Хадис

Ізгі адамдарды зиярат етіп, олармен етене араласу және олардан бата алу

О посещении праведных людей, тесном общении с ними и получении их благословения

Риядус-салихин, 45-тақырып · 15 хадис · № 361–375

Хадистер

«وَإِذْ قَالَ مُوسَى لِفَتَاهُ لَا أَبْرَحُ حَتَّى أَبْلُغَ مَجْمَعَ الْبَحْرَيْنِ أَوْ أَمْضِيَ حُقُبًا» إِلَى قوله تَعَالَى: «قَالَ لَهُ مُوسَى هَلْ أَتَّبِعُكَ عَلَى أَنْ تُعَلِّمَنِ مِمَّا عُلِّمْتَ رُشْدًا؟» «Бірде Мұса қасындағы жас қызметшісіне: «Екі теңіздің қосылған жеріне дейін тоқтамай жүре беремін, тіпті керек болса, жылдар бойы тынбай жүремін», – деген еді». «Мұса оған: «Өзіне үйретілген жақсылыққа, тура жолға бастайтын іліммен даналықтан маған да үйретуің үшін саған ерсем бола ма?» деп өтініш білдірді». «وَاصْبِرْ نَفْسَكَ مَعَ الَّذِينَ يَدْعُونَ رَبَّهُمْ بِالْغَدَاةِ وَالْعَشِيِّ يُرِيدُونَ وَجْهَهُ» «Бір Алланың жақсылығын ғана қалап, Раббысына ертелі-кеш құлшылық қылып, дұға-мінәжат жасайтын мүміндермен бірге болуда барынша табандылық таныт» («Кәһф» сүресі, 60, 66, 28-аят).

«Сказал однажды Муса своему слуге: “Я буду идти без остановки, пока не дойду до места слияния двух морей, даже если буду идти годами”» (сура «Кахф», 18:60).

«Муса спросил: “Могу ли я последовать за тобой, чтобы ты обучил меня тому, что сообщено тебе о праведном пути?”» (сура «Кахф», 18:66).

«Прояви терпение и настойчивость в пребывании вместе с верующими, которые взывают к своему Господу по утрам и по вечерам, желая узреть Лик Его!» (сура «Кахф», 18:28).

361
Риядус-салихин, № 361Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس قَالَ: قَالَ أَبُو بَكْرٍ لِعُمَرَ بَعْدَ وَفَاةِ رَسُول اللَّهِ ﷺ: انْطَلِقْ بِنَا إِلَى أُمِّ أيْمَنَ نَزُورُهَا كَمَا كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَزُورُهَا، فَلَمَّا انْتَهَيَا إِلَيْهَا، بَكَتْ، فَقَالَا لَهَا: مَا يُبْكِيكِ؟ أمَا تَعْلَمِينَ أَنَّ مَا عِنْدَ اللَّهِ خَيْرٌ لرَسُولِ اللَّه ﷺ، فَقَالَتْ: مَا أبْكِى أَنْ لَا أَكُونَ أَعْلَم أَنَّ مَا عِنْدَ اللَّهِ تَعَالَى خَيْرٌ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، ولَكِنْ أبكِى أَنَّ الْوَحْيَ قدِ انْقَطَعَ مِنَ السَّمَاءِ، فَهَيَّجَتْهُمَا عَلَى الْبُكَاءِ، فَجَعَلا يَبْكِيَانِ مَعَهَا

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ дүние салғаннан кейін, бір күні Әбу Бәкір (р.а.) Омарға (р.а.): «Жүр, бірге Үммі Әйманға барып, Алла елшісінің көзі тірісінде оған барып, хал-жағдайын сұрап тұрғанындай ол кісінің жағдайын біліп қайтайық», – деді. Сөйтіп, екеуі Үммі Әйманға хал-жағдай сұрай келгенде, кейуананың көңілі босап, көз жасына ие бола алмайды. Сонда Әбу Бәкір (р.а.) мен Омар (р.а.): «Неге жыладыңыз? Алланың құзырындағы сый-сияпаттың Расулалла үшін бәрінен де қайырлы екенін білмейтін бе едіңіз?» – деді. Сонда Үммі Әйман (р.а.): «Мен Алланың құзырындағы сый-сияпаттың Алла елшісі үшін қайырлы екенін білмегендіктен жылап отырған жоқпын. Мен көктен келетін уахидің тоқтап қалғанына қайғырып отырмын», – деді. Кейуананың бұл сөзі Әбу Бәкір (р.а.) мен Омарды (р.а.) толқытқаны соншалық – екеуінің де көңілі босап, Үммі Әйманға қосылып егіле жылады», – деген (Муслим: 618; Ахмад: 13591).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды после кончины Посланника Аллаха ﷺ Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) сказал Умару (да будет доволен им Аллах): “Пойдём вместе к Умм Айман и узнаем, как она себя чувствует, как при жизни Посланник Аллаха навещал её и узнавал, как она поживает”. Когда они пришли навестить Умм Айман, пожилая женщина растрогалась и не смогла сдержать слёз. Тогда Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) и Умар (да будет доволен им Аллах) спросили её: “Почему вы плачете? Разве вы не знаете, что уготованное у Аллаха для Посланника Аллаха лучше всего остального?” Умм Айман (да будет доволен ею Аллах) ответила: “Я плачу не потому, что не знаю: уготованное у Аллаха для Посланника Аллаха лучше. Я скорблю о том, что прекратилось ниспослание откровения с небес”. Её слова так глубоко тронули Абу Бакра (да будет доволен им Аллах) и Умара (да будет доволен им Аллах), что оба они растрогались и вместе с Умм Айман горько заплакали» (Муслим: 618; Ахмад: 13591).

362
Риядус-салихин, № 362Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِّ ﷺ: «أَنَّ رَجُلًا زَارَ أَخًَا لَهُ فِى قَرِيَة أُخْرَى، فَأرْصَدَ اللَّه تَعَالَى عَلَى مَدْرَجَتِهِ مَلَكًا، فَلَمَّا أَتَى عَلَيْهِ، قَالَ: أيْنَ تُرِيدُ؟ قَالَ: أُرِيدُ أخًا لِى فِى هَذِهِ الْقَرِيَةِ. قَالَ: هَلْ لَكَ عَلَيْهِ مِنْ نِعْمَة تَرُبُّهَا عَلَيْهِ؟ قَالَ: لَا، غَيْرَ أنِّى أَحْبَبْتُهُ فِى اللَّهِ تَعَالَى، قَالَ: فإِنِّى رَسُول اللَّهِ إِلَيْكَ بأَنَّ اللَّهَ قَدْ أَحَبَّكَ كَمَا أَحْبَبْتَهُ فِيهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбарымыздың ﷺ: «Күндердің күнінде бір кісі басқа бір ауылда тұратын діндес бауырына барып, хал-жайын сұрамақшы болады. Сонда Алла Тағала, оның жолына бір періштені қойып қояды. Әлгі жолаушы періште тұрған жерге жеткенде, періште одан: «Қайда бара жатырсың?» – деп сұрайды. Жолаушы: «Анау ауылда тұратын бауырыма бара жатырмын», – деп жауап береді. Періште оған: «Сенің оған бұрын-соңды жасаған қандай да бір жақсылығың бар ма еді? Бәлкім, соның қарымын алуға бара жатқан боларсың?» – дейді. Сонда жолаушы оған: «Жо-жоқ, мен оны тек қана Алла Тағала үшін жақсы көремін», – дейді. Сол кезде періште оған: «Шынтуайтында, мен сол бауырыңды қалай жақсы көрген болсаң, Алла Тағала да сені дәл солай жақсы көреді» деп сүйіншілеу үшін Алланың саған жіберген елшісі едім», – деп айтады», – дегенін жеткізді (Муслим: 6549; Ахмад: 9958).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Однажды один человек отправился навестить и проведать своего брата по вере, жившего в другом селении. Тогда Аллах Всевышний поставил на его пути ангела. Когда путник дошёл до того места, где находился ангел, тот спросил его: “Куда ты направляешься?” Путник ответил: “Я иду к своему брату, живущему в том селении”. Ангел спросил: “Не оказывал ли ты ему прежде какого-нибудь благодеяния? Может быть, ты идёшь, чтобы получить за него ответное добро?” Путник ответил: “Нет-нет, я люблю его лишь ради Аллаха Всевышнего”. Тогда ангел сказал ему: “Воистину, я – посланник Аллаха, направленный к тебе, чтобы обрадовать тебя вестью о том, что Аллах Всевышний любит тебя так же, как ты любишь этого брата”» (Муслим: 6549; Ахмад: 9958).

363
Риядус-салихин, № 363Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ عَادَ مَرِيضًا أَوْ زَارَ أخًا لَهُ فِى اللَّهِ، نَادَاهُ مُنَادٍ: بِأَنْ طِبْتَ، وَطَابَ مَمْشَاكَ، وَتَبَوَّأتَ مِنَ الْجَنَّةِ مَنْزِلًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім Алла разылығы үшін науқасқа барып көңілін сұраса немесе бауырын арнайы іздеп келсе, бір періште оған: «(Алланың дәргейінде мол сауапқа кенелген) қандай бақытты жансың, басқан қадамың да қандай сауапты! Саған жұмақтан үй-жай нәсіп болды», – деп үн қатады», – деп айтты», – деген (Тирмизи: 2008; Ахмад: 7536).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «К тому, кто ради довольства Аллаха навестит больного, чтобы справиться о его состоянии, или специально придёт навестить своего брата, обратится ангел со словами: “Какой же ты счастливый человек (удостоившийся великой награды у Аллаха) и сколь благословен твой путь! Тебе уготовано жилище в раю”» (Ат-Тирмизи: 2008; Ахмад: 7536).

364
Риядус-салихин, № 364Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِى مُوسَى الْأشعرِى أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «إِنَّمَا مَثلُ الْجَلِيسِ الصَّالِحِ وَجَلِيسِ السُّوءِ، كَحَامِلِ الْمِسْكِ، وَنَافِخِ الْكِيرِ، فَحَامِلُ الْمِسْكِ: إِمَّا أَنْ يُحْذِيَكَ، وَإِمَّا أَنْ تَبْتَاعَ مِنْهُ، وَإِمَّا أَنْ تَجِدَ مِنْهُ رِيحًا طَيِّبَةً، وَنَافِخُ الْكِيرِ: إِمَّا أَنْ يُحْرِقَ ثِيَابَكَ، وَإِمَّا أَنْ تَجِدَ مِنْهُ رِيحًا مُنْتِنَةً»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғариден (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Жақсы жолдас пен жаман жолдас әтір сатушы мен ұстаханадағы көрік ұстайтын ұста тәрізді. Әтір сатушыға жақын болсаң, хош иістерінің бірін сыйға тартар, яки одан әтір сатып аларсың. Тіпті болмаса, аңқыған хош иістен ләззат аласың. Ал көрік ұстайтын ұстаға жақын болсаң, үстіңдегі киіміңді күйдіріп аласың, я болмаса жағымсыз иістен тұншығасың», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 5534; Муслим: 6692; Ахмад: 19624).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Мусы аль-Ашари (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Хороший и дурной товарищи подобны торговцу благовониями и кузнецу, раздувающему мехи в кузнице. Если ты окажешься рядом с торговцем благовониями, он либо подарит тебе какое-нибудь благовоние, либо ты купишь его у него. По крайней мере, ты насладишься приятным ароматом. А если окажешься рядом с кузнецом, раздувающим мехи, то он либо прожжёт твою одежду, либо ты будешь задыхаться от неприятного запаха» (Аль-Бухари: 5534; Муслим: 6692; Ахмад: 19624).

365
Риядус-салихин, № 365Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «تُنْكَحُ الْمَرْأَةُ لأَرْبَعٍ: لِمَالِهَا، وَلِحَسَبِهَا، وَلِجَمَالِهَا، وَلِدِينِهَا، فَاظْفَرْ بِذاتِ الدِّينِ تَربَتْ يَدَاك»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Әйелді – байлығына, шыққан тегіне, көркіне және діндарлығына қарап алады. Олай болса, осылардың ішіндегі діндар әйелді таңда, әйтпесе қапыда қаласың», – деп айтты» – делінген. (Бұхари: 5090; Муслим: 3635; Ахмад: 9521).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Женщину берут в жёны ради её богатства, происхождения, красоты и религиозности. Поэтому выбирай религиозную женщину, иначе останешься в проигрыше» (Аль-Бухари: 5090; Муслим: 3635; Ахмад: 9521).

366
Риядус-салихин, № 366Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاس، قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ لِجبرِيل: «مَا يَمْنَعُكَ أَنْ تَزُورَنَا أكثَر مِمَّا تَزُورَنَا؟» فَنَزَلَتْ: «وَمَا نَتَنَزَّلُ إِلَّا بِأَمْرِ رَبِّكَ لَهُ مَا بَيْنَ أَيْدِينَا وَمَا خَلْفَنَا وَمَا بَيْنَ ذَلِكَ»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ Жәбірейіл періштеден (ғ.с): «Сенің бізге қазіргіден де жиі келуіңе не кедергі?» – дегенде: «Біз (періштелер жерге) Раббыңның әмірімен ғана түсеміз. Алдымыздағы, артымыздағы және сол екі арадағының барлығы бір Өзіне ғана тиесілі»1 деген аят түсті», – деп айтқан (Бұхари: 4731; Ахмад: 2043).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен ими обоими Аллах) сказал: «Когда Пророк ﷺ спросил ангела Джибрила (мир ему): “Что мешает тебе приходить к нам чаще, чем сейчас?”, был ниспослан аят: “Мы (ангелы) нисходим на землю лишь по велению твоего Господа. Ему одному принадлежит всё, что перед нами, что позади нас и что находится между ними”1» (Аль-Бухари: 4731; Ахмад: 2043).

  1. 1«Мәриям» сүресі, 64 аят
  1. 1Сура «Марьям», аят 64.
367
Риядус-салихин, № 367Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا تُصَاحِبْ إِلَّا مُؤْمِنًا، وَلَا يَأْكُلْ طَعَامَكَ إِلَّا تَقِيٌّ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Мүміннен өзгесін жан досыңа балама! Дастарханыңнан тақуалар ғана дәм татсын!» – деп айтты» – делінген (Әбу Дәуіт: 4832; Тирмизи: 2395).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Саида (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Не избирай себе близким другом никого, кроме верующего! И пусть за твоим столом вкушают пищу только богобоязненные!» (Абу Дауд: 4832; Ат-Тирмизи: 2395).

368
Риядус-салихин, № 368Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وعن أَبي هريرة: أن النَّبيّ ﷺ قَالَ: «الرَّجُلُ عَلَى دِينِ خَلِيلِهِ، فَليَنْظُرْ أَحَدُكُمْ مَنْ يُخَالِلُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Расулалла ﷺ: «Адам баласы досының дінінде болады (яғни, досы қандай болса, ол да сондай болады), сондықтан әрқайсысың кіммен достасатынына айрықша мән берсін», – деп айтты» – делінген (Әбу Дәуіт: 4833; Тирмизи: 2378).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Человек следует религии своего друга (то есть каков его друг, таков и он), поэтому пусть каждый из вас особенно внимательно выбирает, с кем ему дружить» (Абу Дауд: 4833; Ат-Тирмизи: 2378).

369
Риядус-салихин, № 369Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِى مُوسَى الْأشعرِى: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «المَرْءُ مَعَ مَنْ أَحَبَّ»

وَفِى رِوَايَة: قيل لِلنَّبِيِّ ﷺ: الرَّجُلُ يُحبُّ الْقَومَ وَلَمَّا يَلْحَقْ بِهِمْ؟ قَالَ: «المَرْءُ مَعَ مَنْ أَحَبَّ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.): «Пайғамбарымыздың ﷺ: «Адам баласы (бұл дүниеде) кімді жақсы көрсе, (о дүниеде) сонымен бірге болады», – деді», – дегенін жеткізеді.

Басқа бір риуаятта: «Бір адам қайсыбір қауымды жақсы көріп, алайда игі іс істеуде оларға жете алмаса қалай болады?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз ﷺ: «Адам баласы (бұл дүниеде) кімді жақсы көрсе, (о дүниеде) сонымен бірге болады», – деп жауап берді делінген (Бұхари: 6170; Муслим: 6720; Ахмад: 19496).

Орысша аудармасы

Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Человек будет (в мире ином) с тем, кого любит (в этом мире)».

В другой версии сообщается, что один человек спросил: «Что будет с человеком, который любит неких людей, но не может сравниться с ними в совершении благих дел?» Пророк ﷺ ответил: «Человек будет (в мире ином) с тем, кого любит (в этом мире)» (Аль-Бухари: 6170; Муслим: 6720; Ахмад: 19496).

370
Риядус-салихин, № 370Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس: أَنَّ أعرابيًا قَالَ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ: مَتَى السَّاعَةُ؟ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا أعْدَدْتَ لَهَا؟» قَالَ: حُبَّ اللَّه ورَسُولهِ، قَالَ: «أَنْتَ مَعَ مَنْ أَحْبَبْتَ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Бірде әлдебір бәдәуи Алла елшісіне ﷺ келіп: «Қиямет қашан болады?» – деп сұрады. Алла елшісі әлгі бәдәуиге: «Қиямет күніне қандай дайындығың бар?» – деп өзіне қарсы сұрақ қойды. Бәдәуи: «Қиямет күніне дайындық ретінде көп ораза ұстадым, көп намаз оқыдым және молынан садақа бердім деп айта алмаймын. Алайда Алла мен Елшісін шын жүректен жақсы көремін», – деді. Сонда Алла елшісі: «Сен (қиямет күні) жақсы көргендеріңмен бірге боласың», – деп айтты», – деген (Бұхари: 3688; Муслим: 6710; Ахмад: 12075).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды один бедуин пришёл к Посланнику Аллаха ﷺ и спросил: “Когда наступит День воскресения?” Посланник Аллаха ﷺ в ответ спросил его: “Как ты подготовился к Дню воскресения?” Бедуин сказал: “Я не могу сказать, что в качестве подготовки к Дню воскресения много постился, много молился и раздавал много милостыни. Однако я всем сердцем люблю Аллаха и Его Посланника”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Ты (в День воскресения) будешь вместе с теми, кого любишь”» (Аль-Бухари: 3688; Муслим: 6710; Ахмад: 12075).

371
Риядус-салихин, № 371Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: جاء رجلٌ إِلَى رَسُولِ اللَّه ﷺ فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، كَيْفَ تَقُولُ فِى رَجُلٍ أَحَبَّ قَوْمًا وَلَمْ يَلْحَقْ بِهِمْ؟ فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «المَرْءُ مَعَ مَنْ أحَبَّ»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғуд (р.а.): «Бірде Алла елшісіне ﷺ бір кісі келіп: «Уа, Расулалла! Бір қауымды жақсы көретін, алайда олармен бірге бола алмаған (яғни, жақсы көрген қауымын бұл дүниеде көре алмаған) адам жайлы не дейсіз?» – деп сұрады. Сонда Алла елшісі: «Кісі жақсы көрген адамымен (қиямет күні) бірге болады», – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 6169; Муслим: 6718; Ахмад: 3718).

Орысша аудармасы

Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды к Посланнику Аллаха ﷺ пришёл человек и спросил: “О Посланник Аллаха! Что вы скажете о человеке, который любит неких людей, но не смог быть вместе с ними (то есть не смог встретиться в этом мире с теми, кого любил)?” Посланник Аллаха ответил: “Человек будет вместе с тем, кого любит (в День воскресения)”» (Аль-Бухари: 6169; Муслим: 6718; Ахмад: 3718).

372
Риядус-салихин, № 372Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «النَّاسُ مَعَادِنٌ كَمَعَادِنِ الذَّهَبِ وَالْفِضَّةِ، خِيَارُهُمْ فِى الْجَاهِلِيَّةِ خِيَارُهُمْ فِى الْإِسْلَامِ إِذَا فَقهُوا، وَالْأرْوَاحُ جُنُودٌ مُجَنَّدَةٌ، فَمَا تَعَارَفَ مِنْهَا ائْتَلَفَ، وَمَا تَنَاكَرَ مِنْهَا اخْتَلَفَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Адамдар алтын мен күміс секілді кенмен тең. Жаһилиятта жақсылардан болғандар Исламды қабылдап, оны терең түсінетін болса, мұсылмандықта да ізгі-жақсылардың қатарынан табылады. Ал рухтар – құдды жұмылған жауынгерлер іспеттес болады. Бір-бірімен танысып, табысқандары бірігіп, бірін-бірі танымайтындар қарама-қайшылықта болады», – деп айтты» – делінген. (Бұхари: 3336; Муслим: 6709; Ахмад: 10956).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Люди подобны рудникам золота и серебра. Те, кто был среди лучших во времена джахилии, окажутся среди лучших и в исламе, если примут его и глубоко постигнут. Души же подобны воинам, собранным в войско: те из них, что узнают друг друга и находят взаимное расположение, объединяются, а те, что друг друга не узнают, оказываются в разладе» (Аль-Бухари: 3336; Муслим: 6709; Ахмад: 10956).

Түсіндірме (қазақша)

Негізі мен тегі жақсы адам діннен хабарсыз жүрген кезінде де ізгілікке, әділдікке жаны жақын болады. Егер жүрек көзі ақиқатқа ашылып, хақ жолға түссе, өзінің табиғатына сай ізгілердің қатарынан табылады. Сондай-ақ адам баласы жаратылысынан жанына жақын болғанмен ғана табыса алады. Ал жанына жақпағанмен еш уақытта басы піспейді. Жаратылысынан ізгі адам өзі тәрізді ізгі жандармен бірге болғанды қалайды. Сол сияқты, табиғаты жаман адам да өзі секілді қара ниеттілерді іздеп табады.

Түсіндірме (орысша)

человек с благородной природой и хорошим происхождением даже тогда, когда он ничего не знает о религии, склонен к добру и справедливости. Если очи его сердца откроются истине и он ступит на истинный путь, то в соответствии со своей природой окажется среди праведных. Кроме того, человек по своей природе способен сблизиться лишь с тем, кто близок его душе. С тем же, к кому его душа не лежит, он никогда не сможет поладить. Добрый по природе человек желает быть в обществе столь же добрых людей. Точно так же человек с дурной природой ищет и находит людей с такими же чёрными помыслами, как у него.

373
Риядус-салихин, № 373

عَنْ أُسَيْر بْنِ عَمْرُو، ويقَالَ: ابن جابر وَهُوَ – بضم الْهمزة وفتح السين الْمهملة – قَالَ: كَانَ عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ إِذَا أَتَى عَلَيْهِ أمْدَادُ أَهْلِ الْيَمَنِ سَأَلَهُمْ: أفِيكُمْ أُوَيْسُ بْنُ عَامِرٍ؟ حَتَّى أَتَى عَلَى أُوَيْسٍ فَقَالَ لَهُ: أَنْتَ أُوَيْسُ ابْنُ عَامِر؟ قَالَ: نَعَمْ، قَالَ: مِنْ مُرَادٍ ثُمَّ مِنْ قَرَنٍ؟ قَالَ: نَعَمْ. قَالَ: فَكَانَ بِكَ بَرَصٌ، فَبَرَأْتَ مِنْهُ إِلَّا مَوْضِعَ دِرْهَمٍ؟ قَالَ: نَعَمْ. قَالَ: لَكَ وَالِدةٌ؟ قَالَ: نَعَمْ. قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «يَأْتِى عَلَيْكُمْ أُويْسُ بْنُ عَامِرٍ مَعَ أمْدَادِ أَهْلِ الْيَمَنِ مِنْ مُرَادٍ، ثُمَّ مِنْ قَرَنٍ كَانَ بِهِ بَرَصٌ، فَبَرَأَ مِنْهُ إِلَّا موْضِعَ دِرْهَمٍ، لَهُ وَالِدةٌ هُوَ بِهَا بَرٌّ لَوْ أقْسَمَ عَلَى اللَّهِ لأَبَرَّهُ، فإِنِ اسْتَطَعْتَ أَنْ يَسْتَغْفِرَ لَكَ فَافْعَل» فَاسْتَغْفِرْ لِى فَاسْتَغْفَرَ لَهُ، فَقَالَ لَهُ عُمَرُ: أيْنَ تُرِيدُ؟ قَالَ: الْكُوفَةَ، قَالَ: أَلَا أكْتُبُ لَكَ إِلَى عَامِلِهَا؟ قَالَ: أَكُونُ فِى غَبْرَاءِ النَّاسِ أَحَبُّ إِلَيَّ، فَلَمَّا كَانَ مِنَ الْعَامِ الْمُقْبِلِ حَجَّ رَجُلٌ مِنْ أشْرَافِهِمْ، فَوافَقَ عُمَرَ، فَسَأَلَهُ عَنْ أُوَيْسٍ، فَقَالَ: تَرَكْتُهُ رَثَّ الْبَيْتِ قَلِيلَ الْمَتَاع، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «يَأْتِى عَلَيْكُمْ أُوَيْسُ بْنُ عَامِرٍ مَعَ أمْدَادٍ مِنْ أَهْلِ الْيَمَنِ مِنْ مُرَادٍ، ثُمَّ مِنْ قَرَنٍ، كَانَ بِهِ بَرَصٌ فَبَرَأَ مِنْهُ إِلَّا مَوضِعَ دِرْهَمٍ، لَهُ وَالِدَةٌ هُوَ بِهَا بَرٌّ لَوْ أقْسَمَ عَلَى اللَّهِ لأَبَرَّهُ، فَإِنِ اسْتَطْعتَ أَنْ يَسْتَغْفِرَ لَكَ، فَافْعَلْ» فَأتَى أُوَيْسًا، فَقَالَ: اسْتَغْفِرْ لِى. قَالَ: أَنْتَ أحْدَثُ عَهْدًا بسَفَرٍ صَالِحٍ، فَاسْتَغْفِرْ لي. قَالَ: لَقِيتَ عُمَرَ؟ قَالَ: نَعَمْ، فاسْتَغْفَرَ لَهُ، فَفَطِنَ لَهُ النَّاسُ، فَانْطَلَقَ عَلَى وَجْهِهِ. رواه مسلم

وَفِى رِوَايَة لمسلم أيضًا عَنْ أُسَيْر بْنِ جابر: أَنَّ أَهْلَ الْكُوفَةِ وَفَدُوا عَلَى عُمَرَ، وَفِيهمْ رَجُلٌ مِمَّنْ كَانَ يَسْخَرُ بِأُوَيْسٍ، فَقَالَ عُمَرُ: هَلْ هَاهُنَا أَحَدٌ مِنَ الْقَرَنِيِّينَ؟ فَجَاءَ ذَلِكَ الرَّجُلُ، فَقَالَ عمرُ: إِنَّ رَسُول اللَّهِ ﷺ قَدْ قَالَ: «إِنَّ رَجُلًا يَأْتِيكُمْ مِنَ الْيَمَنِ يُقَالُ لَهُ: أُوَيْسٌ، لَا يَدَعُ باليَمَنِ غَيْرَ أُمٍّ لَهُ، قَدْ كَانَ بِهِ بَيَاضٌ فَدَعَا اللَّه تَعَالَى، فَأذْهَبَهُ إِلَّا مَوضِعَ الدِّينَارِ أَو الدِّرْهَمِ، فَمَنْ لَقِيَهُ مِنْكُمْ، فَلْيَسْتَغْفِرْ لَكُمْ»

وَفِى رِوَايَة لَهُ: عَنْ عمر، قَالَ: إِنِّى سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، يَقُولُ: «إِنَّ خَيْرَ التَّابِعِينَ رَجُلٌ يُقَالُ لَهُ: أُوَيْسٌ، وَلَهُ وَالِدَةٌ وَكَانَ بِهِ بَيَاضٌ، فَمُرُوهُ، فَلْيَسْتَغْفِرْ لَكُمْ»

Қазақша аудармасы

Усәйр ибн Амр (р.а.) (ибн Жәбир деп те айтылады): «Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) құзырына йемендіктердің жасағы келген сайын, олардан: «Араларыңда Уәйс ибн Амир1 бар ма?» – деп сұрайтын. Ақыры ол Уәйске жолығып: «Сен Уәйс ибн Амирсің бе?» – деп сұрады. Ол: «Иә» – дегенде, Омар: «Мурад тайпасынан, оның ішінде Қаран руынансың ғой?» – деп сұрады. Уәйс: «Иә», – деп еді, ол: «Сен бұрын алапес боп ауырып, артынша жазылдың ғой, одан тек бір дирхамның көлеміндей ғана жара қалды емес пе?» – деп тағы да нақтылады. Ол тағы да: «Иә», – деді. Соңында: «Сенің анаң бар емес пе?» – дегенде, Уәйс: «Иә», – деп жауап берді. Сонда Омар: «Мен Алла елшісінің ﷺ: «Сендерге йемендіктердің жасағымен бірге Уәйс ибн Амир (деген бір кісі) келеді. Ол Мурад тайпасы, оның ішінде Қаран руынан болады. Ол алапес болған, артынша жазылып, тұла бойында одан тек бір дирхамның көлеміндей ғана жара қалып қойған. Оның анасы бар, ол анасына өте жақсы қарайды. Егер де ол қандай да бір іске Алланың атын атап ант етсе, Алла Тағала оның айтқанын міндетті түрде болдырады. Егер одан өзің үшін кешірім тілетіп, бата ала алсаң, солай істе», – дегенін естігенмін. Мен үшін Алладан кешірім тілеші», – деді. Уәйс ол үшін кешірім тіледі. Сосын Омар одан: «Қайда бет алдың?» – деп сұрады. Ол: «Куфаға» – дегенде, оған: «Сен үшін сол өңірдің әкіміне хат жазып берейін бе?» – деп ілтипат танытты. Сонда Уәйс: «Маған елеусіз пақыр-міскіндердің арасында болған әлдеқайда ұнамды», – деп бас тартты. Келесі жылы (Уәйс барған жердің) игі-жақсыларынан болған бір кісі қажылыққа келіп, Омармен кездеседі, сонда Омар одан Уәйс жайлы сұрайды. Әлгі қажы: «Мен қажылыққа аттанғанда ол дүниесі аз әрі ескі-құсқы болған жұпыны үйде (тұрып жатқан) болатын», – дейді. Сонда Омар: «Мен Алла елшісінің: «Сендерге йемендіктердің жасағымен бірге Уәйс ибн Амир (деген бір кісі) келеді. Ол Мурад тайпасы, оның ішінде Қаран руынан болады. Ол алапес болған, артынша жазылып, тұла бойында одан тек бір дирхамның көлеміндей ғана жара қалып қойған. Оның анасы бар, ол анасына өте жақсы қарайды. Егер де ол қандай да бір іске Алланың атын атап ант етсе, Алла Тағала оның айтқанын міндетті түрде болдырады. Егер одан өзің үшін кешірім тілетіп, бата ала алсаң, солай істе», – дегенін естідім», – дейді. Содан әлгі қажы (еліне оралған бойда) Уәйске барып: «Мен үшін (Алладан) кешірім тілеші», – деп өтінеді. Уәйс болса: «Сен салиқалы сапардан жаңа ғана оралған жансың ғой, керісінше, сен мен үшін кешірім тілеші», – дейді. Артынша Уәйс оған: «Омармен кездестің бе?» – дейді. Ол: «Иә», – дегенде, (оның мән-жайды білетінін түсініп) ол үшін (Алладан) кешірім тілейді. Содан ел-жұрт ол жайлы (яғни оның дұға-тілегі қабыл болатын, аузы дуалы, сөзі уәлі әулие кісі екенін) біліп қояды. Сөйтіп Уәйс ол жерден кетіп қалады», – деген (Муслим: 6492; Ахмад: 266).

Имам Муслимнің Усәйр ибн Жәбирден жеткізген тағы бір риуаятында, Омардың (р.а.) құзырына Куфа тұрғындарынан бір топ адам келеді. Олардың қатарында Уәйсті кемсітіп, мазақтап жүрген бір адам да бар еді. Омар (р.а.) олардан: «Мұнда қарандықтардан біреу бар ма?» – деп сұрайды. Сонда (оның құзырына) әлгі адам келеді. Сонда Омар: «Расында, Алла елшісі: «Сендерге Йемен жерінен Уәйс деген кісі келеді. Йеменде оның анасынан басқа ешкімі болмайды. Ол кезінде алапес болған, содан ол Аллаға дұға еткенде, Алла оны алапестен айықтырып, тұла бойында одан тек бір динардың немесе дирхамның көлеміндей ғана жара қалған. Араларыңнан кімде-кім оған жолықса, сендер үшін (Алладан) кешірім тілесін (яғни одан өздерің үшін Алладан кешірім тілеуін өтініңдер)», – деп айтқан еді», – деген (6490).

Омардан (р.а.) жеткен басқа бір риуаятта ол: «Мен Алла елшісінің: «Расында, табиғиндердің ең қайырлысы – Уәйс деген кісі! Оның анасы бар және оның тәнінде ақтаңдақ болған. Оған айтыңдар, сендер үшін (Алладан) кешірім тілесін», – деп айтқанын естідім», – деген (6491).

Орысша аудармасы

Усайр ибн Амр (да будет доволен им Аллах) (его также называют Усайром ибн Джабиром) передал, что всякий раз, когда к Умару ибн аль-Хаттабу (да будет доволен им Аллах) прибывали отряды йеменцев, он спрашивал их: «Есть ли среди вас Увайс ибн Амир1?» Наконец он встретил Увайса и спросил: «Ты Увайс ибн Амир?» Тот ответил: «Да». Умар спросил: «Ты из племени Мурад, из рода Каран?» Увайс ответил: «Да». Умар продолжил: «Прежде ты болел проказой, а затем исцелился, и от неё осталось лишь пятно размером с дирхам, не так ли?» Тот вновь ответил: «Да». Наконец Умар спросил: «У тебя ведь есть мать?» Увайс ответил: «Да». Тогда Умар сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Вместе с отрядами йеменцев к вам придёт Увайс ибн Амир (человек по имени Увайс ибн Амир). Он будет из племени Мурад, из рода Каран. Прежде он болел проказой, но затем исцелился, и на его теле осталось лишь пятно размером с дирхам. У него есть мать, к которой он относится с исключительной заботой и почтением. Если он поклянётся именем Аллаха относительно какого-либо дела, Аллах Всевышний непременно исполнит то, о чём он поклялся. Если сможешь попросить его помолиться о твоём прощении и получить его благословение, непременно сделай это”. Поэтому попроси Аллаха простить меня».

Увайс помолился о прощении Умара. Затем Умар спросил его: «Куда ты направляешься?» Увайс ответил: «В Куфу». Умар, желая оказать ему почтение, предложил: «Не написать ли для тебя письмо правителю той области?» Однако Увайс отказался, сказав: «Мне гораздо милее оставаться среди никому не известных бедняков».

На следующий год один из достойных людей той местности (куда отправился Увайс) прибыл совершить хадж и встретился с Умаром. Умар спросил его об Увайсе. Паломник ответил: «Когда я отправлялся в хадж, он (жил) в убогом доме, имея лишь немного ветхих вещей». Тогда Умар сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Вместе с отрядами йеменцев к вам придёт Увайс ибн Амир (человек по имени Увайс ибн Амир). Он будет из племени Мурад, из рода Каран. Прежде он болел проказой, но затем исцелился, и на его теле осталось лишь пятно размером с дирхам. У него есть мать, к которой он относится с исключительной заботой и почтением. Если он поклянётся именем Аллаха относительно какого-либо дела, Аллах Всевышний непременно исполнит то, о чём он поклялся. Если сможешь попросить его помолиться о твоём прощении и получить его благословение, непременно сделай это”».

Вернувшись на родину, паломник сразу же пришёл к Увайсу и попросил: «Попроси для меня прощения (у Аллаха)». Увайс ответил: «Ты ведь только что вернулся из благословенного путешествия. Напротив, это ты попроси прощения для меня». Затем Увайс спросил его: «Ты встречался с Умаром?» Тот ответил: «Да». Тогда Увайс (поняв, что тот знает обо всём) помолился за него о прощении (у Аллаха). Вскоре людям стало известно о нём (то есть о том, что он – праведник, чьи молитвы принимаются, а слова наделены особой силой и сбываются), после чего Увайс покинул те места. (Муслим: 6492; Ахмад: 266).

В другой версии, переданной имамом Муслимом со слов Усайра ибн Джабира, сообщается, что к Умару (да будет доволен им Аллах) прибыла группа жителей Куфы. Среди них находился человек, который унижал и высмеивал Увайса. Умар (да будет доволен им Аллах) спросил их: «Есть ли здесь кто-нибудь из рода Каран?» Тогда этот человек предстал перед ним. Умар сказал: «Поистине, Посланник Аллаха ﷺ сказал: “К вам из Йемена придёт человек по имени Увайс. В Йемене у него не будет никого, кроме матери. Прежде он болел проказой, но, когда обратился к Аллаху с мольбой, Аллах исцелил его, оставив на его теле лишь пятно размером с динар или дирхам. Пусть каждый из вас, кто встретится с ним, попросит его испросить для вас прощения (у Аллаха) (то есть попросите его помолиться Аллаху о вашем прощении)”» (Муслим: 6490).

В другой версии, переданной от Умара (да будет доволен им Аллах), говорится, что он сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, лучший из табиинов – человек по имени Увайс! У него есть мать, а на теле у него было белое пятно. Попросите его испросить для вас прощения (у Аллаха)”» (Муслим: 6491).

  1. 1Уәйс ибн Амир немесе руына телініп, Уәйс әл-Қарани деп аталған әйгілі әулие табиғиннің қазақ халқының фольклорындағы төрт түліктің ішіндегі түйе малының пірі болған әйгілі Ойсылқара екендігі айтылады.
  1. 1Считается, что знаменитый праведник из числа табиинов Увайс ибн Амир, известный также по названию своего рода как Увайс аль-Карани, – это Ойсылкара, покровитель верблюдов в казахском фольклоре (верблюды – один из четырёх основных видов домашнего скота).
374
Риядус-салихин, № 374Риуаят етуші: Омар (р.а.)

عَنْ عمر بْنِ الْخطاب قَالَ: اسْتَأْذَنْتُ النَّبِيَّ ﷺ فِى الْعُمْرَةِ، فَأذِنَ لِى، وَقَالَ: «لَا تَنْسَنا يَا أُخَيَّ مِنْ دُعَائِكَ» فَقَالَ كَلِمَةً مَا يَسُرُّنِى أَنَّ لِى بِهَا الدُّنْيَا

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.): «Пайғамбарымыздан ﷺ умраға (кіші қажылыққа) бару үшін рұқсат сұрағанымда, маған рұқсат етіп: «Бауырым! Дұға жасағаныңда бізді де ұмытпа», – деді. (Басқа бір риуаятта: «Бауырым! Дұғаларыңа бізді де қос» – деп айтылған). Сонда Алла елшісінің бұл сөзіне риза болғаным соншалық – сол сәтте бүкіл әлем менікі болса да, дәл солай қуанбас едім», – деп айтты (Әбу Дәуіт: 1498; Тирмизи: 3562).

Орысша аудармасы

Умар ибн аль-Хаттаб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Когда я попросил у Пророка ﷺ разрешения совершить умру (малое паломничество), он разрешил мне и сказал: “Брат мой! Когда будешь обращаться с мольбами, не забудь и о нас”. (В другой версии передаётся: “Брат мой! Включи и нас в свои мольбы”.) Эти слова Посланника Аллаха так обрадовали меня, что, даже если бы в тот миг весь мир принадлежал мне, я не испытал бы такой радости» (Абу Дауд: 1498; Ат-Тирмизи: 3562).

375
Риядус-салихин, № 375Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يزور قُبَاءَ رَاكِبًا وَمَاشِيًا، فَيُصَلِّى فِيهِ رَكْعَتَيْنِ.

وَفِى رِوَايَة: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يَأْتي مَسْجِد قُبَاءَ كُلَّ سَبْتٍ رَاكبًا، وَمَاشِيًا وَكَانَ ابْنُ عُمَرَ يَفْعَلُهُ

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ Құба мешітіне мініс көлікпен де, жаяу да барып, сонда екі бас (рәкағат) намаз оқитын», – деген (Бұхари: 1194; Муслим: 3390).

Басқа бір риуаятта: «Пайғамбарымыз Құба мешітіне әр сенбі сайын мініс көлікпен де, жаяу да барып тұратын. (Кейін) Ибн Омар да солай істейтін болды», – делінген (Бұхари: 1193; Муслим: 3395).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен им Аллах) сказал: «Пророк ﷺ посещал мечеть Куба, добираясь туда как верхом, так и пешком, и совершал там молитву в два молитвенных цикла (ракаата)» (Аль-Бухари: 1194; Муслим: 3390).

В другой версии сообщается: «Пророк ﷺ каждую субботу посещал мечеть Куба, добираясь туда как верхом, так и пешком. (Впоследствии) Ибн Умар также стал поступать так» (Аль-Бухари: 1193; Муслим: 3395).