Хадис

Риядус-салихин, № 419

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
51. Алланың мейірімінен үміт үзбеу
Нөмірі
№ 419 (қазақша басылым реті)
419
Риядус-салихин, № 419Риуаят етуші: Омар (р.а.)

عَنْ عمر بْنِ الْخطاب قَالَ: قدِم رَسُول اللَّهِ ﷺ بسَبْيٍ فَإِذَا امْرَأَةٌ مِنَ السَّبْيِ تَسْعَى، إِذْ وَجَدَتْ صَبيًا فِى السَّبْيِ أَخَذَتْهُ فَألْزَقَتهُ بِبَطْنِهَا فَأَرْضَعَتْهُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أتَرَوْنَ هَذِهِ الْمَرْأَةَ طَارِحَةً وَلَدَها فِى النَّارِ؟» قُلْنَا: لَا وَاللَّهِ. فَقَالَ: «لله أَرْحَمُ بِعِبَادِهِ مِنْ هَذِهِ بِوَلَدِهَا»

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.): «Бір күні Алла елшісінің ﷺ алдына бір топ тұтқын әкелінді. Олардың ішінде (бауыр еті баласынан ажырап, көкірегін сағыныш оты кернеген) әлдебір әйел ары да, бері де жүгіріп, көп тұтқынның ішінен бір сәбиді тауып алып, құшақтап бауырына басып, оны емізуге кірісті. Мұны көрген Расулалла бізге: «Қалай ойлайсыңдар, мына әйел бауыр еті баласын отқа тастай ма?» – деді. Біз: «Уаллаһи, тастамайды», – дедік. Сонда ол: «Шынында, Алланың құлдарына деген мейірімі мына әйелдің баласына деген мейірімінен әлдеқайда артық», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 5999; Муслим: 6978).

Орысша аудармасы

Умар ибн аль-Хаттаб (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды к Посланнику Аллаха ﷺ привели группу пленных. Среди них какая-то женщина (разлучённая со своим родным ребёнком и сгоравшая от тоски по нему) металась из стороны в сторону, пока не нашла среди множества пленных младенца. Она взяла его на руки, крепко прижала к груди и стала кормить. Увидев это, Посланник Аллаха ﷺ спросил нас: “Как вы думаете, бросит ли эта женщина в огонь своё родное дитя?” Мы ответили: “Клянёмся Аллахом, не бросит”. Тогда он сказал: “Поистине, милосердие Аллаха к Своим рабам несравненно превосходит милосердие этой женщины к своему ребёнку”» (Аль-Бухари: 5999; Муслим: 6978).