Хадис

Риядус-салихин, № 335

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
40. Ата-ананы құрметтеу, туыстық қатынасты үзбеу жайында
Нөмірі
№ 335 (қазақша басылым реті)
335
Риядус-салихин, № 335Риуаят етуші: Әбу Дәрда (р.а.)

عَنْ أَبِى الدردَاءِ: أَنَّ رَجلًا أتاه، قَالَ: إِنَّ لِى امْرَأَةًٌ وإِنَّ أُمِّى تَأمُرُنِى بِطَلاقِهَا؟ فَقَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، يَقُولُ: «الوَالِدُ أوْسَطُ أبْوَابِ الْجَنَّةِ، فَإِنْ شِئْتَ، فَأضِعْ ذَلِكَ الْبَابَ، أَو احْفَظْهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Дарда (р.а.) жеткізген деректе оған бір кісі келіп: «Менің әйелім бар, алайда анам оны талақ етуімді бұйырып жатыр», – дейді. Сонда ол: «Алла елшісінің ﷺ: «Ата-ана – жаннаттың ең қайырлы қақпасы. Қаласаң сол қақпаны зая қыл немесе сақтап қал», – дегенін естідім», – дейді (Тирмизи: 1900; Ахмад: 21717).

Орысша аудармасы

Абу Дарда (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды ко мне пришёл человек и сказал: “У меня есть жена, однако мать велит мне развестись с ней”. Тогда я ответил: “Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: ‘Родители – лучшие врата рая. Хочешь – лишись этих врат, а хочешь – сохрани их’”» (Ат-Тирмизи: 1900; Ахмад: 21717).

Түсіндірме (қазақша)

334-335 реттік санмен келген осы екі хадистің негізгі мән-мазмұны – ата-анаға бағынудың маңыздылығы, олардың тілін алу және олар қаламаған және ұнатпаған нәрсені істемеу, олар жақтырмаған адамдармен жақын араласпау, тіпті отаспау керектігі мәселесіне қатысты. Нақты айтқанда, аталған қос хадисте ата-анаға ұнамаған әйелге талақ айту мәселесі айтылған. Алайда хадистің мәтінінде де, түсіндірмелерінде де аталған ата-ананың келіндерін не себепті ұнатпағаны жайлы еш нәрсе айтылмаған. Сондықтан мұның бір маңызды себебі болған, яғни кінәрат әйелде болған деп пайымдауға болады. Өйткені ешбір ата-ана бауыр еті баласына жамандық ойламайды және жақсы, ибалы келіннен баласын ажыратпайды..., сонымен қатар, алғашқы хадистегі әділдіктің рәмізіне айналған әзірет Омардың (р.а.) өз баласынан әділетсіз істі талап етуі немесе шариғи тұрғыдан адал болғанымен Алла үшін ең ұнамсыз іс болған талақ ісін жайдан-жай талап етуі әсте мүмкін емес. Сондай-ақ Алла елшісі ﷺ жалпы бағыну мәселесіне қатысты: «Бағыну тек қана жақсылықта болады», – деген. Яғни, ата-ана, үлкен кісілер немесе басшылар жақсы істерді бұйырғанда ғана оларға бағыну міндетті болады. Ал егер олар жаман, әділетсіз істерді бұйырса, ондай жағдайда бағыну міндетті болмайды. Жоғарыдағы қос хадисте балаларынан әйелдерін талақ етуді талап еткен ата-ананы Алла елшісінің ﷺ өзі қолдап тұрған болса, демек, сол екі жағдайда да кінәрат әйелдің өзінде болған деп топшылауға болады. Өйткені әйел ер азаматының, ер адам да әйелінің ата-анасын, жақын туыстарын құрметтеуі және олармен жақсы қарым-қатынаста болуы керек. Ал керісінше болған жағдайда ерлі-зайыптылар арасында кикілжің туып, оның ақыры ажырасуға дейін апаруы мүмкін. Бүгінгі біздің қоғамдағы көптеген ажырасулардың себебі де осы екені белгілі. Сондай-ақ кезінде бір кісі имам Ахмадқа келіп: «Әкем маған әйелімді талақ етуді бұйырып жатыр», – дегенде, имам Ахмад оған: «Әйеліңе талақ айтпа», – дейді. Сонда әлгі кісі: «Кезінде Омар (р.а.) баласынан әйелін талақ етуді талап еткенде, Пайғамбарымыз ﷺ Ибн Омарға әйеліне талақ айтуды бұйырды емес пе?!» – дегенде, имам Ахмад оған: «Сенің әкең Омар ма?!» – деген екен. Демек, бұл мәселеде бәрінен бұрын ата-ананың даналығы мен парасаты маңызды. Егер әзірет Омардай әділ, тақуа, асқан данагөй һәм парасатты болған ата-ана баласынан әйелін талақ етуді талап етсе, олардың талабы бекер болмаса керек... Ал ондай деңгейде болмаған ата-ананың талабының қаншалықты орынды екеніне мұқият қараған жөн. Хадисті тура мағынада түсініп алып, ата-анам айтты екен деп, әйелге талақ айта салуға болмайды.

Түсіндірме (орысша)

основной смысл двух хадисов, приведённых под номерами 333 и 334, касается важности повиновения родителям: необходимости слушаться их, не делать того, чего они не желают и не одобряют, не сближаться с людьми, которые им не нравятся, и даже не вступать с ними в брак. В частности, в обоих хадисах говорится о разводе с женой, которая не нравилась родителям.

Однако ни в текстах этих хадисов, ни в пояснениях к ним не сказано, почему упомянутые родители не любили своих невесток. Поэтому можно предположить, что для этого имелась серьёзная причина, то есть что проблема заключалась в самих женщинах. Ведь никакие родители не желают зла своему родному ребёнку и не станут разлучать сына с хорошей, благонравной женой...

Кроме того, совершенно немыслимо, чтобы досточтимый Умар (да будет доволен им Аллах), ставший символом справедливости, потребовал от собственного сына несправедливого поступка или без всякой причины настоял на разводе – поступке, который хотя и дозволен шариатом, но является самым неугодным Аллаху.

Говоря о повиновении в целом, Посланник Аллаха ﷺ также сказал: «Повиновение бывает только в благом». Иными словами, повиноваться родителям, старшим или правителям обязательно лишь тогда, когда они велят совершать благие дела. Если же они приказывают совершить нечто дурное или несправедливое, повиноваться им в этом необязательно.

Если в двух приведённых хадисах сам Посланник Аллаха ﷺ поддержал родителей, потребовавших от сыновей развестись с жёнами, то можно предположить, что в обоих случаях проблема заключалась в самих женщинах. Ведь жена должна уважать родителей и близких родственников мужа, а муж – родителей и близких родственников жены, и оба должны поддерживать с ними добрые отношения. В противном случае между супругами могут возникнуть разногласия, которые в конечном счёте способны привести к разводу. Известно, что именно это является причиной и многих разводов в нашем современном обществе.

Однажды к имаму Ахмаду пришёл человек и сказал: «Отец велит мне развестись с женой». Имам Ахмад ответил ему: «Не разводись с ней». Тогда тот человек спросил: «Но разве, когда Умар (да будет доволен им Аллах) потребовал от своего сына развестись с женой, Пророк ﷺ не велел Ибн Умару развестись с ней?!» Имам Ахмад ответил: «А разве твой отец – Умар?!»

Следовательно, в этом вопросе прежде всего важны мудрость и рассудительность родителей. Если столь же справедливые, богобоязненные, мудрые и рассудительные родители, каким был досточтимый Умар, требуют от сына развестись с женой, их требование, вероятно, не лишено оснований... Что же касается требования родителей, не достигших такого уровня, следует тщательно разобраться, насколько оно обоснованно. Нельзя понимать этот хадис буквально и поспешно разводиться с женой лишь потому, что так сказали родители.