Хадис

Риядус-салихин, № 440

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
51. Алланың мейірімінен үміт үзбеу
Нөмірі
№ 440 (қазақша басылым реті)
440
Риядус-салихин, № 440Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِى مُوسَى الْأشعرِى عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِذَا أَرَادَ اللَّهُ تَعَالَى رَحمةَ أُمَّةٍ، قَبَضَ نَبِيَّهَا قَبْلَها، فَجعلهُ لَهَا فَرطًا وسلَفًا بَيْنَ يَدَيْهَا، وإِذَا أَرَادَ هَلَكَةَ أُمَّةٍ، عَذَّبَهَا وَنَبِيُّهَا حَيٌّ، فَأَهْلكَها وَهُوَ حيٌّ يَنظُرُ، فَأقرّ عَينَهُ بهلاكِها حِينَ كَذَّبُوهُ وَعَصَوا أمْرَهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Егер Алла Тағала бір үмбетті рақымына бөлеуді қаласа, сол үмбеттің пайғамбарын өздерінен бұрын алып, оны үмбеті үшін «жолкөзер»1 һәм олардың алдында өткен өнеге2 қылады. Ал егер Ол қайсыбір үмбеттің құрығанын қаласа, оларды пайғамбарларының көзі тірісінде азаптап, оның көз алдында жойып жібереді. Осылайша өзін өтірікші санап, әміріне бойсұнбаған үмбетін жою арқылы әлгі пайғамбарды қуантады», – деген. (Муслим: 5965)

Орысша аудармасы

Абу Муса аль-Ашари (да будет доволен им Аллах) передавал, что Пророк ﷺ сказал: «Если Аллах Всевышний пожелает окружить какую-либо общину Своей милостью, Он заберёт пророка этой общины из земной жизни прежде её членов и сделает его для неё “предтечей”1 и предшественником, служащим ей примером2. Если же Он пожелает погубить какую-либо общину, то подвергнет её наказанию при жизни её пророка и уничтожит у него на глазах. Тем самым Он обрадует этого пророка гибелью общины, которая считала его лжецом и не повиновалась его велению» (Муслим: 5965).

  1. 1Мұнда пайғамбар бейне бір керуен тартқан жолаушылардан бұрын межелі жерге келіп, оларға демалатын орын дайындап, жуынатын және ішетін суын реттейтін адамға ұқсатылуда.
  2. 2Яғни, пайғамбар өз үмбетінің алдында бақиға аттанып, үмбеті үшін алда өткен өнеге болады.
  1. 1Здесь пророк уподобляется человеку, который прибывает к месту назначения раньше каравана, готовит для путников место отдыха, воду для омовения и питья.
  2. 2То есть пророк уходит в вечность прежде своей общины, оставляя ей пример для подражания.