Хадис

Риядус-салихин, № 341

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
41. Ата-анаға бағынбау және туыстық қатынасты үзу ауыр күнә
Нөмірі
№ 341 (қазақша басылым реті)
341
Риядус-салихин, № 341

عَنْ أَبِى عيسى الْمغيرة بْنِ شعبة عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى حَرَّمَ عَلَيْكُمْ: عُقُوقَ الْأمَّهَاتِ، وَمَنْعًا وهاتِ، وَوَأْد الْبَنَاتِ، وكَرِهَ لَكُمْ: قِيلَ وَقَالَ، وَكَثْرَةَ السُّؤَالِ، وَإِضَاعَةَ الْمَالِ»

Қазақша аудармасы

Мұғира ибн Шұғбадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Алла Тағала аналарыңның тілін алмауды, бересіні өтеуден бас тартуды, өздеріңе тиесілі болмаған дүниеге қол сұғуды және қыз нәрестелеріңді тірідей көмуді харам қылды. Сондай-ақ сендер үшін нақты білгенді емес, естігенді сөз етіп, өсек айтуды, орынсыз көп сұрақ қоюды, дүние-мүлікті оңды-солды шашып, ысырап қылуды жағымсыз істерден қылды», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 5975; Муслим: 4483; Ахмад: 18179).

Орысша аудармасы

Мугира ибн Шуба (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Аллах Всевышний запретил вам ослушиваться своих матерей, отказываться отдавать должное, посягать на то, что вам не принадлежит, и закапывать заживо новорождённых дочерей. Он также счёл предосудительным для вас говорить не о том, что вам достоверно известно, а пересказывать услышанное и распространять сплетни, задавать множество неуместных вопросов и бездумно расточать имущество» (Аль-Бухари: 5975; Муслим: 4483; Ахмад: 18179).