Хадис

Риядус-салихин, № 382

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
46. Алла үшін жақсы көру және соған құлшындыру
Нөмірі
№ 382 (қазақша басылым реті)
382
Риядус-салихин, № 382Риуаят етуші: Мұғаз (р.а.)

عَنْ معاذ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «قَالَ اللَّهُ تَعَالَى: الْمُتَحَابُّونَ فِى جَلالِى، لَهُمْ مَنَابِرُ مِنْ نُورٍ يَغْبِطُهُمُ النَّبِيُّونَ وَالشُّهَدَاءُ»

Қазақша аудармасы

Мұғаз (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Құдіреті күшті ұлы Алла: «Менің разылығым мен ұлылығымның құрметі үшін бір-бірін жақсы көрген жандар үшін (қиямет күні) нұрдан мінберлер болады. Оларға тіпті пайғамбарлар мен шейіттер де қатты қызығатын болады», – деп айтты», – дегенін естідім», – деген. (Тирмизи: 2390)

Орысша аудармасы

Муаз (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ передал слова Всемогущего и Великого Аллаха: “Для тех, кто любит друг друга ради Моего довольства и из почтения к Моему величию, будут (в День воскресения) минбары из света. Даже пророки и шахиды станут завидовать им”» (Ат-Тирмизи: 2390).