан-жақты сипаттаған бір отырысында мен де болған едім. Сонда Пайғамбарымыз сөзінің соңында былай деген еді: «Онда көз көрмеген, құлақ естімеген және адам баласының «жүрегіне» де (ақыл-ойы мен қиялына) да кіріп-шықпаған нығметтер болады», – деді де, мына аятты оқыды: «Олар түн ішінде жылы төсектерін тәрк етіп, бір жағынан (Алланың) қаһарынан қорыққан, екінші жағынан шексіз мейірімінен үміт еткен күйде Раббыларына жалынып-жалбарынып дұға етеді. Сондай-ақ, өздеріне ризық-несібе ретінде берген нығметтеріміздің бір бөлігін ізгілік жолында жұмсайды. Дүниеде істеген игі істері үшін оларды (ақыретте) көзайым етіп, шаттыққа бөлейтін қандай құпия сый-сияпаттың, нендей тосын нығметтердің сақтаулы (жасырулы) екенін жан баласы білмейді» (Сәжде сүресі, 16-17-аят)», – деп айтқан (Муслим: 7135, Ахмад: 22826).
Сахль ибн Саад (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я присутствовал на собрании, во время которого Пророк ﷺ подробно и всесторонне описывал рай. В завершение своей речи он сказал: “Там будут блага, которых не видел глаз, о которых не слышало ухо и которые даже не возникали в человеческом ‘сердце’ (в его разуме и воображении)”.
Затем он прочитал следующие аяты: “Они среди ночи покидают свои тёплые ложа и с мольбой взывают к своему Господу, с одной стороны, страшась гнева (Аллаха), а с другой – надеясь на Его безграничную милость. Они также расходуют на благие дела часть тех благ, которыми Мы наделили их в качестве пропитания. Ни одна душа не знает, какие сокровенные дары и неожиданные блага, радующие их взоры и наполняющие их счастьем (в мире вечном), хранятся (сокрыты) для них в награду за добрые деяния, совершённые ими в этом мире” (сура “Ас‑Саджда”, 32:16–17)» (Муслим: 7135; Ахмад: 22826).