Хадис

Риядус-салихин, № 427

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
51. Алланың мейірімінен үміт үзбеу
Нөмірі
№ 427 (қазақша басылым реті)
427
Риядус-салихин, № 427Риуаят етуші: Мұғаз (р.а.)

عَنْ معاذ بْنِ جبل قَالَ: كُنْتُ رِدْفَ النَّبِيِّ ﷺ عَلَى حِمَارٍ، فَقَالَ: «يَا مُعَاذُ، هَلْ تَدْرِى مَا حَقُّ اللَّه عَلَى عِبَادِهِ؟ وَمَا حَقُّ الْعِبَادِ عَلَى اللَّه؟» قُلْتُ: اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ. قَالَ: «فَإِنَّ حَقَّ اللَّهِ عَلَى الْعِبَادِ أَنْ يَعْبُدُوهُ، وَلَا يُشْرِكُوا بِهِ شَيْئًا، وَحَقَّ الْعِبَادِ عَلَى اللَّهِ أَنْ لَا يُعَذِّبَ مَنْ لَا يُشْرِكُ بِهِ شَيْئًا» فَقُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أفَلا أُبَشِّرُ النَّاسَ؟ قَالَ: «لَا تُبَشِّرْهُمْ فَيَتَّكِلُوا»

Қазақша аудармасы

Мұғаз ибн Жәбәл (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызбен ﷺ бірге есекке мінгесіп келе жатқан едім. Сонда ол: «Уа, Мұғаз! Алланың пенделеріндегі ақысы мен пенделердің Алладағы хақысын білесің бе?» – деп сұрады. Мен: «Алла және елшісі бәрінен жақсы білуші!» – дегенімде ол: «Расында, Алланың пенделеріндегі ақысы – олардың Оған еш нәрсені серік етіп қоспай құлшылық қылуы. Ал пенделердің Алладағы хақысы – Өзіне еш нәрсені серік етіп қоспаған жанды азаптамауы», – деп айтты. (Осынау қуанышты хабарды естігенде) мен: «Уа, Расулалла! Осыны адамдарға жеткізіп, оларды сүйіншілесем бола ма?» – дегенімде ол: «Жоқ сүйіншілеме, өйткені олар соған иек артып, босаңсып кетеді», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 2856; Муслим: 144; Ахмад: 12606)

Орысша аудармасы

Муаз ибн Джабаль (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды мы с Пророком ﷺ ехали вдвоём на одном осле. Он спросил меня: “О Муаз! Знаешь ли ты, каково право Аллаха над Его рабами и каково право рабов перед Аллахом?” Я ответил: “Аллах и Его Посланник знают лучше”. Тогда он сказал: “Поистине, право Аллаха над Его рабами состоит в том, чтобы они поклонялись Ему, ничего не приобщая к Нему в сотоварищи. А право рабов перед Аллахом состоит в том, чтобы Он не подвергал мучениям того, кто ничего не приобщал к Нему в сотоварищи”. Услышав эту радостную весть, я спросил: “О Посланник Аллаха! Можно ли мне сообщить об этом людям и обрадовать их?” Он ответил: “Нет, не сообщай им этой радостной вести, иначе они станут полагаться на неё и проявят нерадение”» (Аль-Бухари: 2856; Муслим: 144; Ахмад: 12606).