عَنْ أَبِى بَكْرة نُفَيع بْنِ الْحارث قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «ألا أُنَبِّئُكُمْ بأكْبَرِ الْكَبَائِرِ؟» – ثَلَاثًا – قُلْنَا: بَلَى، يَا رَسُولَ اللَّهِ، قَالَ: «الإِشْرَاكُ بِاللَّه، وَعُقُوقُ الْوَالِدَيْنِ»، وكان مُتَّكِئًا فَجَلَسَ، فَقَالَ: «ألَا وَقَوْلُ الزُّورِ وَشَهَادَةُ الزُّورِ» فَمَا زَالَ يُكَرِّرُهَا حَتَّى قُلْنَا: لَيْتَهُ سَكَتَ
Әбу Бәкра (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Сендерге ең үлкен күнәлардың не екенін айтайын ба?» – дегенде: «Уа, Расулалла! Әрине, айтыңыз», – дедік. Сонда ол: «Аллаға серік қосу және ата-ананы құрметтемеу», – деді де, бір жамбасына қарай жартылай сүйеніп жатқан жерінен жиналып отырып: «Сондай-ақ, жалған сөз айту мен жалған куәлік ету», – деп, бір айтқанын бірнеше мәрте қайталағаны соншалық – (бұдан әрі көңілі түсіп, мұңаймаса екен деген оймен) «Шіркін, тынышталса екен» – дестік», – деп айтты (Бұхари: 5976; Муслим: 259; Ахмад: 20385).
Абу Бакра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ трижды спросил: “Рассказать ли вам, что относится к величайшим грехам?” Мы ответили: “Конечно, расскажи, о Посланник Аллаха!” Тогда он сказал: “Придавать Аллаху сотоварищей и не почитать родителей”. До этого он полулежал на боку, но тут выпрямился и добавил: “А также говорить ложь и давать ложные свидетельства”. Он повторил эти слова столько раз, что мы (опасаясь, как бы он не огорчился и не опечалился ещё сильнее) сказали: “Хоть бы он успокоился!”» (Аль-Бухари: 5976; Муслим: 259; Ахмад: 20385).