Хадистер
«وَاعْبُدُوا اللَّهَ وَلا تُشْرِكُوا بِهِ شَيْئًا وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا وَبِذِى الْقُرْبَى وَالْيَتَامَى وَالْمَسَاكِينِ وَالْجَارِ ذِى الْقُرْبَى وَالْجَارِ الْجُنُبِ وَالصَّاحِبِ بِالْجَنْبِ وَابْنِ السَّبِيلِ وَمَا مَلَكَتْ أَيْمَانُكُمْ» «Бір Аллаға құлшылық қылып, Оған еш нәрсені серік етіп қоспаңдар. Ата-аналарыңа жақсылық жасаңдар. Әрі жақын туыстарыңа, жетімдерге, кедей-кепшікке, жақын көршілеріңе, алыс көршілеріңе, жора-жолдастарыңа, мұқтаж жолаушыға және қоластыларыңдағы қызметшілеріңе жақсылық жасаңдар...» («Ниса» сүресі, 36-аят).
«وَاتَّقُوا اللَّهَ الَّذِى تَسَاءلُونَ بِهِ وَالْأَرْحَام» «...Оның атымен бір-біріңе өтініш айтысқан Аллаға қарсы келіп, асы болудан һәм туыстық байланысты үзуден сақтаныңдар...» («Ниса» сүресі, 1-аят).
«وَالَّذِينَ يَصِلُونَ مَا أَمَرَ اللَّهُ بِهِ أَنْ يُوصَلَ» «Олар Алланың үзбей жалғасытырыңдар, деп бұйырған қарым-қатынастарды үзбей жалғастырады...» («Рағд» сүресі, 21-аят).
«وَوَصَّيْنَا الْأِنْسَانَ بِوَالِدَيْهِ حُسْنًا» «Біз адам баласына ата-анасына жақсылық жасауды өсиет еттік...» («Анкәбут» сүресі, 8-аят).
«وَقَضَى رَبُّكَ أَلاَّ تَعْبُدُوا إِلَّا إِيَّاهُ وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا إِمَّا يَبْلُغَنَّ عِنْدَكَ الْكِبَرَ أَحَدُهُمَا أَوْ كِلاهُمَا فَلَا تَقُلْ لَهُمَا أُفٍّ وَلا تَنْهَرْهُمَا وَقُلْ لَهُمَا قَوْلًا كَرِيمًا وَاخْفِضْ لَهُمَا جَنَاحَ الذُّلِّ مِنَ الرَّحْمَةِ وَقُلْ رَبِّ ارْحَمْهُمَا كَمَا رَبَّيَانِى صَغِيرًا» «Раббың бір Өзіне ғана құлшылық қылуды, ата-анаға жақсылық жасауды үкім етті. Егер олардың біреуі немесе екеуі бірдей қолыңда қартайса, тіпті «түу» деп те кеюші болма, оларға зекіп ұрыспа! Керісінше, оларға жанға жағымды жылы сөз айт! Олардың алдында барынша мейірімді, мейлінше кішіпейіл әрі тіл алғыш бол! Олар үшін: «Уа, Раббым! Олар мені бала күнімде қалай мәпелеп өсірген болса, Өзің де оларды дәл солай мейіріміне бөлей көр!» – деп дұға ет» («Исра» сүресі, 23, 24-аят).
«وَوَصَّيْنَا الْأِنْسَانَ بِوَالِدَيْهِ حَمَلَتْهُ أُمُّهُ وَهْنًا عَلَى وَهْنٍ وَفِصَالُهُ فِى عَامَيْنِ أَنِ اشْكُرْ لِى وَلِوَالِدَيْك» «Біз адам баласына ата-анасына жақсылық жасауды бұйырдық. Анасы оны әлсіреген үстіне әлсіреп, қинала жүріп көтерді. Оның емшектен шығуы да екі жыл алады. Ендеше: «Маған және ата-анаңа шүкіршілік ет!» («Лұқман» сүресі, 14-аят).
«Поклоняйтесь лишь одному Аллаху и не придавайте Ему сотоварищей. Родителям делайте добро, а также родственникам, и сиротам, и обездоленным, и близким соседям, и дальним соседям, и товарищам, что рядом с вами, и нуждающимся путникам, и слугам, которыми вы распоряжаетесь» (сура «Ниса», 4:36).
«Остерегайтесь противиться Аллаху, именем которого вы просите друг друга, и разрывать родственные связи» (сура «Ниса», 4:1).
«И они поддерживают то, что Аллах повелел поддерживать» (сура «Ра‘д», 13:21).
«Мы заповедали человеку обходиться с родителями по-доброму» (сура «Анкабут», 29:8).
«Твой Господь велел не поклоняться никому, кроме Него, и делать добро родителям. Если один из них или оба достигнут старости при тебе, то не смей даже говорить им – “Уф!” и не повышай голоса на них, а говори только добрые слова. И сложи перед ними крыло смирения из милосердия и молись за них: “О мой Господь! Смилуйся над ними так же, как они растили меня, когда я был ребенком!”» (сура «Исра», 17:23–24).
«И Мы заповедали человеку делать добро своим родителям. Его мать носит его, слабея день ото дня и испытывая трудности. И два года длится отлучение от груди. Посему благодари Меня и своих родителей!» (сура «Лукман», 31:14).
عَنْ أَبِى عَبْد الرَّحْمَان عَبْد اللَّهِ بنْ مَسْعُود قَالَ: سألت النَّبِيّ ﷺ: أَيُّ الْعَمَلِ أحَبُّ إِلَى اللَّهِ تَعَالَى؟ قَالَ: «الصَّلَاةُ عَلَى وَقْتِهَا»، قُلْتُ: ثُمَّ أي؟ قَالَ: «بِرُّ الْوَالِدَيْنِ»، قُلْتُ: ثُمَّ أيٌّ؟ قَالَ: «الجِهَادُ فِى سبيلِ اللَّه»
Қазақша аудармасы
Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздан ﷺ: «Алла Тағала қандай істі анағұрлым жақсы көреді?» – деп сұрадым. Ол: «Уақытылы оқылған намазды» – деді. Мен тағы: «Одан кейін ше?» – деп сұрағанымда: «Ата-ананы құрметтеуді», – деді. Мен үшінші рет: «Одан кейін ше?» – дегенімде, «Алла жолындағы күресті», – деп жауап берді», – деген.(Бұхари: 527; Муслим: 254; Ахмад: 3890).
Орысша аудармасы
Абдуллах ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я спросил Пророка ﷺ: “Какое деяние Аллах Всевышний любит больше всего?” Он ответил: “Молитву, совершённую вовремя”. Я вновь спросил: “А после этого?” Он ответил: “Почитание родителей”. В третий раз я спросил: “А после этого?” Он ответил: “Борьбу на пути Аллаха”» (Аль-Бухари: 527; Муслим: 254; Ахмад: 3890).
عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَجْزِى وَلَدٌ وَالِدًا إِلَّا أَنْ يَجِدَهُ مَمْلُوكًا، فَيَشْتَرِيهُ فَيُعْتِقَهُ»
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Ешбір бала ата-ананың ақысын өтей алмайды, тек оны құлдықта жүрген күйде тауып, сатып алып, азат етсе ғана (ақысын өтейді)», – деп айтқан (Муслим: 3799; Ахмад: 8893).
Орысша аудармасы
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Ни один ребёнок не сможет воздать своему родителю должное, если только не найдёт его в рабстве, не выкупит и не освободит (тем самым воздав ему должное)» (Муслим: 3799; Ахмад: 8893).
عنه أيضًا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ، فَلْيُكْرِمْ ضَيْفَهُ، وَمَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ، فَلْيَصِلْ رَحِمَهُ، وَمَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ، فَلْيَقُلْ خَيْرًا أَوْ لِيَصْمُتْ»
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, қонағына сый-құрмет көрсетсін. Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, туыстарымен қарым-қатынасын үзбесін. Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін», – деген (Бұхари: 6138; Муслим: 173; Ахмад: 7626).
Орысша аудармасы
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Пусть тот, кто верует в Аллаха и в Последний день, почитает своего гостя; пусть тот, кто верует в Аллаха и в Последний день, не разрывает родственных связей; и пусть тот, кто верует в Аллаха и в Последний день, говорит доброе либо молчит» (Аль-Бухари: 6138; Муслим: 173; Ахмад: 7626).
وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى خَلَقَ الْخَلْقَ حَتَّى إِذَا فَرَغَ مِنْهُمْ قَامَتِ الرَّحِمُ، فَقَالَتْ: هَذَا مُقَامُ الْعَائِذِ بِكَ مِنَ الْقَطِيعةِ، قَالَ: نَعَمْ، أمَا تَرْضَيْنَ أَنْ أصِلَ مَنْ وَصَلَكِ، وَأقْطَعَ مَنْ قَطَعَكِ؟ قَالَتْ: بَلَى، قَالَ: فَذَلِكَ لَكِ، ثُمَّ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اقْرَؤُوا إِنْ شِئْتمْ: «فَهَلْ عَسَيْتُمْ إِنْ تَوَلَّيْتُمْ أَنْ تُفْسِدُوا فِى الْأَرْضِ وَتُقَطِّعُوا أَرْحَامَكُمْ أُولَئِكَ الَّذِينَ لَعَنَهُمُ اللَّهُ فَأَصَمَّهُمْ وَأَعْمَى أَبْصَارَهُمْ » [محمد: 22 – 23]
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Алла Тағала барша жаратылысты жаратып болған кезде, «туыстық байланыс» (Рахим) тұрып: «Бұл – туыстық қарым-қатынастың үзілуінен сақта деп, Өзіңнен пана сұраушының тұғыры ғой?!» – деді. Алла Тағала: «Иә, сені үзбеген жанмен байланысымды үзбеуіме, ал сені үзген жанмен байланысымды үзуіме разы боласың ба?!» – деп сұрады. Ол: «Әлбетте!» – дегенде, Алла Тағала: «Ендеше, сол (артықшылық) саған берілді!» – деп айтты», – деген. Сосын Алла елшісі: «Қаласаңдар: «Демек, қолдарыңа билік тізгіні тие қалса, сөздеріңнен тайқып, Алладан теріс айналмақ һәм жер бетінде бұзақылық жасап, араларыңдағы туыстық қатынасты үзбек екенсіңдер ғой?! Алла ондайларды рақымынан аластап, құлақтарын (хақ сөзді) естімейтін тас керең, көздерін (ақиқатты) көрмейтін көрсоқыр етіп қойды»(Мұхаммед: 22-23) деген аяттарды оқыңдар», – деп айтқан (Бұхари: 5987; Муслим: 6518; Ахмад: 8367).
Орысша аудармасы
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда Аллах Всевышний завершил сотворение всего сущего, родственная связь (рахим) поднялась и сказала: “Это ведь место того, кто просит у Тебя защиты от разрыва родственных связей?!” Аллах Всевышний спросил: “Да. Будешь ли ты довольна тем, что Я сохраню связь с тем, кто поддерживает родственные связи, и разорву её с тем, кто их разрывает?!” Она ответила: “Конечно!” Тогда Аллах Всевышний сказал: “В таком случае это (преимущество) даровано тебе!”»
Затем Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если желаете, прочтите аяты: “Неужели, если власть окажется в ваших руках, вы отступитесь от своих слов, отвернётесь от Аллаха, станете распространять нечестие на земле и разрывать родственные связи между собой?! Таких Аллах лишил Своей милости, сделав их уши совершенно глухими, не слышащими (истинного слова), а глаза – совершенно слепыми, не видящими (истины)” (сура “Мухаммад”, 47:22–23)» (Аль-Бухари: 5987; Муслим: 6518; Ахмад: 8367).
وَعَنْهُ قَالَ: جاء رجل إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَنْ أحَقُّ النَّاسِ بِحُسْنِ صَحَابَتِى؟ قَالَ: «أُمُّكَ» قَالَ: ثُمَّ مَنْ؟ قَالَ: «أُمُّكَ»، قَالَ: ثُمَّ مَنْ؟ قَالَ: «أُمُّكَ»، قَالَ: ثُمَّ مَنْ؟ قَالَ: «أبُوكَ».
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде бір кісі келіп: «Уа, Расулалла! Адамдардың ішінде кіммен ең жақсы қарым-қатынаста болуым керек?» – деп сұрады. Алла елшісі ﷺ оған: «Анаңмен», – деді. Сұраушы екінші рет: «Сосын кіммен?» – деп қайта сұрады. Расулалла тағы да: «Анаңмен», – деді. Сұраушы тағы: «Сосын кіммен?» – дегенде, Расулалла тағы да: «Анаңмен» – деп жауап берді. Әлгі кісі төртінші рет: «Одан кейін кіммен?» – деп сұрағанда, Алла елшісі: «Әкеңмен», – деп айтты», – деген (Бұхари: 5971; Муслим: 6500; Ахмад: 8344).
Орысша аудармасы
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды один человек пришёл и спросил: “О Посланник Аллаха ﷺ! С кем из людей мне следует обходиться лучше всего?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “С твоей матерью”. Тот во второй раз спросил: “А затем с кем?” Посланник Аллаха ﷺ вновь ответил: “С твоей матерью”. Он снова спросил: “А затем с кем?” Посланник Аллаха ﷺ опять ответил: “С твоей матерью”. Когда тот человек в четвёртый раз спросил: “А после неё с кем?” – Посланник Аллаха ﷺ ответил: “С твоим отцом”» (Аль-Бухари: 5971; Муслим: 6500; Ахмад: 8344).
وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «رَغِمَ أَنْفُ، ثُمَّ رَغِمَ أَنْفُ، ثُمَّ رَغِمَ أَنْفُ مَنْ أدْرَكَ أبَويهِ عِنْدَ الْكِبَرِ، أَحَدهُمَا أَوْ كِليهمَا فَلَمْ يَدْخُلِ الْجَنَّةَ»
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Ата-анасының, яғни екеуінің немесе біреуінің қартайған шағында қасында болып тұрып, жаннатқа кіре алмағанның мұрны жерге сүрінсін, мұрны жерге сүрінсін, мұрны жерге сүрінсін!1», – деді», – деген (Муслим: 2568; Ахмад: 8451).
Орысша аудармасы
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Пусть тот, кто застал своих родителей (обоих или одного из них) в преклонном возрасте, но так и не сумел войти в рай, уткнётся носом в землю! Пусть он уткнётся носом в землю! Пусть он уткнётся носом в землю!1» (Муслим: 2568; Ахмад: 8451).
- 1Қор болсын, кедейліктен көз ашпасын деген мағынада.
- 1То есть: «Да будет он унижен и да не выберется из бедности».
عنه أَنَّ رَجلًا قَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ لِى قَرابةً أصِلُهُمْ وَيَقْطَعُوني، وَأُحْسِنُ إِلَيْهِمْ وَيُسِيئُونَ إِلَيَّ، وَأحْلَمُ عَنْهُمْ وَيَجْهَلُونَ عَلَيَّ، فَقَالَ: «لَئِنْ كُنْتَ كَمَا قُلْتَ، فَكأَنَّمَا تُسِفُّهُمْ الْمَلَّ، وَلَا يَزَالُ مَعَكَ مِنَ اللَّهِ ظَهِيرٌ عَلَيْهِمْ مَا دُمْتَ عَلَى ذَلِكَ»
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте бір кісі: «Уа, Расулалла! Расында, менің туыстарым бар, мен олармен қарым-қатынасымды үзбеймін, олар болса менімен қатынастарын үзеді. Мен оларға жақсылық жасаймын, ал олар маған жамандық жасайды. Мен оларға сабыр етіп, кешіріммен қараймын, ал олар маған қарсы наданның ісін істейді», – деп (ағайын-туыстарымен арасындағы жағдайға шағымданады). Сонда Алла елшісі ﷺ): «Егер дәл өзің айтқандай болсаң, онда сен оларға бейне бір ыстық күл жегізіп жүр екенсің.1 Сол қалпыңнан танбайтын болсаң, қасыңда әрдайым оларға қарсы өзіңе болысатын Алла тарапынан бір жәрдемшің болады», – деп жауап береді (Муслим: 6525; Ахмад: 7992).
Орысша аудармасы
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что один человек сказал: «О Посланник Аллаха ﷺ! Поистине, у меня есть родственники: я не разрываю с ними отношений, а они разрывают отношения со мной; я делаю им добро, а они причиняют мне зло; я терпеливо отношусь к ним и прощаю их, а они поступают со мной подобно невеждам» (так он пожаловался на отношения со своими родственниками). Тогда Посланник Аллаха ﷺ ответил: «Если всё обстоит именно так, как ты говоришь, то ты словно кормишь их горячей золой1. И пока ты продолжаешь поступать так, рядом с тобой всегда будет помощник от Аллаха, поддерживающий тебя против них» (Муслим: 6525; Ахмад: 7992).
- 1Бұл сөз олардың ыстық күл жегендей қиналатындығына теңеу ретінде келген, ал жақсылық жасаушыға ешбір айып жоқ, керісінше, оның туыстары одан ара-қатынастарын үзгендіктері және оны ренжіткендері үшін үлкен күнә арқалайды.
- 1Это сравнение означает, что этим родственникам так же тяжело, как если бы они ели горячую золу. Делающий добро не заслуживает порицания; напротив, его родственники совершают тяжкий грех, разрывая с ним отношения и причиняя ему обиду.
عَنْ أَنَسٍ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «من أحَبَّ أَنْ يُبْسَطَ لَهُ فِى رِزْقِهِ، ويُنْسأَ لَهُ فِى أثَرِهِ، فَلْيَصِلْ رَحِمَهُ»
Қазақша аудармасы
Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім ризық-несібесінің мол болғанын және ажалының кешіктірілгенін (яғни ғұмыр-жасының ұзақ болғанын) қаласа, туыстарымен қарым-қатынасын үзбесін», – деген (Бұхари: 5986; Муслим: 6524; Ахмад: 12588).
Орысша аудармасы
Анас ибн Малик (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто желает, чтобы его удел был обильным, а смертный час отсрочен (то есть чтобы жизнь его была долгой), пусть не разрывает родственных связей» (Аль-Бухари: 5986; Муслим: 6524; Ахмад: 12588).
وَعَنْهُ، قَالَ: كَانَ أَبُو طَلْحَةَ أَكْثَرَ الْأنْصَارِ بِالْمَدِينَةِ مَالًا مِنْ نَخل، وَكَانَ أحَبُّ أمْوَاله إِلَيْهِ بَيْرَحاء، وَكَانَتْ مسْتَقْبَلَةَ الْمَسْجِدِ، وَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَدْخُلُهَا، وَيَشْرَبُ مِنْ مَاءٍ فِيهَا طَيِّب، فَلَمَّا نَزَلَتْ هَذِهِ الآيةُ: «لَنْ تَنَالُوا الْبِرَّ حَتَّى تُنْفِقُوا مِمَّا تُحِبُّونَ» [آل عمران: 92] قَامَ أَبُو طَلْحَةَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ اللَّهَ تَبَارَكَ وتَعَالَى، يَقُولُ: «لَنْ تَنَالُوا الْبِرَّ حَتَّى تُنْفِقُوا مِمَّا تُحِبُّونَ» وَإِنَّ أَحَبَّ مَالِى إِلَيَّ بَيْرَحَاءُ، وَإِنَّهَا صَدَقَةٌ لِلَّهِ تَعَالَى، أرْجُو بِرَّهَا وَذُخْرَهَا عِنْدَ اللَّهِ تَعَالَى، فَضَعْهَا يَا رَسُولَ اللَّهِ، حَيْثُ أَرَاكَ اللَّه. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «بَخ! ذَلِكَ مَالٌ رَابحٌ، ذَلِكَ مَالٌ رَابحٌ! وقَدْ سَمِعْتُ مَا قُلْتَ، وَإِنِّى أرَى أَنْ تَجْعَلَهَا فِى الْأقْرَبينَ»، فَقَالَ أَبُو طَلْحَةَ: أفْعَلُ يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَقَسَّمَهَا أَبُو طَلْحَةَ فِى أقَارِبِهِ وبَنِى عَمِّهِ
Қазақша аудармасы
Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте ол: «Әбу Талха Мәдинадағы құрма ағашы ең көп болған ансарлық еді. Мал-мүлкінің ішіндегі өзіне ең ұнайтыны мешітке қарама-қарсы орналасқан Байруха деп аталатын бау-бақша болатын. Алла елшісі ﷺ соған кіріп, ондағы тап-таза мөлдір судан ішіп тұратын. Алладан: «Жақсы көрген мал-дүниелеріңнен Алла жолында жұмсамайынша, ізгілік пен кемелдікке қол жеткізе алмайсыңдар...»(Әлу Имран: 92) деген аят түскенде, Әбу Талха Алла елшісіне келіп: «Уа, Расулалла! Расында, Алла Тағала: «Жақсы көрген мал-дүниелеріңнен Алла жолында жұмсамайынша, ізгілік пен кемелдікке қол жеткізе алмайсыңдар...», – дейді. Шынында, мал-мүлкімнің ішіндегі өзіме ең ұнайтыны – Байруха еді. Енді ол Алла (разылығы) үшін садақа! Мен оның игілігін және Алланың құзырында қазына болуын үміт етемін. Оны өзің қалаған орынға жұмса, уа, Расулалла!» – деді. Сонда Алла елшісі: «Бәрекелді, жарайсың! Міне, сол – олжалы дүние! Міне, сол – олжалы дүние! Сенің айтқаныңды естідім. Мен оны жақындарыңа бөліп бергеніңді жөн көремін», – деді. Әбу Талха: «Құп болады, солай істейін, уа, Расулалла!» – деп, оны жақындарына және немере бауырларына үлестіріп берді», – деп айтқан (Бұхари: 1461; Муслим: 2315; Ахмад: 12438).
Орысша аудармасы
Анас (да будет доволен им Аллах) передал: «Абу Тальха был ансаром, владевшим в Медине наибольшим количеством финиковых пальм. Самым любимым из его имущества был сад под названием Байруха, расположенный напротив мечети. Посланник Аллаха ﷺ заходил туда и пил находившуюся там чистейшую прозрачную воду. Когда от Аллаха был ниспослан аят: “Вы не достигнете благочестия и совершенства, пока не станете расходовать на пути Аллаха то имущество, которое любите…” (сура “Али Имран”, 3:92), Абу Тальха пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ и сказал: “О Посланник Аллаха ﷺ! Поистине, Аллах Всевышний говорит: ‘Вы не достигнете благочестия и совершенства, пока не станете расходовать на пути Аллаха то имущество, которое любите…’ Самое любимое из моего имущества – Байруха. Отныне этот сад – садака ради (довольства) Аллаха! Я надеюсь обрести через него благо и желаю, чтобы у Аллаха он стал для меня сокровищем. Распорядись им так, как пожелаешь, о Посланник Аллаха ﷺ!”
Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Прекрасно, молодец! Вот это прибыльное имущество! Вот это прибыльное имущество! Я услышал то, что ты сказал. Считаю, что тебе следует разделить его между своими близкими”. Абу Тальха ответил: “Хорошо, я так и сделаю, о Посланник Аллаха ﷺ!” – после чего разделил сад между своими близкими родственниками и двоюродными братьями» (Аль-Бухари: 1461; Муслим: 2315; Ахмад: 12438).
عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص قَالَ: أقبلَ رَجُلٌ إِلَى نَبِيِّ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: أُبَايِعُكَ عَلَى الْهِجْرَةِ وَالجِهَادِ أَبْتَغي الْأجْرَ مِنَ اللَّه تَعَالَى. قَالَ: «فَهَلْ لَكَ مِنْ وَالِدَيْكَ أَحَدٌ حَيٌّ؟» قَالَ: نَعَمْ، بَلْ كِلاهُمَا. قَالَ: «فَتَبْتَغي الْأجْرَ مِنَ اللَّه تَعَالَى؟» قَالَ: نَعَمْ. قَالَ: «فارْجِعْ إِلَى وَالِدَيْكَ، فَأحْسِنْ صُحْبَتَهُمَا».
وَفِى رِوَايَة لَهُمَا: جَاءَ رَجُلٌ فَاسْتَأذَنَهُ فِى الْجِهَادِ، فَقَالَ: «أحَيٌّ وَالِداكَ؟» قَالَ: نَعَمْ، قَالَ: «فَفيهِمَا فَجَاهِدْ»
Қазақша аудармасы
Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.): «Бірде бір кісі Алланың нәбиіне ﷺ келіп: «Сауабын Алладан үміт етіп, (Алла жолында) һижрет етуге және шайқасуға алдыңызда ант етемін!» – деп ант қабылдады. Сонда Алла елшісі одан: «Ата-анаң тірі ме?» – деп сұрады. Ол: «Иә, екеуі де тірі», – деп еді, ол тағы да: «Алланың сауабын қалайсың ба?» – деді. Сонда ол: «Иә», – деп еді, Алла елшісі оған: «Онда ата-анаңа қайт та, солардың қасында болып, оларға жақсылап қара», – деп айтты», – деген (Бұхари: 3004; Муслим: 5607).
Имам Бұхари мен имам Муслим екеуі бірдей жеткізген басқа бір хадисте: «Бір кісі келіп, Алла елшісінен (Алла жолында) соғысуға рұқсат сұрады. Алла елшісі одан: «Ата-анаң тірі ме?» – деп сұрағанда, ол: «Иә», – деді, сонда Алла елшісі: «Онда сол екеуінің (разылығы үшін) күрес», – деп айтты», – делінген. (Бұхари: 3004; Муслим: 6504; Ахмад: 23124)
Орысша аудармасы
Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен ими обоими Аллах) передал: «Однажды к Пророку Аллаха ﷺ пришёл человек и присягнул ему, сказав: “Я присягаю тебе в том, что совершу хиджру и буду сражаться (на пути Аллаха), надеясь на награду от Аллаха!” Посланник Аллаха ﷺ спросил его: “Живы ли твои родители?” Тот ответил: “Да, оба живы”. Тогда он вновь спросил: “Желаешь ли ты награды от Аллаха?” Он ответил: “Да”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: “В таком случае возвращайся к своим родителям, оставайся рядом с ними и заботься о них как можно лучше”» (Аль-Бухари: 3004; Муслим: 5607).
В другом хадисе, переданном и имамом аль-Бухари, и имамом Муслимом, говорится: «Один человек пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ и попросил у него разрешения сражаться (на пути Аллаха). Посланник Аллаха ﷺ спросил его: “Живы ли твои родители?” Тот ответил: “Да”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “В таком случае приложи все силы ради них обоих (добиваясь их довольства)”» (Аль-Бухари: 3004; Муслим: 6504; Ахмад: 23124).
وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَيْسَ الْوَاصِلُ بِالمُكَافِىء، وَلكِنَّ الْوَاصِلَ الَّذِى إِذَا قَطَعَتْ رَحِمُهُ وَصَلَهَا»
Қазақша аудармасы
Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Астан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Туыстық қатынасты шынайы түрде берік ұстанған адам – жақыны көрсеткен туыстықтың қарымын дәл солай қайтарушы адам емес, керісінше, туыстары арадағы қатынасты доғарса да, олармен байланысын үзбеген адам», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 5991; Ахмад: 6524).
Орысша аудармасы
Передают со слов Абдуллаха ибн Амра ибн аль-Аса (да будет доволен ими обоими Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Истинно поддерживает родственные связи не тот, кто лишь отвечает родственникам взаимностью, а тот, кто не порывает с ними даже тогда, когда они сами разрывают отношения с ним» (Аль-Бухари: 5991; Ахмад: 6524).
عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الرَّحِمُ مُعَلَّقَةٌ بِالعَرْشِ تَقُولُ: مَنْ وَصَلَنِى وَصَلَهُ اللَّهُ وَمَنْ قَطَعَنِى قَطَعَهُ اللَّهُ»
Қазақша аудармасы
Айшадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Расында, «туыстық қатынас» аршыға ілінген күйінде: «Мені үзбеген адаммен Алла да байланысын үзбейді, ал кімде-кім мені үзсе, Алла да онымен байланысын үзеді», – деп айтады», – деген (Бұхари: 5989; Муслим: 6519; Ахмад: 24336).
Орысша аудармасы
Аиша (да будет доволен ею Аллах) передала, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, родственная связь, держась за Арш, говорит: “С тем, кто не разрывает меня, Аллах также не разрывает Своей связи, а с тем, кто разрывает меня, Аллах также разрывает связь”» (Аль-Бухари: 5989; Муслим: 6519; Ахмад: 24336).
عَنْ أم الْمؤمنِين ميمونة بنتِ الْحارث أَنَّهَا أعْتَقَتْ وَليدَةً وَلَمْ تَستَأذِنِ النَّبِيَّ ﷺ فَلَمَّا كَانَ يَوْمُهَا الَّذِى يَدُورُ عَلَيْهَا فِيهِ، قَالَتْ: أشَعَرْتَ يَا رَسُولَ اللَّهِ، أنِّى أعتَقْتُ وَليدَتِى؟ قَالَ: «أَوَ فَعَلْتِ؟» قَالَتْ: نَعَمْ. قَالَ: «أما إِنَّكِ لَوْ أعْطَيْتِهَا أخْوَالَكِ كَانَ أعْظَمَ لأجْرِكِ»
Қазақша аудармасы
Мүміндердің анасы Мәймуна бинт Харис (р.а.) бірде Пайғамбарымыздан рұқсат сұрамастан бір күңді азат етеді. Содан кезегі келген күні ол: «Уа, Расулалла! Күңімді азат еткенімді білесіз бе?» – дейді. Пайғамбарымыз ﷺ: «Сөйттің бе?» – деп (оның бұл амалына қуанғандай болады). Ол: «Иә», – дегенде, Алла елшісі: «Егер оны нағашы ағаларыңа тарту еткеніңде, әжір-сауабың әлдеқайда көп болар еді», – дейді (Бұхари: 2592; Муслим: 2317; Ахмад: 26822).
Орысша аудармасы
Мать правоверных Маймуна бинт аль-Харис (да будет доволен ею Аллах) однажды освободила рабыню, не испросив разрешения Пророка ﷺ. Когда пришёл её черёд, она сказала: «О Посланник Аллаха! Знаешь ли ты, что я освободила свою рабыню?» Пророк ﷺ (словно обрадовавшись её поступку) спросил: «Ты это сделала?» Она ответила: «Да». Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если бы ты подарила её своим дядям по матери, твоя награда была бы гораздо больше» (Аль-Бухари: 2592; Муслим: 2317; Ахмад: 26822).
عَنْ أسماءَ بنتِ أَبِى بَكْر الصديق، قَالَتْ: قَدِمَتْ عَلَيَّ أُمِّى وَهِيَ مُشركةٌ فِى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فاسْتَفْتَيْتُ رَسُول اللَّهِ ﷺ، قُلْتُ: قَدِمَتْ عَلَيَّ أُمِّى وَهِيَ رَاغِبَةٌ، أفَأصِلُ أُمِّى؟ قَالَ: «نَعَمْ، صِلِى أُمَّكِ»
Қазақша аудармасы
Әсмә бинт Әбу Бәкір әс-Сыддық (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ уағында мүшрік болған анам маған (Меккеден Мәдинаға арнайы) келген еді. Сонда мен Алла елшісінен: «Маған анам келген еді, әрі ол (өзімен қарым-қатынасымды үзбеуімді) қалайды, анаммен қатынасайын ба?» – деп кеңес сұрағанымда, Алла елшісі: «Иә, анаңмен қатынасып тұр», – деді», – деп айтқан (Бұхари: 2620; Муслим: 2324; Ахмад: 26913).
Орысша аудармасы
Асма бинт Абу Бакр ас-Сиддик (да будет доволен ими обоими Аллах) сказала: «Во времена Посланника Аллаха ﷺ ко мне приехала моя мать, которая была многобожницей (специально прибыв из Мекки в Медину). Тогда я обратилась за советом к Посланнику Аллаха ﷺ и спросила: “Ко мне приехала моя мать, и она желает (чтобы я не порывала с ней отношений). Следует ли мне поддерживать с ней связь?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Да, поддерживай связь со своей матерью”» (Аль-Бухари: 2620; Муслим: 2324; Ахмад: 26913).
عَنْ زينب الثقفيةِ امْرَأَةٌِ عَبْدِ اللَّهِ بنْ مَسْعُود وَعَنْهَا، قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «تَصَدَّقْنَ يَا مَعْشَرَ النِّسَاءِ وَلَوْ مِنْ حُلِيِّكُنَّ»، قَالَتْ: فَرَجَعْتُ إِلَى عَبْد اللَّهِ بْنِ مسعود، فَقُلْتُ لَهُ: إِنَّكَ رَجُلٌ خَفِيفُ ذَاتِ الْيَدِ، وَإِنَّ رَسُول اللَّهِ ﷺ قَدْ أَمَرَنَا بِالصَّدَقَةِ فَأْتِهِ، فَاسألهُ، فإِنْ كَانَ ذَلِكَ يْجُزِىءُ عَنِّى وَإِلَّا صَرَفْتُهَا إِلَى غَيْرِكُمْ. فَقَالَ عبدُ اللَّهِ: بَلِ ائْتِيهِ أنتِ، فانْطَلَقتُ، فَإِذَا امْرَأَةٌ مِنَ الْأنْصارِ بِبَابِ رَسُول اللَّهِ ﷺ حَاجَتي حَاجَتُها، وَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَدْ أُلْقِيَتْ عَلَيْهِ الْمَهَابَةُ، فَخَرجَ عَلَيْنَا بِلَالٌ، فَقُلْنَا لَهُ: ائْتِ رَسُول اللَّهِ ﷺ، فَأخْبرْهُ أَنَّ امْرَأَتَيْنِ بالبَابِ تَسألانِكَ: أُتُجْزِىءُ الصَّدَقَةُ عَنْهُمَا عَلَى أَزْوَاجِهِمَا وَعَلَى أيْتَامٍ فِى حُجُورِهِمَا؟، وَلَا تُخْبِرْهُ مَنْ نَحْنُ، فَدَخلَ بِلَالٌ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فسأله، فَقَالَ لَهُ رَسُول اللَّهِ ﷺ: «مَنْ هُمَا؟» قَالَ: امْرَأَةٌ مِنَ الْأنْصَارِ وَزَيْنَبُ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أيُّ الزَّيَانِبِ هِيَ؟»، قَالَ: امْرَأَةُ عَبْدِ اللَّهِ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَهُمَا أجْرَانِ: أجْرُ الْقَرَابَةِ وَأجْرُ الصَّدَقَةِ»
Қазақша аудармасы
Абдуллаһ ибн Масғудтың жұбайы Зейнеп әс-Сәқафия (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Уа, әйелдер жұрағаты! Әшекей бұйымдарыңнан болса да садақа беріңдер», – деді. Мен мұны естіген соң, Абдуллаһ ибн Масғудқа (яғни, күйеуіме) барып: «Сен қалтасы жұқа, қолы қысқа жансың. Алла елшісі бізге де садақа беріңдер деп бұйырды. Алла елшісіне жолығып, садақамды саған беруіме бола ма екен, соны сұрап білші. Егер болмайтын болса, басқа біреуге берейін», – дедім. Сонда Абдуллаһ маған: «Өзің барып сұрашы», – деді. Сөйтіп, Алла елшісінің үйіне қарай бет алдым. Пайғамбарымыздың есігінің алдында бір ансарлық әйелді жолықтырдым. Екеуіміздің де шаруамыз бір болып шықты. Алла елшісі өте айбатты жан еді. Сол үшін біз онымен екінің бірімен тілдескендей емін-еркін сөйлесуге бата алмайтынбыз. Сөйтіп, есік алдында тұрғанымызда, үйден Біләл шыға келді. Біз оған: «Алла елшісіне: «Есігіңіздің алдында екі әйел тұр. Олар садақаларын күйеулері мен қолдарындағы жетімдерге беруге болып-болмайтындығын сұрай келіпті», – де, бірақ біздің кім екенімізді айтпай-ақ қой», – деп өтіндік. Біләл Алла елшісіне барып біздің сауалымызды жеткізгенде, ол: «Олар кімдер?» – деп сұрапты. Сонда Біләл амалсыздан: «Бір ансарлық әйел мен Зейнеп», – депті. Алла елшісі: «Ол қай Зейнеп?» – деп қайта сұрағанда, «Абдулланың әйелі», – депті. Сонда Алла елшісі: «Ендеше, олар бірден екі сауапқа бөленеді: бірі – жақындарына қарайласқаны үшін, ал екіншісі – садақа бергені үшін», – деп айтқан екен», – деген (Бұхари: 1466; Муслим: 2318; Ахмад: 27048).
Орысша аудармасы
Зайнаб ас-Сакафия (да будет доволен ею Аллах), супруга Абдуллаха ибн Масуда, рассказывала: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “О женщины! Подавайте милостыню, пусть даже из своих украшений”. Услышав это, я пришла к Абдуллаху ибн Масуду (то есть к своему мужу) и сказала: “Ты человек небогатый и стеснённый в средствах. Посланник Аллаха ﷺ повелел и нам подавать милостыню. Сходи к Посланнику Аллаха и узнай, могу ли я отдать свою милостыню тебе. Если нельзя, я отдам её кому-нибудь другому”. Абдуллах сказал мне: “Сходи и спроси сама”.
Тогда я направилась к дому Посланника Аллаха ﷺ. У его двери я встретила женщину из числа ансаров. Оказалось, что мы пришли по одному и тому же делу. Посланник Аллаха внушал благоговейный трепет, поэтому мы не решались говорить с ним столь же непринуждённо, как с обычным человеком.
Пока мы стояли у двери, из дома вышел Билял. Мы попросили его: “Скажи Посланнику Аллаха: ‘У вашей двери стоят две женщины. Они пришли спросить, могут ли отдавать свою милостыню мужьям и сиротам, находящимся на их попечении’. Только не говори ему, кто мы”.
Билял вошёл к Посланнику Аллаха и передал наш вопрос. Тот спросил: “Кто они?” Билялу пришлось ответить: “Одна женщина из числа ансаров и Зайнаб”. Посланник Аллаха снова спросил: “Какая Зайнаб?” Он ответил: “Жена Абдуллаха”. Тогда Посланник Аллаха сказал: “Им полагаются сразу две награды: одна – за помощь близким, а другая – за милостыню”» (Аль-Бухари: 1466; Муслим: 2318; Ахмад: 27048).
عَنْ أَبِى سفيان صخر بْنِ حرب فِى حَدِيثِهِ الطويل فِى قِصَّةِ هِرَقْلَ: أَنَّ هرقْلَ قَالَ لأبي سُفْيَانَ: فَمَاذَا يَأْمُرُكُمْ بِهِ؟ يَعْنِى النَّبِيّ ﷺ قَالَ: قُلْتُ: يَقُولُ: «اعْبُدُوا اللَّهَ وَحْدَهُ، وَلَا تُشْرِكُوا بِهِ شَيْئًا، واتْرُكُوا مَا يَقُولُ آبَاؤُكُمْ، وَيَأْمُرُنَا بِالصَّلَاةِ، وَالصّدْقِ، والعَفَافِ، والصِّلَةِ»
Қазақша аудармасы
Әбу Суфиян Сахр ибн Харбтан (р.а.) жеткен, Ираклиймен болған әңгімені баяндайтын ұзын хадисте Ираклий: «Ол (яғни, пайғамбар ﷺ) сендерге нені бұйыруда?» – деп сұрайды. Сонда Әбу Суфиян: «Ол: «Аллаға еш серік қоспастан құлшылық етіңдер және әкелеріңнің айтқандарын тастаңдар», – дейді, сонымен қатар бізге намаз оқу, шыншылдық, ұстамдылық және туыстық қатынасымызды сақтауды бұйыруда», – деп жауап береді (Бұхари: 7; Муслим: 4607; Ахмад: 2370).
Орысша аудармасы
В длинном хадисе, переданном со слов Абу Суфьяна Сахра ибн Харба (да будет доволен им Аллах) и повествующем о его беседе с Ираклием, сообщается, что Ираклий спросил: «Что он (то есть Пророк ﷺ) велит вам?» Абу Суфьян ответил: «Он говорит: “Поклоняйтесь Аллаху, не придавая Ему никаких сотоварищей, и откажитесь от того, что говорили ваши отцы”, – а также велит нам совершать молитву, быть правдивыми, проявлять сдержанность и поддерживать родственные связи» (Аль-Бухари: 7; Муслим: 4607; Ахмад: 2370).
عَنْ أَبِى ذرّ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّكُمْ سَتَفْتَحُونَ أَرْضًا يُذْكَرُ فِيهَا الْقِيرَاطُ».
وَفِى رِوَايَة: «سَتَفْتَحونَ مِصْرَ وَهِيَ أرْضٌ يُسَمَّى فِيهَا الْقِيراطُ، فَاسْتَوْصُوا بأَهْلِهَا خَيْرًا؛ فَإِنَّ لَهُمْ ذِمَّةً وَرَحِمًا»
وَفِى رِوَايَة: «فإِذا افتتحتموها، فأحسنوا إِلَى أَهْلها؛ فإِن لهم ذمة ورحمًا»، أَوْ قَالَ: «ذِمَّةً وصِهْرًا»
Қазақша аудармасы
Әбу Зәрр (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Сендер жақында «қират»1 сөзі жиі айтылатын жерді аласыңдар», – деп айтты», – деген (Муслим: 6493; Ахмад: 21520).
Басқа бір хадисте: «Сендер таяуда Мысырды аласыңдар. Ол – «қират» сөзі жиі айтылатын жер. Сол жердің халқымен жақсы қарым-қатынас жасаңдар. Өйткені олардың бізде хақысы һәм туыстығы бар», – делінген.
Тағы бір хадис мәтінінде: «Сол жерді алған кездеріңде халқына жақсы қараңдар. Өйткені олардың бізде хақысы һәм туыстығы (немесе хақысы һәм құдандалығы) бар2», – деп келген.
Орысша аудармасы
Абу Зарр (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Вскоре вы завоюете землю, где часто произносят слово “кират”1» (Муслим: 6493; Ахмад: 21520).
В другом хадисе говорится: «Вскоре вы завоюете Египет. Это земля, где часто произносят слово “кират”. Хорошо относитесь к жителям этой земли, ибо они имеют на нас право и связаны с нами родством».
В другой версии хадиса говорится: «Когда вы завоюете эту землю, хорошо относитесь к её жителям, ибо они имеют на нас право и связаны с нами родством (или: имеют на нас право и связаны с нами родством по браку)2».
- 1Өлшем/ақша бірлігі.
- 2Мұнда туыстық дегенде, арабтардың арғы атасы Исмаилдың (аләйһис-сәләм) анасы Ажардың мысырлық болғаны меңзелген. Ал құдандалық дегенде, пайғамбарымыздың (аләйһис-сәләм) ұлы Ибраһимнің анасы қыбтыйлік Марияның мысырлық болғаны меңзелген.
- 1Кират – единица меры и денежная единица.
- 2Под родством имеется в виду то, что Хаджар, мать Исмаила (мир ему), прародителя арабов, была египтянкой. Родство по браку связано с Марией Коптской, египтянкой, матерью Ибрахима, сына Пророка ﷺ.
عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: لما نزلت هَذِهِ الآية: «وَأَنْذِرْ عَشِيرَتَكَ الْأَقْرَبِينَ» [الشعراء: 214] دَعَا رَسُول اللَّهِ ﷺ قُرَيْشًا، فَاجْتَمَعُوا فَعَمَّ وَخَصَّ، وَقَالَ: «يَا بَنِى عَبْدِ شَمْسٍ، يَا بَنِى كَعْبِ بْنِ لُؤيٍّ، أنقِذُوا أَنْفُسَكُمْ مِنَ النَّارِ، يَا بَنِى مُرَّةَ بْنِ كَعْبٍ، أنْقِذُوا أَنْفُسَكُمْ مِنَ النَّارِ، يَا بَنِى عَبْدِ مَنَاف، أنْقِذُوا أَنْفُسَكُمْ مِنَ النَّارِ، يَا بَنِى هاشم، أنقذوا أنفسكم مِنَ النَّار، يَا بنِى عبد الْمطلب، انقذوا أنفسكم مِنَ النَّار، يَا فَاطِمَةُ، أنْقِذي نَفْسَكِ مِنَ النَّارِ. فَإِنِّى لَا أمْلِكُ لَكُمْ مِنَ اللَّهِ شَيْئًا، غَيْرَ أَنَّ لَكُمْ رَحِمًا سَأبُلُّهَا بِبِلالِهَا»
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.): «Құранның «Жақын туыстарыңа ескерт!»1 деген аяты түскенде, Алла елшісі ﷺ Құрайыш тайпасының (ақсақалдарын) шақырып, барлығы жиналған соң, (алыс туысынан ең жақынына дейін) кейбіреулерін жалпы руымен атап, кейбіреуін атымен атап: «Уа, Абдушамсұлдары! Уа, Кағб ибн Луәйұлдары! (Аллаға және елшісіне иман келтіріп) өздеріңді тозақ отынан құтқарыңдар. Уа, Мурра ибн Кағбұлдары! Өздеріңді тозақ отынан құтқарыңдар. Уа, Абдуманафұлдары! Өздеріңді тозақ отынан құтқарыңдар. Уа, Һашимұлдары! Өздеріңді тозақ отынан құтқарыңдар. Уа, Абдулмутталибұлдары! Өздеріңді тозақ отынан құтқарыңдар. Қызым Фатима! Сен де өзіңді тозақ отынан құтқар, өйткені ақыретте Алланың алдына барғанда сендер үшін еш нәрсе істей алмаймын. Алайда (бұл дүниеде) сендермен арадағы туыстық қатынасымды үзбеймін», – деп айтты», – деген. (Муслим: 501; Ахмад: 8402).
Орысша аудармасы
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда был ниспослан аят Корана: “Предостереги своих близких родственников!”1, Посланник Аллаха ﷺ созвал (старейшин) племени курайш.
Когда все собрались, он обратился (начиная с дальних родственников и заканчивая самыми близкими) к одним по названию их рода, а к другим – по имени: “О потомки Абд Шамса! О потомки Кааба ибн Луайя! Спасите себя от адского огня (уверовав в Аллаха и Его Посланника)! О потомки Мурры ибн Кааба! Спасите себя от адского огня! О потомки Абд Манафа! Спасите себя от адского огня! О потомки Хашима! Спасите себя от адского огня! О потомки Абд аль-Мутталиба! Спасите себя от адского огня! Дочь моя Фатима! И ты спаси себя от адского огня, ибо в вечной жизни, когда вы предстанете перед Аллахом, я ничем не смогу помочь вам. Однако (в этом мире) я не стану разрывать родственные связи с вами”» (Муслим: 501; Ахмад: 8402).
- 1«Шұғара» сүресі, 214-аят
- 1Сура «Шуара», аят 214.
عَنْ أَبِى عَبْد اللَّهِ عَمْرُو بْنِ الْعاص، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ جِهَارًا غَيْرَ سِرٍّ، يَقُولُ: «إِنَّ آل بَنِى فُلَان لَيْسُوا بِأولِيَائِى، إِنَّمَا وَلِيِّيَ اللَّهُ وَصَالِحُ الْمُؤْمِنِينَ، وَلَكِنْ لَهُمْ رَحِمٌ أبُلُّهَا بِبلَالِهَا»
Қазақша аудармасы
Әбу Абдуллаһ Амр ибн әл-Ас (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Шынында пәленшеұлдарының1 әулеті менің қамқоршыларым емес, менің қамқоршым – Алла және ізгі мүміндер. Алайда олардың бізге туыстығы бар, мен сол туыстық қатынасты тиісінше жалғастыратын боламын», – деп жасырмай дауыстап айтқанын естідім», – деген. (Бұхари: 5990; Муслим: 519; Ахмад: 17804).
Орысша аудармасы
Абу Абдуллах Амр ибн аль-Ас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ открыто, во всеуслышание, говорил: “Поистине, члены семейства такого-то1 не являются моими покровителями. Моими покровителями являются Аллах и праведные верующие. Однако нас связывают с ними родственные узы, и я буду должным образом поддерживать эти связи”» (Аль-Бухари: 5990; Муслим: 519; Ахмад: 17804).
- 1Алла елшісі ﷺ мұнда пәленшеұлдары дегенде жақын ағалары Әбу Тәліптің немесе Әбу әл-Ас ибн Умәйяның әулетінен өзіне иман келтірмеген туыстарын меңзеген.
- 1Под семейством такого-то Посланник Аллаха ﷺ имел в виду своих неуверовавших близких родственников из семьи Абу Талиба или Абу аль-Аса ибн Умайи.
عَنْ أَبِى أيوب خالد بْنِ زيد الْأنصارِى: أَنَّ رَجُلًا قَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أخْبِرْنِى بِعَمَلٍ يُدْخِلُنِى الْجَنَّةَ، وَيُبَاعِدُنِى مِنَ النَّارِ. فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «تَعْبُدُ اللَّه، وَلَا تُشْرِكُ بِهِ شَيْئًا، وَتُقِيمُ الصَّلَاةَ، وتُؤتِى الزَّكَاةَ، وتَصِلُ الرَّحمَ»
Қазақша аудармасы
Әбу Әйюб Халид ибн Зәйд әл-Ансари (р.а.) жеткізген хадисте: «Бір кісі Пайғамбарымыздан ﷺ: «Уа, Расулалла! Мені жаннатқа кіргізіп, тозақтан алыстататын қандай іс бар?» – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз: «Аллаға (ешкімді және еш нәрсені) серік етіп қоспай құлшылық қыл, намаз оқып, зекет бер және туыстық қатынасты үзбе», – деп жауап берді», – деген. (Бұхари: 3196; Муслим: 104; Ахмад: 8515).
Орысша аудармасы
Абу Айюб Халид ибн Зайд аль-Ансари (да будет доволен им Аллах) передал: «Один человек спросил Пророка ﷺ: “О Посланник Аллаха! Какое дело введёт меня в рай и удалит от ада?” Пророк ﷺ ответил: “Поклоняйся Аллаху, не приобщая к Нему в сотоварищи (никого и ничего), совершай намаз, выплачивай закят и поддерживай родственные связи”» (Аль-Бухари: 3196; Муслим: 104; Ахмад: 8515).
عَنْ سلمان بْنِ عامر عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِذَا أفْطَرَ أَحَدُكُمْ، فَلْيُفْطرْ عَلَى تَمْرٍ؛ فَإِنَّهُ بَرَكةٌ، فَإِنْ لَمْ يَجِدْ تَمْرًا، فالمَاءُ؛ فَإِنَّهُ طَهُورٌ»، وَقَالَ: «الصَّدَقَةُ عَلَى الْمِسكينِ صَدَقَةٌ، وعَلَى ذِى الرَّحِمِ ثِنْتَانِ: صَدَقَةٌ وَصِلَةٌ»
Қазақша аудармасы
Салман ибн Амир (р.а.): «Расулалла ﷺ: «Сендерден кім аузын ашатын болса құрмамен ашсын. Ал егер құрма таппаса, онда сумен ашсын. Өйткені ол тазартушы. Пақыр-міскінге берген садақа бір садақаға, ал туысқа берілген садақа екі садақаға тең келеді: бірі – садақаның, екіншісі – туыстық қатынастың сауабы», – деп айтты», – деген (Тирмизи: 658; Ахмад: 16226).
Орысша аудармасы
Салман ибн Амир (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда кто-либо из вас будет разговляться, пусть разговляется финиками. Если же не найдёт фиников, пусть разговляется водой, ибо она очищает. Милостыня, поданная бедняку, засчитывается как одна милостыня, а милостыня, поданная родственнику, – как две: одна награда – за милостыню, а другая – за поддержание родственных связей» (Ат-Тирмизи: 658; Ахмад: 16226).
عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: كَانَتْ تَحْتِى امْرَأَةٌ، وَكُنْتُ أحِبُّهَا، وَكَانَ عُمَرُ يَكْرَهُهَا، فَقَالَ لي: طَلِّقْهَا، فَأبَيْتُ، فَأتَى عُمَرُ النَّبِيّ ﷺ فَذَكَرَ ذَلِكَ لَهُ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «طَلِّقْهَا»
Қазақша аудармасы
Ибн Омар (р.а.): «Өзім жақсы көретін әйелім бар болатын, алайда (әкем) Омар (р.а.) оны жақтырмайтын еді. Содан ол маған: «Оны талақ ет», – деді. Мен бас тарттым. Омар (р.а.) Пайғамбарымызға ﷺ барып, оған сол болған жағдайды айтып шағымданды. Сонда Пайғамбарымыз маған: «Оған талақ айт», – деп бұйырды», – деген (Әбу Дәуіт: 5138;Тирмизи: 1189; Ахмад: 4711).
Орысша аудармасы
Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «У меня была жена, которую я любил, однако она не нравилась (моему отцу) Умару (да будет доволен им Аллах). Тогда он сказал мне: “Разведись с ней”, – но я отказался. После этого Умар (да будет доволен им Аллах) пришёл к Пророку ﷺ и пожаловался ему, рассказав о случившемся. Тогда Пророк ﷺ велел мне: “Разведись с ней”» (Абу Дауд: 5138; Ат-Тирмизи: 1189; Ахмад: 4711).
عَنْ أَبِى الدردَاءِ: أَنَّ رَجلًا أتاه، قَالَ: إِنَّ لِى امْرَأَةًٌ وإِنَّ أُمِّى تَأمُرُنِى بِطَلاقِهَا؟ فَقَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، يَقُولُ: «الوَالِدُ أوْسَطُ أبْوَابِ الْجَنَّةِ، فَإِنْ شِئْتَ، فَأضِعْ ذَلِكَ الْبَابَ، أَو احْفَظْهُ»
Қазақша аудармасы
Әбу Дарда (р.а.) жеткізген деректе оған бір кісі келіп: «Менің әйелім бар, алайда анам оны талақ етуімді бұйырып жатыр», – дейді. Сонда ол: «Алла елшісінің ﷺ: «Ата-ана – жаннаттың ең қайырлы қақпасы. Қаласаң сол қақпаны зая қыл немесе сақтап қал», – дегенін естідім», – дейді (Тирмизи: 1900; Ахмад: 21717).
Орысша аудармасы
Абу Дарда (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды ко мне пришёл человек и сказал: “У меня есть жена, однако мать велит мне развестись с ней”. Тогда я ответил: “Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: ‘Родители – лучшие врата рая. Хочешь – лишись этих врат, а хочешь – сохрани их’”» (Ат-Тирмизи: 1900; Ахмад: 21717).
Түсіндірме (қазақша)
334-335 реттік санмен келген осы екі хадистің негізгі мән-мазмұны – ата-анаға бағынудың маңыздылығы, олардың тілін алу және олар қаламаған және ұнатпаған нәрсені істемеу, олар жақтырмаған адамдармен жақын араласпау, тіпті отаспау керектігі мәселесіне қатысты. Нақты айтқанда, аталған қос хадисте ата-анаға ұнамаған әйелге талақ айту мәселесі айтылған. Алайда хадистің мәтінінде де, түсіндірмелерінде де аталған ата-ананың келіндерін не себепті ұнатпағаны жайлы еш нәрсе айтылмаған. Сондықтан мұның бір маңызды себебі болған, яғни кінәрат әйелде болған деп пайымдауға болады. Өйткені ешбір ата-ана бауыр еті баласына жамандық ойламайды және жақсы, ибалы келіннен баласын ажыратпайды..., сонымен қатар, алғашқы хадистегі әділдіктің рәмізіне айналған әзірет Омардың (р.а.) өз баласынан әділетсіз істі талап етуі немесе шариғи тұрғыдан адал болғанымен Алла үшін ең ұнамсыз іс болған талақ ісін жайдан-жай талап етуі әсте мүмкін емес. Сондай-ақ Алла елшісі ﷺ жалпы бағыну мәселесіне қатысты: «Бағыну тек қана жақсылықта болады», – деген. Яғни, ата-ана, үлкен кісілер немесе басшылар жақсы істерді бұйырғанда ғана оларға бағыну міндетті болады. Ал егер олар жаман, әділетсіз істерді бұйырса, ондай жағдайда бағыну міндетті болмайды. Жоғарыдағы қос хадисте балаларынан әйелдерін талақ етуді талап еткен ата-ананы Алла елшісінің ﷺ өзі қолдап тұрған болса, демек, сол екі жағдайда да кінәрат әйелдің өзінде болған деп топшылауға болады. Өйткені әйел ер азаматының, ер адам да әйелінің ата-анасын, жақын туыстарын құрметтеуі және олармен жақсы қарым-қатынаста болуы керек. Ал керісінше болған жағдайда ерлі-зайыптылар арасында кикілжің туып, оның ақыры ажырасуға дейін апаруы мүмкін. Бүгінгі біздің қоғамдағы көптеген ажырасулардың себебі де осы екені белгілі. Сондай-ақ кезінде бір кісі имам Ахмадқа келіп: «Әкем маған әйелімді талақ етуді бұйырып жатыр», – дегенде, имам Ахмад оған: «Әйеліңе талақ айтпа», – дейді. Сонда әлгі кісі: «Кезінде Омар (р.а.) баласынан әйелін талақ етуді талап еткенде, Пайғамбарымыз ﷺ Ибн Омарға әйеліне талақ айтуды бұйырды емес пе?!» – дегенде, имам Ахмад оған: «Сенің әкең Омар ма?!» – деген екен. Демек, бұл мәселеде бәрінен бұрын ата-ананың даналығы мен парасаты маңызды. Егер әзірет Омардай әділ, тақуа, асқан данагөй һәм парасатты болған ата-ана баласынан әйелін талақ етуді талап етсе, олардың талабы бекер болмаса керек... Ал ондай деңгейде болмаған ата-ананың талабының қаншалықты орынды екеніне мұқият қараған жөн. Хадисті тура мағынада түсініп алып, ата-анам айтты екен деп, әйелге талақ айта салуға болмайды.
Түсіндірме (орысша)
основной смысл двух хадисов, приведённых под номерами 333 и 334, касается важности повиновения родителям: необходимости слушаться их, не делать того, чего они не желают и не одобряют, не сближаться с людьми, которые им не нравятся, и даже не вступать с ними в брак. В частности, в обоих хадисах говорится о разводе с женой, которая не нравилась родителям.
Однако ни в текстах этих хадисов, ни в пояснениях к ним не сказано, почему упомянутые родители не любили своих невесток. Поэтому можно предположить, что для этого имелась серьёзная причина, то есть что проблема заключалась в самих женщинах. Ведь никакие родители не желают зла своему родному ребёнку и не станут разлучать сына с хорошей, благонравной женой...
Кроме того, совершенно немыслимо, чтобы досточтимый Умар (да будет доволен им Аллах), ставший символом справедливости, потребовал от собственного сына несправедливого поступка или без всякой причины настоял на разводе – поступке, который хотя и дозволен шариатом, но является самым неугодным Аллаху.
Говоря о повиновении в целом, Посланник Аллаха ﷺ также сказал: «Повиновение бывает только в благом». Иными словами, повиноваться родителям, старшим или правителям обязательно лишь тогда, когда они велят совершать благие дела. Если же они приказывают совершить нечто дурное или несправедливое, повиноваться им в этом необязательно.
Если в двух приведённых хадисах сам Посланник Аллаха ﷺ поддержал родителей, потребовавших от сыновей развестись с жёнами, то можно предположить, что в обоих случаях проблема заключалась в самих женщинах. Ведь жена должна уважать родителей и близких родственников мужа, а муж – родителей и близких родственников жены, и оба должны поддерживать с ними добрые отношения. В противном случае между супругами могут возникнуть разногласия, которые в конечном счёте способны привести к разводу. Известно, что именно это является причиной и многих разводов в нашем современном обществе.
Однажды к имаму Ахмаду пришёл человек и сказал: «Отец велит мне развестись с женой». Имам Ахмад ответил ему: «Не разводись с ней». Тогда тот человек спросил: «Но разве, когда Умар (да будет доволен им Аллах) потребовал от своего сына развестись с женой, Пророк ﷺ не велел Ибн Умару развестись с ней?!» Имам Ахмад ответил: «А разве твой отец – Умар?!»
Следовательно, в этом вопросе прежде всего важны мудрость и рассудительность родителей. Если столь же справедливые, богобоязненные, мудрые и рассудительные родители, каким был досточтимый Умар, требуют от сына развестись с женой, их требование, вероятно, не лишено оснований... Что же касается требования родителей, не достигших такого уровня, следует тщательно разобраться, насколько оно обоснованно. Нельзя понимать этот хадис буквально и поспешно разводиться с женой лишь потому, что так сказали родители.
عَنْ الْبراءِ بْنِ عازب، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «الخَالةُ بِمَنْزِلَةِ الْأُمِّ»
Қазақша аудармасы
әл-Бара ибн Азиб (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Нағашы әпке – анамен тең», – деп айтқан (Бұхари: 2699; Ахмад: 931).
Орысша аудармасы
Аль-Бара ибн Азиб (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Тётка по матери подобна матери» (Аль-Бухари: 2699; Ахмад: 931).