عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ دِينار، عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ: أَنَّ رَجُلًا مِنَ الْأعْرَابِ لَقِيَهُ بطَرِيق مَكَّةَ، فَسَلَّمَ عَلَيْهِ عبدُ اللَّه بْنُ عُمَرَ، وَحَمَلَهُ عَلَى حِمَارٍ كَانَ يَرْكَبُهُ، وَأعْطَاهُ عِمَامَةً كَانَتْ عَلَى رَأسِهِ، قَالَ ابنُ دِينَار: فَقُلْنَا لَهُ: أصْلَحَكَ اللَّه، إِنَّهُمُ الْأعرَابُ وَهُمْ يَرْضَوْنَ باليَسير، فَقَالَ عَبْد اللَّهِ بْنِ عمر: إِن أَبَا هَذَا كَانَ وُدًّا لِعُمَرَ بْنِ الْخطاب، وإِنِّى سَمِعتُ رَسُول اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ أبرَّ الْبِرِّ صِلَةُ الرَّجُلِ أَهْلَ وُدِّ أبِيهِ».
وَفِى رِوَايَة عَنِ ابْنِ دِينار، عَنِ ابْنِ عمر: أَنَّهُ كَانَ إِذَا خَرَجَ إِلَى مَكّةَ كَانَ لَهُ حِمَارٌ يَتَرَوَّحُ عَلَيْهِ إِذَا مَلَّ رُكُوبَ الرَّاحِلةِ، وَعِمَامَةٌ يَشُدُّ بِهَا رَأسَهُ، فَبيْنَا هُوَ يَوْمًا عَلَى ذَلِكَ الْحِمَارِ إِذْ مَرَّ بِهِ أعْرابيٌّ، فَقَالَ: ألَسْتَ فُلَانَ بْنَ فُلَان؟ قَالَ: بَلَى. فَأعْطَاهُ الْحِمَارَ، فَقَالَ: ارْكَبْ هَذَا، وَأعْطَاهُ الْعِمَامَةَ وَقَالَ: اشْدُدْ بِهَا رَأسَكَ، فَقَالَ لَهُ بعضُ أَصْحَابِهِ: غَفَرَ اللَّه لَكَ أعْطَيْتَ هَذَا الْأعْرَابيَّ حِمَارًا كُنْتَ تَرَوَّحُ عَلَيْهِ، وعِمَامةً كُنْتَ تَشُدُّ بِهَا رَأسَكَ؟ فَقَالَ: إِنِّى سَمِعتُ رَسُول اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ مِنْ أبَرِّ الْبِرِّ أَنْ يَصِلَ الرَّجُلُ أَهْلَ وُدِّ أبيهِ بَعْدَ أَنْ يُولِّيَ» وَإِنَّ أبَاهُ كَانَ صَديقًا لعُمَرَ
Қазақша аудармасы
Абдуллаһ ибн Динар (р.а.): «Бірде Абдуллаһ ибн Омар Меккеге барар жолда бір бәдәуиді жолықтырады. Абдуллаһ әлгі бәдәуиге сәлем беріп, астындағы есегіне мінгізіп, басындағы сәлдесіне дейін шешіп береді. Біз мұны Абдуллаһ ибн Омардың өз аузынан естігенде: «Алла Тағала сізді жарылқасын! Бұлар бәдәуилер ғой. Олар азын-аулақ сыйға да риза болады ғой», – дедік. Сонда Абдуллаһ ибн Омар: «Мұның әкесі менің әкем Омар ибн әл-Хаттабтың досы болған. Мен Алла елшісінің ﷺ: «Адамның ең үлкен жақсылығы – әкесінің жақсы көрген достарының отбасымен жақсы қарым-қатынаста болғаны», – деп айтқанын естіген едім», – деген (Муслим, бирр 11).
Ибн Динардың Ибн Омардан (р.а.) жеткізген тағы бір риуаятында ол: «Расында, Ибн Омардың (р.а.) Меккеге қарай жолға шыққанда түйеге мінуден жалыққанда мініп тынығатын есегі және басына байлайтын сәлдесі бар болатын. Бір күні ол сол есегіне мініп келе жатқанда, қасынан бір бәдәуи өтеді. Сонда ол одан: «Сен пәленшенің ұлы пәленше емессің бе?» – деп сұрайды. Бәдәуи: «Иә», – дегенде, Ибн Омар оған есегін беріп: «Мынаны мін», – дейді, сондай-ақ сәлдесін беріп: «Мынаны басыңа байлап жүр», – дейді. Сонда кейбір жолдастары оған: «Алла сені жарылқасын! Сен мына бәдәуиге өзің тынығу үшін мініп жүрген есекті және басыңа байлап жүрген сәлдені бере салдың ғой», – дегенде, ол: «Шынында мен Алла елшісінің: «Жақсылықтың ең игісі – кісінің әкесі қайтқаннан кейін әкесінің жақсы көрген адамдарының жақындарымен жақсы қарым-қатынаста болуы», – дегенін естігенмін», – дейді. Әлгі бәдәуидің әкесі Омардың (р.а.) досы болатын», – деген (Муслим: 6513,6514,6515; Ахмад: 5721).
Орысша аудармасы
Абдуллах ибн Динар (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды по дороге в Мекку Абдуллах ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) встретил одного бедуина. Он поприветствовал его, посадил на осла, на котором ехал сам, и даже снял с головы чалму и отдал её ему. Услышав об этом из уст самого Абдуллаха ибн Умара, мы сказали: “Да благословит вас Аллах! Ведь это бедуины, и они довольствуются даже небольшим подарком”. Тогда Абдуллах ибн Умар ответил: “Отец этого человека был другом моего отца, Умара ибн аль-Хаттаба. А я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: ‘Величайшая добродетель человека – поддерживать добрые отношения с семьями друзей, которых любил его отец’”» (Муслим: «Бирр», 11).
В другой версии, переданной Ибн Динаром со слов Ибн Умара (да будет доволен ими обоими Аллах), сообщается: «Поистине, отправляясь в Мекку, Ибн Умар брал с собой осла, на которого пересаживался, чтобы отдохнуть, когда уставал от езды на верблюде, а также чалму, которой повязывал голову. Однажды, когда он ехал верхом на этом осле, мимо него прошёл один бедуин. Ибн Умар спросил его: “Не ты ли такой-то, сын такого-то?” Бедуин ответил: “Да”. Тогда Ибн Умар отдал ему осла и сказал: “Садись на него”, – а затем отдал свою чалму со словами: “Повяжи её на голову и носи”. Некоторые из его спутников сказали: “Да благословит тебя Аллах! Ты отдал этому бедуину осла, на которого пересаживался, чтобы отдохнуть, и чалму, которой повязывал голову!” Он ответил: “Поистине, я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: ‘Лучшее из благодеяний – когда человек после смерти своего отца поддерживает добрые отношения с близкими тех, кого любил его отец’”. Отец того бедуина был другом Умара (да будет доволен им Аллах)» (Муслим: 6513, 6514, 6515; Ахмад: 5721).