Хадис

Үлкендерге, ғалымдарға, ізгі жандарға сый-құрмет көрсету жайында

Об оказании почтения старшим, учёным и праведным людям

Риядус-салихин, 44-тақырып · 12 хадис · № 349–360

Хадистер

«قُلْ هَلْ يَسْتَوِى الَّذِينَ يَعْلَمُونَ وَالَّذِينَ لَا يَعْلَمُونَ إِنَّمَا يَتَذَكَّرُ أُولُو الْأَلْبَابِ» «...«Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» деп айт. Негізі, тек нағыз ақыл иелері ғана ой жүгіртіп ғибрат алады» («Зүмар» сүресі, 9-аят).

«Скажи: “Равны ли знающие и невежды?” Но извлекают назидание и задумываются лишь обладатели разума» (сура «Зумар», 39:9).

349
Риядус-салихин, № 349

عَنْ أَبِى مَسْعُودٍ عقبةَ بْنِ عَمْرُو الْبدرِى الْأنصارِى قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَؤُمُّ الْقَوْمَ أقْرَؤُهُمْ لِكِتَابِ اللَّه، فَإِنْ كَانُوا فِى الْقِراءةِ سَوَاءً، فأَعْلَمُهُمْ بِالسُّنَّةِ، فَإِنْ كَانُوا فِى السُّنَّةِ سَوَاءً، فَأَقْدَمُهُمْ هِجْرَةً، فَإِنْ كَانُوا فِى الْهِجْرَةِ سَوَاءً، فَأقْدَمُهُمْ سِنًّا، وَلَا يُؤمّنَّ الرَّجُلُ الرَّجُلَ فِى سُلْطَانِهِ، وَلَا يَقْعُدْ فِى بَيْتِهِ عَلَى تَكْرِمَتِهِ إِلَّا بِإِذْنهِ»

وَفِى رِوَايَة لَهُ: «فَأقْدَمُهُمْ سِلْمًا» بَدَلَ «سِنًّا»: أيْ إِسْلَامًا. وَفِى رِوَايَة: «يَؤُمُّ الْقَومَ أقْرَؤُهُمْ لِكِتَابِ اللَّهِ، وَأقْدَمُهُمْ قِراءةً، فَإِنْ كَانَتْ قِرَاءتُهُمْ سَوَاءً فَيَؤُمُّهُمْ أقْدَمُهُمْ هِجْرَةً، فَإِنْ كَانُوا فِى الْهِجْرَةِ سَواء، فَليَؤُمُّهُمْ أَكْبَرُهُمْ سِنًّا»

Қазақша аудармасы

Әбу Масғуд (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Жамағатқа Құранды ең жақсы білетін және көп оқитын адам имам болсын. Егер Құран оқуды бәрі жақсы меңгерген болса, сүннетті ең жақсы білетіні оқытсын. Егер олардың сүннетте де білімдері деңгейлес болса, алғаш болып һижрет жасағаны, һижретте де дәрежелері бірдей болса, жасы үлкен кісі имам болсын. Сондай-ақ ешкім біреудің билік жүргізіп отырған жерінде1 қожайынның рұқсатынсыз имамдыққа шықпасын және (біреудің үйіне барғанда) үй иесінің рұқсатынсыз төрге шықпасын», – деп айтты», – деген (Муслим: 1532; Ахмад: 17099).

Имам Муслимнің басқа бір риуаятында «жасы үлкен кісі болсын» дегеннің орнына «исламды бұрын қабылдаған кісі болсын» деп келген. (1534)

Орысша аудармасы

Абу Масуд (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Пусть имамом для общины будет тот, кто лучше всех знает Коран и больше всех его читает. Если все одинаково хорошо владеют чтением Корана, пусть молитву возглавит тот, кто лучше всех знает сунну. Если они равны и в знании сунны, пусть имамом будет тот, кто раньше совершил хиджру. Если же они равны и в этом, пусть имамом будет старший по возрасту. И пусть никто не становится имамом там, где власть принадлежит другому человеку1, без его разрешения и (придя в чужой дом) не занимает почётного места без разрешения хозяина» (Муслим: 1532; Ахмад: 17099).

В другой версии, переданной имамом Муслимом, вместо слов «пусть имамом будет старший по возрасту» сказано: «пусть имамом будет тот, кто раньше принял ислам» (Муслим: 1534).

  1. 1Мешітте имам тұрғанда оның рұқсатынсыз басқа біреу жамағатқа имам бола алмайды. Үйде үй иесінің рұқсатынсыз қонақ намаз оқыта алмайды. Сондай-ақ құл қожайынына, бағынышты адам басшысына, қарыз алған адам қарыз берген адамға рұқсатсыз имам бола алмайды.
  1. 1Если в мечети есть имам, другой человек не может возглавлять молитву без его разрешения. В чужом доме гость не может вести молитву без разрешения хозяина. Также раб не может без разрешения своего господина возглавлять молитву в его присутствии, подчинённый – в присутствии своего начальника, а должник – в присутствии того, кому он должен.
350
Риядус-салихин, № 350

وَعَنْهُ، قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَمْسَحُ مَنَاكِبَنَا فِى الصَّلَاةِ، وَيَقُولُ: «اسْتَوُوا وَلَا تَخْتَلِفُوا، فَتَخْتَلِفَ قُلُوبُكُمْ، لِيَلِنِى مِنْكُمْ أُولُوا الْأحْلَامِ وَالنُّهَى، ثُمَّ الَّذِينَ يَلُونَهُمْ، ثُمَّ الَّذِينَ يَلُونَهُمْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Масғуд (р.а.): «Алла елшісі ﷺ намаздан (бұрын) біздің иықтарымызды ұстап: «(Саптарыңды) түзеңдер әрі (бірің алға шығып, бірінің артқа кетіп) қыңыр-қисық боп тұрмаңдар, әйтпесе жүректерің қайшылыққа түседі. Менен кейін (алдыңғы сапта) араларыңдағы ақыл-парасаты толысқан кісілер тұрсын, одан кейін (ақыл-парасат деңгейіне қарай) олардан кейінгілер, содан соң олардан кейінгілер тұрсын», – деп айтты», – деген (Муслим: 972; Ахмад: 17102).

Орысша аудармасы

Абу Масуд (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Перед намазом (до его начала) Посланник Аллаха ﷺ брал нас за плечи и говорил: “Выравнивайте (свои ряды) и не нарушайте их строй (так, чтобы один выступал вперёд, а другой оставался позади), иначе и ваши сердца разойдутся. Пусть непосредственно за мной (в первом ряду) стоят наиболее зрелые и благоразумные из вас, затем – следующие за ними (по степени зрелости и рассудительности), а после них – следующие”» (Муслим: 972; Ахмад: 17102).

351
Риядус-салихин, № 351Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ بنْ مَسْعُود، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لِيَلِنِى مِنْكُمْ أُولُوا الْأحْلَام وَالنُّهَى، ثُمَّ الَّذِينَ يَلُونَهُمْ» ثَلَاثًا «وَإِيَّاكُمْ وَهَيْشَاتِ الْأسْوَاق»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.): «Алла елшісі ﷺ «Менен кейін (алдыңғы сапта) араларыңдағы ақыл-парасаты толысқан кісілер тұрсын, одан кейін (ақыл-парасат деңгейіне қарай) олардан кейінгілер тұрсын, содан соң олардан кейінгілер, содан соң олардан кейінгілер тұрсын. Базарлардағыдай иқы-жиқы, ығы-жығы, у-ду болмаңдар1», – деп айтты», – деген (Муслим: 974).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Пусть непосредственно за мной (в первом ряду) стоят наиболее зрелые и благоразумные из вас, затем – следующие за ними (по степени зрелости и рассудительности), затем – следующие за ними, а после них – следующие. Не стойте вперемешку, не толпитесь и не шумите, как на рынке1» (Муслим: 974).

  1. 1Мешітте және намазда базардағыдай үлкен-кіші, ер-әйел, бала-шаға боп араласып, ығы-жығы, у-ду болмаңдар.
  1. 1В мечети и во время намаза не стойте вперемешку – старшие и младшие, мужчины, женщины и дети – и не создавайте толчею и шум, как на рынке.
352
Риядус-салихин, № 352

عَنْ أَبِى يَحيَى، وقيل: أَبِى محمد سهلِ بْنِ أَبِى حَثْمة – بفتح الْحاءِ الْمهملة وإِسكان الثاءِ الْمثلثةِ – الْأنصارِى، قَالَ: انطَلَقَ عَبْدُ اللَّهِ بنُ سهْلٍ وَمُحَيِّصَة بْنِ مَسْعُود إِلَى خَيْبَرَ وَهِيَ يَوْمَئِذٍ صُلْحٌ، فَتَفَرَّقَا، فَأتَى مُحَيِّصَةُ إِلَى عَبْدِ اللَّهِ ِ ابنِ سهل وَهُوَ يَتشَحَّطُ»«في دَمِهِ قَتِيلًا، فَدَفَنَهُ، ثُمَّ قَدِمَ الْمَدِينَةَ فَانْطَلَقَ عَبْدُ الرحمان ابنُ سهل وَمُحَيِّصَةُ وحوَيِّصَةُ ابْنَا مَسْعُودٍ إِلَى النَّبِيّ ﷺ، فَذَهَبَ عَبْدُ الرحمان يَتَكَلَّمُ، فَقَالَ: «كَبِّرْ كَبِّرْ» وَهُوَ أحْدَثُ الْقَوم، فَسَكَتَ، فَتَكَلَّمَا، فَقَالَ: «أتَحْلِفُونَ وتَسْتَحِقُّونَ قَاتِلَكُمْ؟ …» وذكر تمام الْحَدِيث

Қазақша аудармасы

Әбу Яхия (Әбу Мұхаммед деп те айтылады) Сәһл ибн Әбу Хасма әл-Ансари (р.а.): «Бірде Абдуллаһ ибн Сәһл мен Мухайиса ибн Масғуд (сол күндері мұсылмандармен бейбіт келісімде болған) Хайбарға аттанған еді. Содан екеуі (Хайбарға жеткен соң әрбірі өз шаруасымен) екі жаққа кетеді. Біраз уақыттан соң Мухайиса (өз шаруасын бітіріп) Абдуллаһ ибн Сәһлге келсе, ол қан-жоса болған күйде тыпырлап өлім аузында жатыр екен. Содан оны сол жақта жерлеген соң Мәдинаға келеді. Содан марқұмның туған бауыры Абдуррахман ибн Сәһл, Масғудтың екі ұлы Мухайиса мен Хуаийса үшеуі бірге Пайғамбарымызға ﷺ келеді. Абдуррахман (бауырына қатысты болған жайды) айта бастағанда Алла елшісі оған: «Үлкенге сөз бер, үлкенге сөз бер», – деп (онымен бірге келген жасы үлкен Мухайиса мен Хуайисаны меңзейді), өйткені үшеуінің ішіндегі ең кішісі сол еді. Сонда ол үндемей қалды, жасы үлкен екі туысы мән-жайды баяндады. Пайғамбарымыз: «(Елу рет) ант ішесіңдер ме, сөйтіп мерт болған бауырларыңның қанын даулайсыңдар ма?» – деді», – деп хадисті толық жеткізген (Бұхари: 3173; Муслим: 4342; Ахмад: 16091.

Орысша аудармасы

Абу Яхья (его также называют Абу Мухаммадом) Сахль ибн Абу Хасма аль-Ансари (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды Абдуллах ибн Сахль и Мухайиса ибн Масуд отправились в Хайбар (с жителями которого в те дни у мусульман действовал мирный договор). Прибыв туда, они разошлись в разные стороны (каждый по своим делам). Через некоторое время Мухайиса (закончив свои дела) пришёл к Абдуллаху ибн Сахлю и увидел, что тот убит и лежит весь в крови. Тогда он похоронил его там же и вернулся в Медину. После этого родной брат погибшего Абдуррахман ибн Сахль, а также сыновья Масуда – Мухайиса и Хуайиса – втроём пришли к Пророку ﷺ. Когда Абдуррахман начал рассказывать (о том, что произошло с его братом), Посланник Аллаха сказал ему: “Пусть говорит старший, пусть говорит старший”, – имея в виду пришедших вместе с ним Мухайису и Хуайису, которые были старше его, поскольку сам Абдуррахман был самым младшим из троих. Тогда он замолчал, а двое его старших родственников изложили обстоятельства произошедшего. Пророк ﷺ спросил: “Готовы ли вы поклясться (пятьдесят раз), чтобы потребовать возмещения за кровь вашего погибшего брата?”» После этого Сахль ибн Абу Хасма передал хадис полностью. (Аль-Бухари: 3173; Муслим: 4342; Ахмад: 16091).

353
Риядус-салихин, № 353Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِر: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يَجْمَعُ بَيْنَ الرَّجُلَيْنِ مِنْ قَتْلَى أُحُد يَعْنِى فِى الْقَبْرِ، ثُمَّ يَقُولُ: «أيُّهُمَا أَكْثَرُ أخذًا للقُرآنِ؟» فَإِذَا أُشيرَ لَهُ إِلَى أَحَدِهِمَا قَدَّمَهُ فِى اللَّحْدِ

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ Ухуд шейіттерін жерлегенде, бір қабірге екі адамнан қойған болатын. (Жерлеу барысында): «Екеуінің қайсысы Құранды көп жаттаған?» – деп сұрап тұрды, ел-жұрт оған мынау деп қайсыбірін көрсетсе лақатқа соны бірінші жатқызды1», – деген (Бұхари: 1343).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) передал: «Когда Пророк ﷺ хоронил павших при Ухуде, он укладывал по два человека в одну могилу. (Во время погребения) он спрашивал: “Кто из этих двоих знал наизусть больше Корана?” Когда люди указывали на одного из них, он первым укладывал в могильную нишу именно его1» (Аль-Бухари: 1343).

  1. 1Құранды көбірек жаттаған шейітті Құбылаға жақын жатқызды.
  1. 1Павшего, который знал наизусть больше Корана, укладывали ближе к кибле.
354
Риядус-салихин, № 354Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ، قَالَ: «أرَانِى فِى الْمَنَامِ أتَسَوَّكُ بِسِوَاكٍ، فَجَاءنِى رَجُلانِ، أَحَدُهُمَا أكبر مِنَ الآخرِ، فَنَاوَلْتُ السِّوَاكَ الْأصْغَرَ، فَقِيلَ لِى: كَبِّرْ، فَدَفَعْتهُ إِلَى الْأكْبَرِ مِنْهُمَا»

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Түсімде мисуакпен тісімді ысып жатқанымды көрдім. Сол сәтте маған бірі үлкен екіншісі жастау болған екі ер адам келді. Мисуакті жасы кішіге ұсынғанымда, маған жасы үлкенге бер делінді, сөйтіп оны жасы үлкенге бердім», – деп айтқан. (Муслим: 5933,7508; Бұхари: 246).

Орысша аудармасы

Передают со слов Ибн Умара (да будет доволен ими обоими Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Мне приснилось, будто я чистил зубы мисваком. В это время ко мне подошли двое мужчин: один старше, а другой моложе. Когда я протянул мисвак младшему, мне было велено: “Отдай его старшему”, – и тогда я отдал его старшему» (Муслим: 5933, 7508; Аль-Бухари: 246).

355
Риядус-салихин, № 355Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِى مُوسَى قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ مِنْ إِجْلالِ اللَّهِ تَعَالَى: إِكْرَامَ ذِى الشَّيْبَةِ الْمُسْلِمِ، وَحَامِلِ الْقُرآنِ غَيْرِ الْغَالِى فِيهِ، وَالجَافِى عَنْهُ، وَإِكْرَامَ ذِى السُّلْطَانِ الْمُقْسِط»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұсадан (р.а.) жеткен хадисте: «Расулалла ﷺ: «Ақ шашты, ақ сақалды мұсылман қарияны, Құран оқығанда немесе үкімдерін орындағанда қатты кетіп, шектен шықпайтын немесе немқұрайлылық танытып, одан қол үзбейтін хафызды және әділ патшаны құрметтеу – Алланы ұлықтаудың бір түрі болып табылады», – деп айтты» – делінген. (Әбу Дәуіт: 4843).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абу Мусы (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Почитание седовласого и седобородого мусульманина преклонного возраста, хафиза, который при чтении Корана и исполнении его предписаний не впадает в крайности и не переходит границ, но и не относится к нему небрежно и не оставляет его, а также справедливого правителя является одним из проявлений почитания Аллаха» (Абу Дауд: 4843).

356
Риядус-салихин, № 356Риуаят етуші: Амр ибн Шұғайыб әкесі арқылы атасынан

عَنْ عَمْرُو بْنِ شعيب، عَنْ أبيه، عَنْ جده، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَيْسَ مِنَّا مَنْ لَمْ يَرْحَمْ صَغِيرنَا، وَيَعْرِفْ شَرَفَ كَبيرِنَا»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Кішілерімізге мейірімділік танытпаған және үлкендерімізді құрметтемеген адам бізден емес (яғни, ондай адам шынайы мүмін-мұсылманға лайықты іс істеуші емес)», – деп айтты» – делінген. (Әбу Дәуіт: 4943; Тирмизи: 1920).

Орысша аудармасы

Передают со слов Абдуллаха ибн Амра (да будет доволен ими обоими Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Не из нас тот, кто не проявляет милосердия к нашим младшим и не почитает наших старших (то есть такой человек поступает не так, как подобает истинному верующему мусульманину)» (Абу Дауд: 4943; Ат-Тирмизи: 1920).

357
Риядус-салихин, № 357

عَنْ ميمون بْنِ أَبِى شَبيب رحمه اللَّه: أَنَّ عَائِشَة رَضي اللَّه عَنْهَا مَرَّ بِهَا سَائِلٌ، فَأعْطَتْهُ كِسْرَةً، وَمَرَّ بِهَا رَجُلٌ عَلَيْهِ ثِيَابٌ وَهَيْئَةٌ، فَأقْعَدَتهُ، فَأكَلَ، فقِيلَ لَهَا فِى ذَلِكَ؟ فقَالتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أنْزِلُوا النَّاسَ مَنَازِلَهُمْ» رواه أَبُو داود. لكن قَالَ: ميمون لم يدرك عَائِشَة

Қазақша аудармасы

Маймун ибн Әбу Шәбиб (р.а.) жеткізген деректе: «Айша (р.а.) жанына қайыр сұрап келген әлде біреуге бір үзім нан берді, ал жанына жақсы киінген, сырт пішіні келісті кісі келгенде оны құрметтеп жайғастырды, сөйтіп ол ас-ауқат ішті. Одан мұныңыз қалай деп сұрағанда, ол (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Адамдарға өз деңгейіне қарай мәміле жасаңдар», – деп айтқан», – деп жауап береді. (Әлсіз хадис. Әбу Дәуіт: 4842).

Орысша аудармасы

Маймун ибн Абу Шабиб (да будет доволен им Аллах) передал, что однажды Аиша (да будет доволен ею Аллах) дала кусок хлеба человеку, пришедшему к ней просить милостыню. Когда же к ней пришёл хорошо одетый мужчина с представительной внешностью, она с почётом усадила его и накормила. Когда её спросили, почему она так поступила, Аиша (да будет доволен ею Аллах) ответила: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Обращайтесь с людьми сообразно их положению”» (Абу Дауд: 4842; слабый хадис).

358
Риядус-салихин, № 358Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاس، قَالَ: قَدِمَ عُيَيْنَةُ بنُ حِصْن، فَنَزَلَ عَلَى ابْنِ أخِيهِ الْحُرِّ بْنِ قَيسٍ، وَكَانَ مِنَ النَّفَرِ الَّذِينَ يُدْنِيهِمْ عُمرُ وَكَانَ الْقُرَّاءُ أَصْحَاب مَجْلِس عُمَرَ وَمُشاوَرَتِهِ، كُهُولًا كاَنُوا أَوْ شُبَّانًا، فَقَالَ عُيَيْنَةُ لابْنِ أخيهِ: يَا ابْنَ أخِى، لَكَ وَجْهٌ عِنْدَ هَذَا الْأمِيرِ، فَاسْتَأذِنْ لِى عَلَيْهِ، فاسْتَأذَن له، فَإِذِنَ لَهُ عُمَرُ فَلَمَّا دَخَلَ قَالَ: هِى يَا ابنَ الْخَطَّابِ، فَواللَّهِ مَا تُعْطِينَا الْجَزْلَ، وَلا تَحْكُمُ فِينَا بالعَدْلِ، فَغَضِبَ عُمَرُ حَتَّى هَمَّ أَنْ يُوقِعَ بِهِ، فَقَالَ لَهُ الْحُرُّ: يَا أميرَ الْمُؤْمِنِينَ، إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى قَالَ لِنَبِيِّهِ ﷺ: «خُذِ الْعَفْوَ وَأْمُرْ بِالْعُرْفِ وَأَعْرِضْ عَنِ الْجَاهِلِينَ» وَإِنَّ هَذَا مِنَ الْجَاهِلِينَ. واللَّهِ مَا جَاوَزَهاَ عُمَرُ حِينَ تَلَاهَا عليه، وكَانَ وَقَّافًا عِنْدَ كِتَابِ اللَّهِ تَعَالَى

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Бірде Уйәйна ибн Хисн Мәдинаға келіп, немере жиені әл-Хурр ибн Қайстың (р.а.) үйіне түседі. Қайс мұсылмандардың әміршісі Омардың (р.а.) жақын тартып жүретін адамдарының бірі еді. Негізінен, Омардың (р.а.) ақылдастар алқасы Алланың кітабын көп оқып, оның үкімдерін терең түсінген адамдардан тұратын. Олардың арасында жасы үлкені де, жасы кішілері де кездесетін. Уйәйна ибн Хисн (жас болса да сондай ғалымдардың бірі болған) немере жиені Қайсқа: «Айналайын, немере жиен! Сенің мұсылмандардың әміршісінің алдында едәуір беделің бар. Маған әміршімен жолығуға рұқсат алып бер», – деп өтінді. Қайс Омардан (р.а.) ағасын қабылдауын өтінгеде, Омар (р.а.) қарсы болмады. Уйәйна Омардың (р.а.) алдына келгенде, әй-шәй жоқ: «Әй Хаттабтың ұлы! Алланың атымен ант етейін! Бізге бергенің мардымсыз, сен бізді әділ басқарып отырған жоқсың», – деді. Мұны естіген Омар (р.а.) ашуға мініп, оны жазаламақшы болды. Сонда әл-Хурр Омарды сабырға шақырып: «Уа, мұсылмандардың әміршісі! Алла Тағала Пайғамбарына ﷺ: «Кешірімді бол. Жақсылыққа үнде, надандардың (сөзіне) көңіл аударма»1 – деп айтпап па еді? Бұл да сол надандардың бірі ғой», – деді. Алланың атымен ант етейін! әл-Хурр осы аятты оқығанда, Омар (р.а.) бірден Құранның бұйрығына тоқтап, ашуын ақылына жеңдіре білді. Шынымен де Омар (р.а.) Алланың кітабының алдында сөзге келмей дер кезінде тоқтай білетін сондай мәрт адам еді», – деген (Бұхари: 4642).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен ими обоими Аллах) рассказал: «Однажды Уяйна ибн Хисн приехал в Медину и остановился у своего племянника аль-Хурра ибн Кайса (да будет доволен им Аллах). Аль-Хурр принадлежал к числу людей, которых приближал к себе повелитель мусульман Умар (да будет доволен им Аллах). В совет Умара (да будет доволен им Аллах) входили люди, много читавшие Книгу Аллаха и глубоко понимавшие её установления; среди них были и старшие, и молодые. Уяйна ибн Хисн обратился к своему племяннику (который, несмотря на молодость, был одним из таких учёных): “Дорогой мой племянник! Ты пользуешься большим влиянием у повелителя мусульман. Попроси его разрешить мне встретиться с ним”. Когда аль-Хурр попросил Умара (да будет доволен им Аллах) принять его дядю, тот не возражал.

Представ перед Умаром (да будет доволен им Аллах), Уяйна без всяких предисловий заявил: “Эй, сын Хаттаба! Клянусь Аллахом, ты даёшь нам слишком мало и правишь нами несправедливо!” Услышав это, Умар (да будет доволен им Аллах) разгневался и хотел наказать его. Тогда аль-Хурр призвал Умара к сдержанности и сказал: “О повелитель мусульман! Разве Аллах Всевышний не сказал Своему Пророку ﷺ: ‘Будь снисходителен. Призывай к добру и не обращай внимания на (слова) невежд’1? Ведь этот человек – один из тех невежд”.

Клянусь Аллахом! Как только аль-Хурр прочитал этот аят, Умар (да будет доволен им Аллах) тотчас подчинился велению Корана и сумел обуздать свой гнев, позволив разуму взять верх. Воистину, Умар (да будет доволен им Аллах) был столь благородным человеком, что не перечил Книге Аллаха и умел вовремя остановиться перед её велением» (Аль-Бухари: 4642).

  1. 1«Ағраф» сүресі, 199-аят
  1. 1Сура «А‘раф», аят 199.
359
Риядус-салихин, № 359

عَنْ أَبِى سعيد سَمُرة بْنِ جُندب قَالَ: لقد كنت عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ غُلَامًا، فَكُنْتُ أحْفَظُ عَنْهُ، فَمَا يَمْنَعُنِى مِنَ الْقَوْلِ إِلَّا أَنَّ هَاهُنَا رِجَالًا هُمْ أسَنُّ مِنِّي

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид Сәмура ибн Жундуб (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ көзі тірісінде мен жас бала едім, ол кісінің айтқан сөздерін толық жаттап алатынмын. Бұл күнде мені хадистерді айтып жеткізуден, өзімнен жасы үлкен сахабалардың мұнда болғандығы ғана тоқтатуда», – деген (Бұхари: 332;Муслим: 2237; Ахмад: 20213).

Орысша аудармасы

Абу Саид Самура ибн Джундуб (да будет доволен им Аллах) сказал: «При жизни Посланника Аллаха ﷺ я был ещё ребёнком и в точности запоминал всё, что он говорил. Теперь же от передачи хадисов меня удерживает лишь то, что здесь находятся сподвижники, которые старше меня» (Аль-Бухари: 332; Муслим: 2237; Ахмад: 20213).

360
Риядус-салихин, № 360Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا أكْرَمَ شَابٌّ شَيْخًا لِسِنِّهِ إِلَّا قَيَّضَ اللَّه لَهُ مَنْ يُكْرِمُهُ عِنْدَ سِنِّه»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбір жас адам қарт кісіге жасының үлкендігі үшін сый-құрмет көрсетсе, Алла оған сондай қартайған шағында өзін сыйлап, құрметтейтін адамды (ұрпақ) нәсіп етеді», – деп айтқан (Әлсіз хадис. Тирмизи: 2022).

Орысша аудармасы

Передают со слов Анаса (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Какой бы молодой человек ни оказал почтение пожилому человеку из уважения к его возрасту, Аллах дарует ему того (из его потомков), кто будет почитать и уважать его самого, когда он достигнет старости» (Ат-Тирмизи: 2022; слабый хадис).