Хадис

Риядус-салихин, № 429

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
51. Алланың мейірімінен үміт үзбеу
Нөмірі
№ 429 (қазақша басылым реті)
429
Риядус-салихин, № 429Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الْكَافِرَ إِذَا عَمِلَ حَسَنَةً، أُطعِمَ بِهَا طُعْمَةً مِنَ الدُّنْيَا، وَأَمَّا الْمُؤْمِنُ فَإِنَّ اللَّهَ تَعَالَى يَدَّخِرُ لَهُ حَسَنَاتِهِ فِى الْآخِرَةِ، وَيُعْقِبُهُ رِزْقًا فِى الدُّنْيَا عَلَى طَاعَتِهِ».

وَفِى رِوَايَة: «إِنَّ اللَّهَ لَا يَظْلِمُ مُؤْمِنًا حَسنَةً يُعْطَى بِهَا فِى الدُّنْيَا، وَيُجْزَى بِهَا فِى الْآخِرَةِ. وَأَمَّا الْكَافِرُ فَيُطْعَمُ بِحَسَنَاتِ مَا عَمِلَ لِلَّهِ تَعَالَى فِى الدُّنْيَا، حَتَّى إِذَا أفْضَى إِلَى الآخرَةِ، لَمْ يَكُنْ لَهُ حَسَنَةٌ يُجْزَى بِهَا»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Расында, кәпір қандай да бір жақсылық жасаса, оның зейнетін осы дүниеде көреді. Ал мүміннің жасаған жақсылықтарынан болған сауаптарын Алла Тағала ақыретке сақтайды. Әрі осы дүниеде де жасаған құлшылықтары үшін ризық-несібесін береді», – деп айтты» – делінген. Әсілі, кәпір адам қандай да бір жақсылық жасаса, оған дүниелік несібе беріледі, ал мүмінге келсек, Алла оның жақсылықтарын ақыретке сақтайды, артынша мойынсұнғаны үшін осы дүниеде де ризық-несібесін береді.

Осыған ұқсас басқа бір риуаятта: «Шынында, Алла мүміннің ешбір жақсылығына әділетсіздік жасамайды. Оған бұл дүниеде жасаған жақсылығының қарымы беріледі, ақыретте де соның қарымын алады. Ал кәпірге келсек, ол Алла Тағала үшін (яғни, риясыз, шын көңілден жасаған жақсылығы үшін) істеген жақсылықтарының жемісін бұл дүниеде жейді. Ал ақыретке барғанында, оған қарымы берілетіндей ешқандай жақсылығы/сауабы болмайды», – деп келген. (Муслим: 7089; Ахмад: 12264)

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, если неверующий совершит какое-либо доброе дело, он увидит его плоды в этом мире. Что же касается верующего, то Аллах Всевышний сохраняет награду за совершённые им добрые дела для Последней жизни, а за его поклонение дарует ему удел и в этом мире».

Смысл этих слов таков: если неверующий совершает какое-либо добро, ему даруется мирской удел; что же касается верующего, Аллах сохраняет его добрые дела для Последней жизни, а затем за проявленную им покорность дарует ему удел и в этом мире.

В другом похожем сообщении говорится: «Поистине, Аллах не поступает несправедливо с верующим ни в отношении одного его доброго дела: воздаяние за совершённое добро он получает в этом мире и получит в Последней жизни. Что же касается неверующего, то в этом мире он вкушает плоды добрых дел, совершённых им ради Аллаха Всевышнего (то есть не напоказ, а искренне, от чистого сердца). Когда же он окажется в Последней жизни, у него не останется ни одного доброго дела, за которое ему полагалось бы воздаяние» (Муслим: 7089; Ахмад: 12264).