Хадис

Риядус-салихин, № 432

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
51. Алланың мейірімінен үміт үзбеу
Нөмірі
№ 432 (қазақша басылым реті)
432
Риядус-салихин, № 432Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: كُنَّا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِى قُبَّة نَحْوًَا مِنْ أربَعِينَ، فَقَالَ: «أتَرْضَوْنَ أَنْ تَكُونُوا رُبُعَ أَهْلِ الْجَنَّةِ؟» قُلْنَا: نَعَمْ. قَالَ: «أتَرْضَوْنَ أَنْ تَكُونُوا ثُلُثَ أَهْلِ الْجَنَّةِ؟» قُلْنَا: نَعَمْ، قَالَ: «وَالَّذِى نَفْسُ مُحَمّدٍ بيَدِهِ، إِنِّى لأَرْجُو أَنْ تَكُونُوا نِصْفَ أَهْلِ الْجَنَّةِ وذَلِكَ أَنَّ الْجنَّةَ لَا يَدْخُلُهَا إِلَّا نَفْسٌ مُسْلِمَةٌ، وَمَا أَنْتُمْ فِى أَهْلِ الشِّركِ إِلَّا كَالشَّعْرَةِ الْبَيْضَاءِ فِى جلدِ الثَّورِ الْأَسْوَدِ، أَوْ كَالشَّعْرَةِ السَّودَاءِ فِى جلدِ الثَّورِ الْأحْمَر»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.): «Бірде шамамен қырық кісі болып Алла елшісімен бір шатырда отырғанымызда, ол ﷺ: «Жаннат жұртының төрттен бірі болуды қалайсыңдар ма?» – деді. Біз: «Иә», – дегенімізде, ол: «Жаннат жұртының үштен бірі болуды қалайсыңдар ма?» – деді. Біз тағы да: «Иә!» – дедік. Сонда Алла елшісі: «Мұхаммедтің жаны қолында болған Аллаға серт! Сендер жаннат жұртының тең жартысы боласыңдар деп үміттенемін! Өйткені жұмаққа тек (Аллаға) қалтқысыз бойсұнған жан ғана кіреді. Ал сендер мүшріктер арасында бейне бір қара өгіздің терісіндегі бір тал ақ қылшық немесе қызыл өгіздің терісіндегі бір тал қара қылшық іспеттісіңдер», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 530; Муслим: 4328)

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды около сорока человек из нас сидели вместе с Посланником Аллаха ﷺ под одним шатром. Он спросил: “Хотели бы вы составить четверть обитателей рая?” Мы ответили: “Да”. Тогда он спросил: “А хотели бы вы составить треть обитателей рая?” Мы вновь ответили: “Да!” Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Клянусь Аллахом, в Чьей длани душа Мухаммада! Я надеюсь, что вы составите ровно половину обитателей рая! Ведь в рай войдёт лишь человек, всецело покорившийся (Аллаху). А среди многобожников вы подобны одному белому волоску на шкуре чёрного быка или одному чёрному волоску на шкуре красного быка”» (Аль-Бухари: 530; Муслим: 4328).