Хадис

Риядус-салихин, № 347

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
43. Алла елшісінің ﷺ отбасын және ұрпақтарын құрметтеу және олардың артықшылықтарын баяндау
Нөмірі
№ 347 (қазақша басылым реті)
347
Риядус-салихин, № 347

عَنْ يزيد بْنِ حَيَّانَ، قَالَ: انْطَلَقْتُ أَنَا وحُصَيْنُ بْنُ سَبْرَة، وَعَمْرُو ابن مُسْلِم إِلَى زَيْد بْنِ أرقَمَ، فَلَمَّا جَلسْنَا إِلَيْهِ قَالَ لَهُ حُصَيْن: لَقَدْ لقِيتَ يَا زَيْدُ خَيْرًا كَثِيرًا، رَأَيْتَ رَسُول اللَّهِ ﷺ، وسمعتَ حَدِيثَهُ، وغَزوْتَ مَعَهُ، وَصَلَّيْتَ خَلْفَهُ: لَقَدْ لَقِيتَ يَا زَيْدُ خَيْرًا كَثِيرًا، حَدِّثْنَا يَا زَيْدُ مَا سَمِعْتَ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: يَا ابْنَ أخِى، وَاللَّهِ لقد كَبِرَتْ سِنِّى، وَقَدُمَ عَهدِى، وَنَسيتُ بَعْضَ الَّذِى كُنْتُ أعِى مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فما حَدَّثْتُكُمْ، فَاقْبَلُوا، وَمَا لَا فَلَا تُكَلِّفُونيهِ. ثُمَّ قَالَ: قام رَسُول اللَّهِ ﷺ يَوْمًا فينا خَطِيبًا بمَاء يُدْعَى خُمًَّا بَيْنَ مَكَّةَ وَالْمَدِينَةِ، فَحَمِدَ اللَّه، وَأثْنَى عَلَيْهِ، وَوعظَ وَذَكَّرَ، ثُمَّ قَالَ: «أَمَّا بَعْدُ، أَلَا أَيُّهَا النَّاسُ، فَإِنَّمَا أَنَا بَشَرٌ يُوشِكَ أَنْ يَأْتِى رَسُولُ ربِّى فَأُجِيبَ، وَأَنَا تارك فيكم ثَقَلَيْنِ: أَوَّلُهُمَا كِتَابُ اللَّهِ، فِيهِ الْهُدَى وَالنُّورُ، فَخُذُوا بِكتَابِ اللَّه، وَاسْتَمْسِكُوا بِهِ»، فَحَثَّ عَلَى كِتَابِ اللَّه، وَرَغَّبَ فِيهِ، ثُمَّ قَالَ: «وَأَهْلُ بَيْتِى أُذكِّرُكُمُ اللَّه فِى أَهْلِ بَيْتي، أذكرُكُمُ اللَّه فِى أَهْل بيتي» فَقَالَ لَهُ حُصَيْنٌ: وَمَنْ أَهْلُ بَيْتهِ يَا زَيْدُ، أَلَيْسَ نِسَاؤُهُ مِنْ أَهْلِ بَيْتِهِ؟ قَالَ: نِسَاؤُهُ مِنْ أَهْلِ بَيْتهِ، وَلكِنْ أَهْلُ بَيْتِهِ مَنْ حُرِمَ الصَّدَقَةَ بَعْدَهُ، قَالَ: وَمَنْ هُمْ؟ قَالَ: هُمْ آلُ عَلِيٍّ وَآلُ عقيل وَآلُ جَعفَرَ وآلُ عَبَّاسٍ. قَالَ: كُلُّ هَؤلَاءِ حُرِمَ الصَّدَقَةَ؟ قَالَ: نَعَمْ.

وَفِى رِوَايَة: «ألَا وَإِنِّى تَارِكٌ فِيكُمْ ثَقَليْنِ: أَحَدُهُمَا كِتَابُ اللَّهِ وَهُوَ حَبْلُ اللَّهِ، مَنِ اتَّبَعَهُ كَانَ عَلَى الْهُدَى، وَمَنْ تَرَكَهُ كَانَ عَلَى ضَلَالَة»

Қазақша аудармасы

Язид ибн Хайиан: «Бірде мен Хусайн ибн Сабра және Амр ибн Муслиммен бірге Зәйд ибн Арқамға (р.а.) бардым. Оның құзырына жайғасқан соң, Хусайн оған: «Уа, Зәйд! Расында, сен көптеген жақсылықтарды көрдің. Алла елшісінің ﷺ көзін көрдің, хадистерін тыңдадың, әрі онымен бірге жорықтарға шықтың, артында тұрып намаз оқыдың. Шынында (біз көрмеген) көптеген жақсылықтарды көрдің, уа, Зәйд! Бізге Алла елшісінен естігендеріңді айтып берші», – деді. Сонда ол: «Уа, інім! Алланың атымен ант етейін, расында, жасым ұлғайып, басымнан біраз заман өтті. Алла елшісінен ұғып алғандарымның кейбірін ұмытып та қалдым. Сондықтан өздеріңе айтқанымды қабыл алыңдар, ал айта алмағаныма келсек, ол мәселеде мені қыстамаңдар», – деді. Сосын сөзін жалғастырып: «Бір күні Алла елшісі Мекке мен Мәдина арасындағы «Хуммә» деп аталатын судың басында арамызда тұрып құтба айтты. Әуелі Аллаға мадақ айтып, Оны дәріптеді және уағыз-насихат айтты. Содан соң: «Уа, адамдар! Шынында мен де адам баласымын! Раббымның елшісі (өлім періштесі) келетін, менің де оның шақыруын қабыл алатын уақытым таяп қалды. Мен сендерге екі бірдей аса құнды, ауыр аманат қалдырамын. Біріншісі – Алланың кітабы, онда тура жол мен нұр бар. Ендеше, Алланың кітабын алыңдар да, оны бекем ұстаңдар», – деп, Алланың кітабына үгіттеп, оған ынталандырды. Содан кейін: «Сондай-ақ (екінші аманатым) менің отбасым. Отбасыма қатысты Аллаға мойынсұнуларың керектігін ескертемін! Отбасыма қатысты Аллаға мойынсұнуларың керектігін ескертемін!» – деп шегелеп айтты», – деді. Хусайн одан: «Уа, Зәйд! Оның отбасы кімдер? Жұбайлары оның отбасынан емес пе?» – деп сұрады. Сонда Зәйд: «Жұбайлары оның отбасына жатады. Алайда оның (нағыз) отбасы – өзінен кейін зекет-садақа алуларына тыйым салынғандар», – деді. Хусайн: «Олар кімдер?» – дегенде, ол: «Олар – Әлидің әулеті, Ақилдің әулеті, Жағфардың әулеті және Аббастың әулеті», – деп айтты. Хусайн тағы да: «Сонда бұлардың барлығына зекет-садақа (алу) тыйым салынған ба?» – дегенде, Зәйд: «Иә», – деді», – деген (Муслим: 6225; Ахмад: 19265).

Басқа бір риуаятта: «Біліп қойыңдар, расында, мен сендерге екі бірдей аса құнды, ауыр аманат қалдырып барамын. Бірі – Алланың кітабы, ол Алланың ақысы (бұйрықтары мен тыйымдары). Кім оған ерсе, тура жолда болады. Ал кім оны тәрк етсе, адасушылықта болады», – делінген. (Муслим: 6228)

Орысша аудармасы

Язид ибн Хайян сказал: «Однажды я вместе с Хусайном ибн Саброй и Амром ибн Муслимом пришёл к Зайду ибн Аркаму (да будет доволен им Аллах). Когда мы расположились у него, Хусайн сказал: “О Зайд! Поистине, ты удостоился многих благ: ты видел Посланника Аллаха ﷺ, слушал его хадисы, вместе с ним выходил в походы и совершал молитву, стоя позади него. Поистине, ты видел множество благ (которых мы не видели), о Зайд! Расскажи же нам то, что слышал от Посланника Аллаха ﷺ”.

Зайд ответил: “О брат мой! Клянусь Аллахом, я уже состарился, и с тех пор прошло немало времени. Я успел забыть часть того, что перенял от Посланника Аллаха ﷺ. Поэтому примите то, что я расскажу вам, и не принуждайте меня рассказывать о том, чего я уже не помню”.

Затем он продолжил: “Однажды Посланник Аллаха ﷺ, находясь у источника Хумм, между Меккой и Мединой, встал среди нас и обратился к нам с проповедью. Сначала он воздал хвалу Аллаху, восславил Его, а затем произнёс наставление и увещевание. После этого он сказал: ‘О люди! Поистине, я тоже человек! Уже близится время, когда ко мне придёт посланник моего Господа (ангел смерти), и я отвечу на его зов. Я оставляю вам два чрезвычайно ценных и весомых аманата. Первый – Книга Аллаха: в ней заключены верное руководство и свет. Возьмите же Книгу Аллаха и крепко держитесь за неё’. Так он призвал держаться Книги Аллаха и настойчиво побуждал к этому. Затем он сказал: ‘А также (мой второй аманат) – члены моей семьи. Я напоминаю вам, что в отношении моей семьи вы должны повиноваться Аллаху! Я напоминаю вам, что в отношении моей семьи вы должны повиноваться Аллаху!’”

Хусайн спросил его: “О Зайд! Кто относится к членам его семьи? Разве его жёны не относятся к его семье?” Зайд ответил: “Его жёны относятся к его семье. Однако его (истинная) семья – это те, кому после него запрещено получать закят и садаку”. Хусайн спросил: “Кто они?” Он ответил: “Это семьи Али, Акиля, Джафара и Аббаса”. Хусайн снова спросил: “И всем им запрещено (получать) закят и садаку?” Зайд ответил: “Да”» (Муслим: 6225; Ахмад: 19265).

В другой версии сообщается: «Знайте же: поистине, я оставляю вам два чрезвычайно ценных и весомых аманата. Один из них – Книга Аллаха, вервь, связывающая с Ним (в ней заключены Его повеления и запреты). Кто последует ей, тот будет на прямом пути, а кто оставит её, тот окажется в заблуждении» (Муслим: 6228).