Хадис

Риядус-салихин, № 1898

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
372. Жұмақтағы қисапсыз нығметтер мен ондағы ең үлкен нығмет – Алланың дидарын көру
Нөмірі
№ 1898 (қазақша басылым реті)
1898
Риядус-салихин, № 1898Риуаят етуші: Суһайб (р.а.)

عَنْ صُهيب أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذا دَخَلَ أَهْلُ الْجَنَّةِ الْجَنَّةَ يَقُولُ اللَّهُ تَبَارَكَ وَتَعَالَى: تُرِيدُونَ شَيْئًا أَزيدُكُمْ؟ فَيقُولُونَ: ألَمْ تُبَيِّضْ وُجُوهَنَا؟ ألَمْ تُدْخِلْنَا الْجَنَّةَ وَتُنَجِّنَا مِنَ النَّارِ؟ فَيَكْشِفُ الْحِجَابَ، فَمَا أُعْطُوا شَيْئًا أَحَبَّ إِلَيْهِمْ مِنَ النَّظَرِ إِلَى رَبِّهِمْ»

Қазақша аудармасы

Суһайб (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Жаннаттықтар жаннатқа кіргеннен кейін Алла Табарака уә Тағала оларға: «Сендерге тағы да нығмет бергенімді қалайсыңдар ма?» – дейді. Олар: Онсыз да жүзімізді жарық етпедің бе? Бізді жаннатқа кіргізіп, тозақтан құтқармадың ба? (Бізге бұдан артық қандай нығмет керек?!)», – дейді. Сол кезде Алла Тағала пердені1 ашады. Сонда оларға берілген нығметтердің ең сүйіктісі Раббыларының Жамал-Дидарына қарау болады, олар үшін одан да сүйікті нығмет болмайды», – деген (Муслим: 449, Ахмад: 18935).

Орысша аудармасы

Сухайб (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «После того как обитатели рая войдут в рай, Аллах – Благословен Он и Всевышен – спросит их: “Хотите ли вы, чтобы Я даровал вам ещё какое-нибудь благо?” Они ответят: “Разве Ты уже не озарил наши лица светом? Разве Ты не ввёл нас в рай и не спас от ада? (Какое ещё благо может быть нам нужно?!)”

Тогда Аллах Всевышний откроет завесу1. И из всех дарованных им благ самым любимым для них станет созерцание прекрасного Лика своего Господа. Не будет для них блага желаннее этого» (Муслим: 449; Ахмад: 18935).

  1. 1Алланың Жамалын көруге кедергі боп тұрған нұрдан болған перделер
  1. 1Световые завесы, препятствующие лицезрению прекрасного Лика Аллаха.