Хадис

Ата-анаға бағынбау және туыстық қатынасты үзу ауыр күнә

О том, что неповиновение родителям и разрыв родственных связей относятся к тяжким грехам

Риядус-салихин, 41-тақырып · 5 хадис · № 337–341

Хадистер

«فَهَلْ عَسَيْتُمْ إِنْ تَوَلَّيْتُمْ أَنْ تُفْسِدُوا فِى الْأَرْضِ وَتُقَطِّعُوا أَرْحَامَكُمْ أُولَئِكَ الَّذِينَ لَعَنَهُمُ اللَّهُ فَأَصَمَّهُمْ وَأَعْمَى أَبْصَارَهُمْ» «Демек, қолдарына билік тие қалса және Алладан теріс айналсаңдар, жер бетінде бұзақылық жасап, араларыңдағы туыстық қатынасты үзбек екенсіңдер ғой?! Алла ондайларды рақымынан аластап, лағынеттеп, өздерін таскерең, көздерін көрмейтін көрсоқыр етіп қойды» («Мұхаммед» сүресі, 22, 23-аяттар).

«وَالَّذِينَ يَنْقُضُونَ عَهْدَ اللَّهِ مِنْ بَعْدِ مِيثَاقِهِ وَيَقْطَعُونَ مَا أَمَرَ اللَّهُ بِهِ أَنْ يُوصَلَ وَيُفْسِدُونَ فِى الْأَرْضِ أُولَئِكَ لَهُمُ اللَّعْنَةُ وَلَهُمْ سُوءُ الدَّارِ» «Ал Аллаға берген сертін бұзғандарға, Алла бұйырған қарым-қатынастарды үзіп, жер бетінде лаң салып, бүлік шығарғандарға лағынет және ең жаман мекен тозақ болмақ» («Рағыд» сүресі, 25-аят).

«وَقَضَى رَبُّكَ أَلاَّ تَعْبُدُوا إِلَّا إِيَّاهُ وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا إِمَّا يَبْلُغَنَّ عِنْدَكَ الْكِبَرَ أَحَدُهُمَا أَوْ كِلاهُمَا فَلَا تَقُلْ لَهُمَا أُفٍّ وَلا تَنْهَرْهُمَا وَقُلْ لَهُمَا قَوْلًا كَرِيمًا وَاخْفِضْ لَهُمَا جَنَاحَ الذُّلِّ مِنَ الرَّحْمَةِ وَقُلْ رَبِّ ارْحَمْهُمَا كَمَا رَبَّيَانِى صَغِيرًا» «Раббың бір Өзіне ғана құлшылық етуді, ата-анаға жақсылық жасауды үкім етті. Егер олардың біреуі немесе екеуі бірдей қолыңда қартайса, тіпті «түу» деп те кеюші болма, оларға зекіп ұрыспа! Керісінше, оларға жанға жағымды жылы сөз айт! Олардың алдында барынша мейірімді, мейлінше кішіпейіл әрі тіл алғыш бол! Олар үшін: «Уа, Раббым! Олар мені бала күнімде қалай мәпелеп өсірген болса, Өзің де оларды дәл солай мейіріміне бөлей көр!» – деп дұға ет» («Исра» сүресі, 23, 24-аят).

«Стало быть, вы отречетесь от своих слов, отвернетесь от Аллаха и будете бесчинствовать на земле и порывать родственные связи? Аллах проклял таких, сделал их уши глухими, не слышащими, а глаза слепыми, не видящими» (сура «Мухаммад», 47:22–23).

«Что до тех, кто нарушает завет с Аллахом после его заключения и разрывает то, что Аллах повелел поддерживать, и сеет беззаконие на земле, – то их воздаянием будет проклятие и для них – ужасное пристанище!» (сура «Ра‘д», 13:25).

«Твой Господь велел не поклоняться никому, кроме Него, и делать добро родителям. Если один из них или оба достигнут старости при тебе, то не смей даже говорить им – “Уф!” и не повышай голоса на них, а говори только добрые слова. И сложи перед ними крыло смирения из милосердия и молись за них: “О мой Господь! Смилуйся над ними так же, как они растили меня, когда я был ребенком!”» (сура «Исра», 17:23–24).

337
Риядус-салихин, № 337

عَنْ أَبِى بَكْرة نُفَيع بْنِ الْحارث قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «ألا أُنَبِّئُكُمْ بأكْبَرِ الْكَبَائِرِ؟» – ثَلَاثًا – قُلْنَا: بَلَى، يَا رَسُولَ اللَّهِ، قَالَ: «الإِشْرَاكُ بِاللَّه، وَعُقُوقُ الْوَالِدَيْنِ»، وكان مُتَّكِئًا فَجَلَسَ، فَقَالَ: «ألَا وَقَوْلُ الزُّورِ وَشَهَادَةُ الزُّورِ» فَمَا زَالَ يُكَرِّرُهَا حَتَّى قُلْنَا: لَيْتَهُ سَكَتَ

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкра (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Сендерге ең үлкен күнәлардың не екенін айтайын ба?» – дегенде: «Уа, Расулалла! Әрине, айтыңыз», – дедік. Сонда ол: «Аллаға серік қосу және ата-ананы құрметтемеу», – деді де, бір жамбасына қарай жартылай сүйеніп жатқан жерінен жиналып отырып: «Сондай-ақ, жалған сөз айту мен жалған куәлік ету», – деп, бір айтқанын бірнеше мәрте қайталағаны соншалық – (бұдан әрі көңілі түсіп, мұңаймаса екен деген оймен) «Шіркін, тынышталса екен» – дестік», – деп айтты (Бұхари: 5976; Муслим: 259; Ахмад: 20385).

Орысша аудармасы

Абу Бакра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ трижды спросил: “Рассказать ли вам, что относится к величайшим грехам?” Мы ответили: “Конечно, расскажи, о Посланник Аллаха!” Тогда он сказал: “Придавать Аллаху сотоварищей и не почитать родителей”. До этого он полулежал на боку, но тут выпрямился и добавил: “А также говорить ложь и давать ложные свидетельства”. Он повторил эти слова столько раз, что мы (опасаясь, как бы он не огорчился и не опечалился ещё сильнее) сказали: “Хоть бы он успокоился!”» (Аль-Бухари: 5976; Муслим: 259; Ахмад: 20385).

338
Риядус-салихин, № 338Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «الكَبَائِرُ: الْإِشْرَاكُ بِاللَّه، وَعُقُوقُ الْوَالِدَيْنِ، وَقَتْلُ النَّفْس، وَاليَمِينُ الْغَمُوسُ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Астан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Аллаға серік қосу, ата-анаға бағынбау, нақақтан кісі өлтіру және жалған ант ішу – үлкен күнә», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 6675; Ахмад: 6884).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абдуллаха ибн Амра ибн аль-Аса (да будет доволен ими обоими Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «К тяжким грехам относятся приобщение сотоварищей к Аллаху, неповиновение родителям, убийство человека не по праву и ложная клятва» (Аль-Бухари: 6675; Ахмад: 6884).

339
Риядус-салихин, № 339Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

وَعَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مِنَ الْكَبَائِر شَتْمُ الرَّجُل وَالِدَيهِ »، قَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَهَلْ يَشْتُمُ الرَّجُلُ وَالِدَيْهِ؟! قَالَ: «نَعَمْ، يَسُبُّ أَبَا الرَّجُلِ، فَيَسُبُّ أبَاه، وَيَسُبُّ أُمَّهُ، فَيَسُبُّ أُمَّهُ»

وَفِى رِوَايَة: «إِنَّ مِنْ أَكْبَرِ الْكَبَائِرِ أَنْ يَلْعَنَ الرَّجُلُ وَالِدَيْهِ!»، قِيلَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، كَيْفَ يَلْعَنُ الرَّجُلُ وَالِدَيهِ؟! قَالَ: «يَسُبُّ أَبَا الرَّجُلِ، فَيَسُبُّ أباهُ، وَيَسُبُّ أُمَّهُ، فَيَسُبُّ أُمَّهُ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.): «Бірде Расулалла ﷺ: «Адам баласының ата-анасына тіл тигізуі үлкен күнә», – деді. Сахабалар: «Уа, Расулалла! Адам баласы өз ата-анасына тіл тигізе ме?» – деп еді, Расулалла: «Әрине, біреудің әкесіне тіл тигізсе, ол да оның әкесіне тіл тигізеді. Сондай-ақ анасын балағаттаса, ол да оның анасын балағаттайды», – деп айтты» – деген (Муслим: 263; Ахмад: 6529).

Басқа бір хадисте: «Расында, кісінің ата-анасын лағынеттеуі үлкен күнә», – делінген. Сонда: «Уа, Расулалла! Кісі өз ата-анасын қалай лағынеттейді?!» – делінгенде: «Біреудің әкесіне тіл тигізеді, есесіне ол да оның әкесіне тіл тигізеді, сондай-ақ біреудің анасына тіл тигізеді, есесіне ол да оның анасына тіл тигізеді», – деп айтты. (Бұхари: 5973; Ахмад: 7029)

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Оскорбление человеком собственных родителей – тяжкий грех”. Сподвижники спросили: “О Посланник Аллаха! Разве человек может оскорбить собственных родителей?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Конечно. Он оскорбит отца другого человека, а тот в ответ оскорбит его отца. Он обругает мать другого человека, а тот в ответ обругает его мать”» (Муслим: 263; Ахмад: 6529).

В другом хадисе говорится: «Поистине, проклятие человеком собственных родителей – тяжкий грех». Его спросили: «О Посланник Аллаха! Как человек может проклясть собственных родителей?!» Он ответил: «Он оскорбит отца другого человека, а тот в ответ оскорбит его отца; он оскорбит мать другого человека, а тот в ответ оскорбит его мать» (Аль-Бухари: 5973; Ахмад: 7029).

340
Риядус-салихин, № 340

عَنْ أَبِى محمد جبيرِ بْنِ مطعم: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا يَدْخُلُ الْجَنَّةَ قَاطِعٌ» قَالَ سفيان فِى روايته: يَعْنِى: قَاطِع رَحِم

Қазақша аудармасы

Әбу Мұхаммед Жубәйр ибн Мутғим (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Қатынасты үзуші жаннатқа кірмейді», – деген. Суфиян ибн Уяйна өзінің риуаятында: «Яғни, туыстық қарым-қатынасты үзуші», – деді», – деген (Бұхари: 5984;Муслим: 652; Ахмад: 16732).

Орысша аудармасы

Абу Мухаммад Джубайр ибн Мутим (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Не войдёт в рай тот, кто разрывает отношения». Суфьян ибн Уяйна, передавая этот хадис, пояснил: «То есть тот, кто разрывает родственные связи» (Аль-Бухари: 5984; Муслим: 652; Ахмад: 16732).

341
Риядус-салихин, № 341

عَنْ أَبِى عيسى الْمغيرة بْنِ شعبة عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى حَرَّمَ عَلَيْكُمْ: عُقُوقَ الْأمَّهَاتِ، وَمَنْعًا وهاتِ، وَوَأْد الْبَنَاتِ، وكَرِهَ لَكُمْ: قِيلَ وَقَالَ، وَكَثْرَةَ السُّؤَالِ، وَإِضَاعَةَ الْمَالِ»

Қазақша аудармасы

Мұғира ибн Шұғбадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Алла Тағала аналарыңның тілін алмауды, бересіні өтеуден бас тартуды, өздеріңе тиесілі болмаған дүниеге қол сұғуды және қыз нәрестелеріңді тірідей көмуді харам қылды. Сондай-ақ сендер үшін нақты білгенді емес, естігенді сөз етіп, өсек айтуды, орынсыз көп сұрақ қоюды, дүние-мүлікті оңды-солды шашып, ысырап қылуды жағымсыз істерден қылды», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 5975; Муслим: 4483; Ахмад: 18179).

Орысша аудармасы

Мугира ибн Шуба (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Аллах Всевышний запретил вам ослушиваться своих матерей, отказываться отдавать должное, посягать на то, что вам не принадлежит, и закапывать заживо новорождённых дочерей. Он также счёл предосудительным для вас говорить не о том, что вам достоверно известно, а пересказывать услышанное и распространять сплетни, задавать множество неуместных вопросов и бездумно расточать имущество» (Аль-Бухари: 5975; Муслим: 4483; Ахмад: 18179).