وَعَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مِنَ الْكَبَائِر شَتْمُ الرَّجُل وَالِدَيهِ »، قَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَهَلْ يَشْتُمُ الرَّجُلُ وَالِدَيْهِ؟! قَالَ: «نَعَمْ، يَسُبُّ أَبَا الرَّجُلِ، فَيَسُبُّ أبَاه، وَيَسُبُّ أُمَّهُ، فَيَسُبُّ أُمَّهُ»
وَفِى رِوَايَة: «إِنَّ مِنْ أَكْبَرِ الْكَبَائِرِ أَنْ يَلْعَنَ الرَّجُلُ وَالِدَيْهِ!»، قِيلَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، كَيْفَ يَلْعَنُ الرَّجُلُ وَالِدَيهِ؟! قَالَ: «يَسُبُّ أَبَا الرَّجُلِ، فَيَسُبُّ أباهُ، وَيَسُبُّ أُمَّهُ، فَيَسُبُّ أُمَّهُ»
Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.): «Бірде Расулалла ﷺ: «Адам баласының ата-анасына тіл тигізуі үлкен күнә», – деді. Сахабалар: «Уа, Расулалла! Адам баласы өз ата-анасына тіл тигізе ме?» – деп еді, Расулалла: «Әрине, біреудің әкесіне тіл тигізсе, ол да оның әкесіне тіл тигізеді. Сондай-ақ анасын балағаттаса, ол да оның анасын балағаттайды», – деп айтты» – деген (Муслим: 263; Ахмад: 6529).
Басқа бір хадисте: «Расында, кісінің ата-анасын лағынеттеуі үлкен күнә», – делінген. Сонда: «Уа, Расулалла! Кісі өз ата-анасын қалай лағынеттейді?!» – делінгенде: «Біреудің әкесіне тіл тигізеді, есесіне ол да оның әкесіне тіл тигізеді, сондай-ақ біреудің анасына тіл тигізеді, есесіне ол да оның анасына тіл тигізеді», – деп айтты. (Бұхари: 5973; Ахмад: 7029)
Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Оскорбление человеком собственных родителей – тяжкий грех”. Сподвижники спросили: “О Посланник Аллаха! Разве человек может оскорбить собственных родителей?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Конечно. Он оскорбит отца другого человека, а тот в ответ оскорбит его отца. Он обругает мать другого человека, а тот в ответ обругает его мать”» (Муслим: 263; Ахмад: 6529).
В другом хадисе говорится: «Поистине, проклятие человеком собственных родителей – тяжкий грех». Его спросили: «О Посланник Аллаха! Как человек может проклясть собственных родителей?!» Он ответил: «Он оскорбит отца другого человека, а тот в ответ оскорбит его отца; он оскорбит мать другого человека, а тот в ответ оскорбит его мать» (Аль-Бухари: 5973; Ахмад: 7029).