Хадис

Риядус-салихин, № 358

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
44. Үлкендерге, ғалымдарға, ізгі жандарға сый-құрмет көрсету жайында
Нөмірі
№ 358 (қазақша басылым реті)
358
Риядус-салихин, № 358Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاس، قَالَ: قَدِمَ عُيَيْنَةُ بنُ حِصْن، فَنَزَلَ عَلَى ابْنِ أخِيهِ الْحُرِّ بْنِ قَيسٍ، وَكَانَ مِنَ النَّفَرِ الَّذِينَ يُدْنِيهِمْ عُمرُ وَكَانَ الْقُرَّاءُ أَصْحَاب مَجْلِس عُمَرَ وَمُشاوَرَتِهِ، كُهُولًا كاَنُوا أَوْ شُبَّانًا، فَقَالَ عُيَيْنَةُ لابْنِ أخيهِ: يَا ابْنَ أخِى، لَكَ وَجْهٌ عِنْدَ هَذَا الْأمِيرِ، فَاسْتَأذِنْ لِى عَلَيْهِ، فاسْتَأذَن له، فَإِذِنَ لَهُ عُمَرُ فَلَمَّا دَخَلَ قَالَ: هِى يَا ابنَ الْخَطَّابِ، فَواللَّهِ مَا تُعْطِينَا الْجَزْلَ، وَلا تَحْكُمُ فِينَا بالعَدْلِ، فَغَضِبَ عُمَرُ حَتَّى هَمَّ أَنْ يُوقِعَ بِهِ، فَقَالَ لَهُ الْحُرُّ: يَا أميرَ الْمُؤْمِنِينَ، إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى قَالَ لِنَبِيِّهِ ﷺ: «خُذِ الْعَفْوَ وَأْمُرْ بِالْعُرْفِ وَأَعْرِضْ عَنِ الْجَاهِلِينَ» وَإِنَّ هَذَا مِنَ الْجَاهِلِينَ. واللَّهِ مَا جَاوَزَهاَ عُمَرُ حِينَ تَلَاهَا عليه، وكَانَ وَقَّافًا عِنْدَ كِتَابِ اللَّهِ تَعَالَى

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Бірде Уйәйна ибн Хисн Мәдинаға келіп, немере жиені әл-Хурр ибн Қайстың (р.а.) үйіне түседі. Қайс мұсылмандардың әміршісі Омардың (р.а.) жақын тартып жүретін адамдарының бірі еді. Негізінен, Омардың (р.а.) ақылдастар алқасы Алланың кітабын көп оқып, оның үкімдерін терең түсінген адамдардан тұратын. Олардың арасында жасы үлкені де, жасы кішілері де кездесетін. Уйәйна ибн Хисн (жас болса да сондай ғалымдардың бірі болған) немере жиені Қайсқа: «Айналайын, немере жиен! Сенің мұсылмандардың әміршісінің алдында едәуір беделің бар. Маған әміршімен жолығуға рұқсат алып бер», – деп өтінді. Қайс Омардан (р.а.) ағасын қабылдауын өтінгеде, Омар (р.а.) қарсы болмады. Уйәйна Омардың (р.а.) алдына келгенде, әй-шәй жоқ: «Әй Хаттабтың ұлы! Алланың атымен ант етейін! Бізге бергенің мардымсыз, сен бізді әділ басқарып отырған жоқсың», – деді. Мұны естіген Омар (р.а.) ашуға мініп, оны жазаламақшы болды. Сонда әл-Хурр Омарды сабырға шақырып: «Уа, мұсылмандардың әміршісі! Алла Тағала Пайғамбарына ﷺ: «Кешірімді бол. Жақсылыққа үнде, надандардың (сөзіне) көңіл аударма»1 – деп айтпап па еді? Бұл да сол надандардың бірі ғой», – деді. Алланың атымен ант етейін! әл-Хурр осы аятты оқығанда, Омар (р.а.) бірден Құранның бұйрығына тоқтап, ашуын ақылына жеңдіре білді. Шынымен де Омар (р.а.) Алланың кітабының алдында сөзге келмей дер кезінде тоқтай білетін сондай мәрт адам еді», – деген (Бұхари: 4642).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен ими обоими Аллах) рассказал: «Однажды Уяйна ибн Хисн приехал в Медину и остановился у своего племянника аль-Хурра ибн Кайса (да будет доволен им Аллах). Аль-Хурр принадлежал к числу людей, которых приближал к себе повелитель мусульман Умар (да будет доволен им Аллах). В совет Умара (да будет доволен им Аллах) входили люди, много читавшие Книгу Аллаха и глубоко понимавшие её установления; среди них были и старшие, и молодые. Уяйна ибн Хисн обратился к своему племяннику (который, несмотря на молодость, был одним из таких учёных): “Дорогой мой племянник! Ты пользуешься большим влиянием у повелителя мусульман. Попроси его разрешить мне встретиться с ним”. Когда аль-Хурр попросил Умара (да будет доволен им Аллах) принять его дядю, тот не возражал.

Представ перед Умаром (да будет доволен им Аллах), Уяйна без всяких предисловий заявил: “Эй, сын Хаттаба! Клянусь Аллахом, ты даёшь нам слишком мало и правишь нами несправедливо!” Услышав это, Умар (да будет доволен им Аллах) разгневался и хотел наказать его. Тогда аль-Хурр призвал Умара к сдержанности и сказал: “О повелитель мусульман! Разве Аллах Всевышний не сказал Своему Пророку ﷺ: ‘Будь снисходителен. Призывай к добру и не обращай внимания на (слова) невежд’1? Ведь этот человек – один из тех невежд”.

Клянусь Аллахом! Как только аль-Хурр прочитал этот аят, Умар (да будет доволен им Аллах) тотчас подчинился велению Корана и сумел обуздать свой гнев, позволив разуму взять верх. Воистину, Умар (да будет доволен им Аллах) был столь благородным человеком, что не перечил Книге Аллаха и умел вовремя остановиться перед её велением» (Аль-Бухари: 4642).

  1. 1«Ағраф» сүресі, 199-аят
  1. 1Сура «А‘раф», аят 199.