وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِذَا أَحَبَّ اللَّهُ تَعَالَى الْعَبْدَ، نَادَى جِبْرِيلَ: إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى يُحِبُّ فُلَانًا، فَأَحْبِبْهُ، فَيُحِبُّهُ جِبْرِيلُ، فَيُنَادِى فِى أَهْلِ السَّمَاءِ: إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ فُلَانًا، فَأحِبُّوهُ، فَيُحِبُّهُ أَهْلُ السَّمَاءِ، ثُمَّ يُوضَعُ لَهُ الْقَبُولُ فِى الْأَرْضِ» مُتَّفَقٌ عليه. وَفِى رِوَايَة لمسلم: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى إِذا أحب عَبْدًا دعا جبرِيلَ، فَقَالَ: إِنِّى أُحِبُّ فُلَانًا فأحببهُ، فيحبُّهُ جِبْرِيلُ، ثمَّ ينادي فِى السماءِ، فيَقُولُ: إِنَّ اللَّهَ يحبُّ فُلَانًا فأحبوهُ، فيحبُّهُ أَهْلُ السماءِ، ثمَّ يوضعُ لهُ الْقبولُ فِى الْأَرْضِ، وَإِذَا أبْغَضَ عَبْدًا دَعَا جِبْرِيلَ، فَيَقُولُ: إِنِّى أُبْغِضُ فُلَانًا فَأبْغِضْهُ. فَيُبغِضُهُ جِبْرِيلُ ثُمَّ يُنَادِى فِى أَهْلِ السَّمَاءِ: إِنَّ اللَّهَ يُبْغِضُ فُلَانًا فَأبْغِضُوهُ، ثُمَّ تُوضَعُ لَهُ الْبَغْضَاءُ فِى الْأَرْضِ»
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Алла Тағала бір пендесін жақсы көрсе, Жәбірейіл періштені шақырып: «Мен пәленше деген пендемді жақсы көремін, сен де оны жақсы көр», – деп бұйырады. Жәбірейіл періште бұл бұйрыққа бірден бойсұнып, Алланың жақсы көрген әлгі пендесін ол да жақсы көретін болады. Содан ол көктегілерге: «Алла Тағала пәленше деген пендесін жақсы көреді, сендер де оны жақсы көріңдер!» – деп жар салады. Мұны естіген көктегі періштелер де әлгі адамды жақсы көре бастайды. Сөйтіп, ол жер бетінде де (адамдардың) ілтипатына бөленеді. Сондай-ақ Хақ Тағала бір пендесін жек көрсе, Жәбірейіл періштені шақырып: «Мен пәленше деген пендемді жек көремін, сен де оны жек көретін бол», – деп бұйырады. Жәбірейіл періште бұл бұйрыққа дереу бойсұнып, әлгі адамды жек көретін болады. Сөйтіп, ол көктегілерге: «Алла Тағала пәленше деген пендесін жек көреді, сендер де оны жек көріңдер!» – деп жар салады. Содан бастап әлгі адам жер бетінде де (адамдарға) жеккөрінішті пендеге айналады», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 32090; Ахмад: 8500).
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Когда Аллах Всевышний любит кого-либо из Своих рабов, Он призывает ангела Джибрила и повелевает: “Я люблю такого-то из Моих рабов, полюби же и ты его”. Джибрил тотчас повинуется этому велению и тоже начинает любить того раба, которого возлюбил Аллах. Затем он возглашает обитателям небес: “Аллах Всевышний любит такого-то из Своих рабов, полюбите же и вы его!” Услышав это, небесные ангелы также начинают любить этого человека, и он удостаивается расположения (людей) и на земле.
Если же Аллах Всевышний возненавидит кого-либо из Своих рабов, Он призывает ангела Джибрила и повелевает: “Я ненавижу такого-то из Моих рабов, возненавидь же и ты его”. Джибрил тотчас повинуется этому велению и начинает ненавидеть этого человека. Затем он возглашает обитателям небес: “Аллах Всевышний ненавидит такого-то из Своих рабов, возненавидьте же и вы его!” С этого времени тот человек становится ненавистен (людям) и на земле» (Аль-Бухари: 32090; Ахмад: 8500).