Хадис

Риядус-салихин, № 58

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
4. Шыншылдық
Нөмірі
№ 58 (қазақша басылым реті)
58
Риядус-салихин, № 58Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرِيْرة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «غزا نَبِيٌّ مِنَ الْأَنْبِياءِ صلواتُ اللَّه وسلَامُهُ علَيهِمْ فَقَالَ لقوْمِهِ: لَا يتْبعْنِى رَجُلٌ ملَكَ بُضْعَ امْرَأَةٍ. وَهُوَ يُرِيدُ أَن يَبْنِيَ بِهَا وَلَمَّا يَبْنِ بِها، وَلَا أَحدٌ بنَى بيُوتًا لَمْ يرفَع سُقوفَهَا، وَلَا أَحَدٌ اشْتَرى غَنَمًا أَوْ خَلَفَاتٍ وهُو يَنْتَظرُ أوْلادَهَا. فَغزَا فَدنَا مِنَ الْقَرْيةِ صلاةَ الْعصْرِ أَوْ قَرِيبًا مِنْ ذَلِكَ، فَقَال للشَّمس: إِنَّكِ مَأمُورةٌ وأَنا مأمُورٌ، اللهمَّ احْبسْهَا علَينا، فَحُبستْ حَتَّى فَتَحَ اللَّهُ عليْهِ، فَجَمَعَ الْغَنَائِم، فَجَاءَتْ يَعْنِى النَّارَ لتَأكُلهَا فَلَمْ تطْعمْهَا، فَقَالَ: إِنَّ فِيكُمْ غُلُولًا، فليبايعنِى منْ كُلِّ قبِيلَةٍ رجُلٌ، فلِزقتْ يدُ رَجُلٍ بِيدِهِ فَقَالَ: فِيكُم الْغُلولُ، فليبايعنِى قبيلَتُك، فلزقَتْ يدُ رجُليْنِ أَوْ ثَلَاثَةٍ بِيَدِهِ فَقَالَ: فِيكُمُ الْغُلُولُ، فَجاءوا برَأْسٍ مِثْلِ رَأْس بَقَرَةٍ مِنْ الذَّهبِ، فوضَعها فَجَاءَت النَّارُ فَأَكَلَتها، فلمْ تَحل الْغَنَائِمُ لأحدٍ قَبلَنَا، ثُمَّ أَحَلَّ اللَّهُ لَنا الْغَنَائِمَ لمَّا رأَى ضَعفَنَا وعجزنَا فأحلَّها لنَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Расулалла ﷺ: «Ертеректе бір пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жорыққа аттанарда қауымына: «Енді ғана үйленіп, бірақ алғашқы түнін некелі жарымен бірге өткізіп үлгермеген; үй салып, бірақ шатырын жауып үлгермеген; буаз қой немесе түйе сатып алып, солардың төлдетуін күтіп отырған адам маған ермей-ақ қойсын!» – деп жар салады. Сөйтіп, әлгі пайғамбар жасағымен жорыққа аттанады. Олар екінті намазының уақытында (немесе екінті намазына аз уақыт қала) бір елді мекенге келіп жетеді. Сонда қолбасшы пайғамбар күнге қарап: «Сен де, мен де (бір Алланың) әміріндеміз, – деді де, – уа, Алла Тағалам! Күннің батуын кешеуілдете тұрғайсың», – деп дұға жасайды. Содан Алла Тағала оны жеңіске жеткізгенше, күн батпайды. Соғыс аяқталған соң, ол түскен олжаның бәрін бір жерге жинатады. Жиналған олжаның түгін қалдырмай өртеу үшін көктен от түседі, бірақ өртеп, жалмамайды. Сол кезде қолбасшы пайғамбар әскеріне: «Араларыңда олжаға қол сұққандар бар. Әр рудан бір-бір адамнан шығып маған қол беріп, алдымда ант етсін!» – деп жар салады. Ант қабылдау рәсімі барысында бір адамның қолы пайғамбардың қолына жабысып қалады. Пайғамбар әлгі адамға: «Олжаға қол сұққан сендердің араларыңда. Бүкіл руыңмен келіп қолымды алып, алдымда ант етіңдер», – деп бұйырады. Бұл жолы екі немесе үш адамның қолы пайғамбар қолына жабысып қалады. Пайғамбар оларға: «Ұрланған дүние сендерде», – дейді. Олар сиырдың басына ұқсаған бір алтын басты алып келеді. Пайғамбар оны үйіліп жатқан олжаға қосады. Сол-ақ екен көктен бір от түсіп олжаның түгін қалдырмай жалмап, өртеп жібереді. Бізден бұрын ешбір пайғамбар мен қауымға соғыстан түскен олжа адал болмаған еді. Алла біздің әлсіз, қауқарсыз екенімізді білгендіктен, оны біз үшін адал қылды», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 3124; Муслим: 4555; Ахмад: 8238).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В прежние времена один пророк (да пребудут над ним благословение и мир Аллаха), собираясь выступить в поход, обратился к своему народу: “Пусть за мной не следует тот, кто только что женился, но ещё не успел провести первую ночь со своей законной супругой; тот, кто построил дом, но ещё не успел покрыть его крышей; и тот, кто купил беременных овец или верблюдиц и ожидает от них приплода!”

Затем этот пророк выступил в поход со своим войском. Они подошли к одному поселению ко времени послеполуденной молитвы или незадолго до неё. Тогда пророк, предводитель войска, взглянул на солнце и сказал: “И ты, и я подвластны одному Аллаху”, а затем воззвал: “О Аллах Всевышний! Задержи заход солнца!” И солнце не зашло до тех пор, пока Аллах Всевышний не даровал ему победу.

По завершении сражения пророк велел собрать всю военную добычу в одном месте. С неба сошёл огонь, чтобы сжечь её без остатка, однако не коснулся собранной добычи и не поглотил её. Тогда пророк объявил своему войску: “Среди вас есть те, кто присвоил часть добычи. Пусть от каждого рода выйдет по одному человеку, возьмёт меня за руку и принесёт мне клятву!” Когда они стали приносить клятву, рука одного из них прилипла к руке пророка. Тогда пророк сказал ему: “Тот, кто присвоил добычу, принадлежит к твоему роду. Приведи весь свой род, пусть они возьмут меня за руку и принесут мне клятву”. На этот раз к руке пророка прилипли руки двух или трёх человек. Пророк сказал им: “Похищенное находится у вас”. Тогда они принесли золотую голову, напоминавшую голову коровы. Пророк положил её к собранной в кучу добыче. И тотчас с неба сошёл огонь, который без остатка поглотил и сжёг всю добычу.

До нас военная добыча не была дозволена ни одному пророку и ни одной общине. Однако Аллах, зная о нашей слабости и немощи, сделал её дозволенной для нас» (Аль-Бухари: 3124; Муслим: 4555; Ахмад: 8238).