عَنْ أَبِى يَحيَى، وقيل: أَبِى محمد سهلِ بْنِ أَبِى حَثْمة – بفتح الْحاءِ الْمهملة وإِسكان الثاءِ الْمثلثةِ – الْأنصارِى، قَالَ: انطَلَقَ عَبْدُ اللَّهِ بنُ سهْلٍ وَمُحَيِّصَة بْنِ مَسْعُود إِلَى خَيْبَرَ وَهِيَ يَوْمَئِذٍ صُلْحٌ، فَتَفَرَّقَا، فَأتَى مُحَيِّصَةُ إِلَى عَبْدِ اللَّهِ ِ ابنِ سهل وَهُوَ يَتشَحَّطُ»«في دَمِهِ قَتِيلًا، فَدَفَنَهُ، ثُمَّ قَدِمَ الْمَدِينَةَ فَانْطَلَقَ عَبْدُ الرحمان ابنُ سهل وَمُحَيِّصَةُ وحوَيِّصَةُ ابْنَا مَسْعُودٍ إِلَى النَّبِيّ ﷺ، فَذَهَبَ عَبْدُ الرحمان يَتَكَلَّمُ، فَقَالَ: «كَبِّرْ كَبِّرْ» وَهُوَ أحْدَثُ الْقَوم، فَسَكَتَ، فَتَكَلَّمَا، فَقَالَ: «أتَحْلِفُونَ وتَسْتَحِقُّونَ قَاتِلَكُمْ؟ …» وذكر تمام الْحَدِيث
Әбу Яхия (Әбу Мұхаммед деп те айтылады) Сәһл ибн Әбу Хасма әл-Ансари (р.а.): «Бірде Абдуллаһ ибн Сәһл мен Мухайиса ибн Масғуд (сол күндері мұсылмандармен бейбіт келісімде болған) Хайбарға аттанған еді. Содан екеуі (Хайбарға жеткен соң әрбірі өз шаруасымен) екі жаққа кетеді. Біраз уақыттан соң Мухайиса (өз шаруасын бітіріп) Абдуллаһ ибн Сәһлге келсе, ол қан-жоса болған күйде тыпырлап өлім аузында жатыр екен. Содан оны сол жақта жерлеген соң Мәдинаға келеді. Содан марқұмның туған бауыры Абдуррахман ибн Сәһл, Масғудтың екі ұлы Мухайиса мен Хуаийса үшеуі бірге Пайғамбарымызға ﷺ келеді. Абдуррахман (бауырына қатысты болған жайды) айта бастағанда Алла елшісі оған: «Үлкенге сөз бер, үлкенге сөз бер», – деп (онымен бірге келген жасы үлкен Мухайиса мен Хуайисаны меңзейді), өйткені үшеуінің ішіндегі ең кішісі сол еді. Сонда ол үндемей қалды, жасы үлкен екі туысы мән-жайды баяндады. Пайғамбарымыз: «(Елу рет) ант ішесіңдер ме, сөйтіп мерт болған бауырларыңның қанын даулайсыңдар ма?» – деді», – деп хадисті толық жеткізген (Бұхари: 3173; Муслим: 4342; Ахмад: 16091.
Абу Яхья (его также называют Абу Мухаммадом) Сахль ибн Абу Хасма аль-Ансари (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды Абдуллах ибн Сахль и Мухайиса ибн Масуд отправились в Хайбар (с жителями которого в те дни у мусульман действовал мирный договор). Прибыв туда, они разошлись в разные стороны (каждый по своим делам). Через некоторое время Мухайиса (закончив свои дела) пришёл к Абдуллаху ибн Сахлю и увидел, что тот убит и лежит весь в крови. Тогда он похоронил его там же и вернулся в Медину. После этого родной брат погибшего Абдуррахман ибн Сахль, а также сыновья Масуда – Мухайиса и Хуайиса – втроём пришли к Пророку ﷺ. Когда Абдуррахман начал рассказывать (о том, что произошло с его братом), Посланник Аллаха сказал ему: “Пусть говорит старший, пусть говорит старший”, – имея в виду пришедших вместе с ним Мухайису и Хуайису, которые были старше его, поскольку сам Абдуррахман был самым младшим из троих. Тогда он замолчал, а двое его старших родственников изложили обстоятельства произошедшего. Пророк ﷺ спросил: “Готовы ли вы поклясться (пятьдесят раз), чтобы потребовать возмещения за кровь вашего погибшего брата?”» После этого Сахль ибн Абу Хасма передал хадис полностью. (Аль-Бухари: 3173; Муслим: 4342; Ахмад: 16091).